Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан

Тәрбие сағаты
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
1. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, бейнефильм
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу оқушы назарын сабаққа аудару Сәлемдесу
Сабақтың тақырыбы:
«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»
Сабақтың мақсаты:
1. Тәуелсіздік күні туралы мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушылар өздері қалаған орынға отырады Нақыл сөздер, суреттер
Жаңа сабақ.
Тақырып бойынша жұмыс. Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздік күні құтты болсын. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын. Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық 1. Қанды қырғын - қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар - намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан.
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті күшті қарудың.
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.
Арманы алда, сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіндеп,
Келе жатты жігіттер.
Жасамай ездік босқа айбат,
Намысымен от шайнап.
Халық үшін бас байлап,
Жанып та кетті жас Қайрат.
Қанды қырғын от өрген,
Жарқылдады ақыл - ой.
Бәрін соның көтерген,
Біздің халық батыр ғой!

2. Мұхтар Шахановтың ”Төрт жыл кешіккен шындық ” – өлеңі.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
3. Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
Эссе жазу «Ұлы қазақ - даласы»

Қазақ елім бейнетаспа тамашалау
Қорытынды Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Хор:
Өзіңдікі туыңда
Отпен ауа, суыңда
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буында. Екі жұлдыз, бір тілек.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Төле би атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Тойбаева Г. Б.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×