Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Құқық бұзушылық және жасөспірім

Тақырыбы: «Құқық бұзушылық және жасөспірім»
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Көрнекілік: Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар, қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, тірек сызбалары.
Тәрбиелік шараның жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Халық даналығы. Мақал - мәтелдер мағынасын ашу.
ІІІ. Сұрақ - жауап. Пікірталас.
IV. Ойлан тап.
V. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс - әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс - әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым - қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез - құлқы арқылы байқалады. Адамның ой - желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс - әрекет, мінез - құлық, ойдың, сана - сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс - әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. — Әрекет — бұл құқық нормаларының іс - қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс - қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
ІІ. Мақал - мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
1.«Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, қырсығын әкесінен іздейді.»
2. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.»
3. «Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.»
4. «Жақсы бала сүйініш, жаман бала күйініш.»
5. «Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Заңның құрығы, бәрінен ұзын.
8. Ұрлық түбі, қорлық.
9. Өтірікшінің құрығы, бір – ақ тұтам.
10. Тура биде, туған жоқ.
11. Туғанды биде, иман жоқ.
12. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
13. Тек жүрсең, тоқ жүресің.
14. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
ІІІ. Сұрақ - жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары борйынша сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)
1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т. б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не?
Бостандық – бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді?
Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? - Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
IV. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.)
1. Құқық ----------------------------------------- А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция --------------------------------- Б – Мемлекет басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------ В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық ------------------------- Д – Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------ Е – Заң шығарушы орган
7. Парламент ----------------------------------- Ж – Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік -------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1 - Д, 2 - А, 3 - В, 4 - З, 5 - Ж, 6 - Б, 7 - Е, 8 - Г
V. Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Біз өз құқығымызды білеміз бе?

Біз өз құқығымызды білеміз бе?

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Акубаева Мадина Аубакировна...
Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің информатика пән мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы...
Мен және менің құқығым

Мен және менің құқығым

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы №100 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердишева Жадыра Молыбекқызы Тақырыбы: Мен және менің...
Өз құқығыңды білесің бе

Өз құқығыңды білесің бе

Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе? Сабақтың мақсаты: Білімділік: Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық...
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер

Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер

Құқықтық тәрбиенің жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Қанатты сөздер, мақал-...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету