Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушыларға күнделікті қойылуы тиіс сұрақтар

Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі
Рүстемова Гүлмира

Оқушы міндеттері мен тапсырмалары:
1. Оқуың туралы не айтасың?
2. Тәртібің туралы ойланасың ба?
3. Тазалық сақтайсың ба?
4. Сабақты ынта қойып тыңдайсың ба?
5. Үйірмеге қатысасың ба, қатыссаң не үйреніп жүрсің?
6. Қоғамдық жұмысқа қатысуың қалай?
7. Әдеби кітап оқисың ба?
8. Газет-журналға жазылдың ба? Жазылсаң тиянақтап оқисың ба?
9. Қоғамдық жұмысқа керекті шаруашылық құралын үзбей әкелесің бе?
10. Ой-өрісіңді дамыту үшін шахмат үйрен.
11. Мықты, шымыр, сергек болу үшін спортпен шұғылдан.Ерте тұруды және жүгіруді әдетке айналдыр.
12. Сынып бөлмесіндегі өзіңе тиесілі гүлді уақытылы күт.
13. Кітабыңды, дәптеріңді қаптап, күтіп ұстап жүрсің ба?
14. Кезекшілік міндетіңді атқарар кезіңде сүрткін тіккін.
15. Сабақтан себепсіз қаласың ба?
16. «Нағыз жігіт», «нағыз қазақ қызы» болуды алдыңа мақсат ет.
17. Жіберген қателігіңді және кемшілігіңді түзеуге тырыс.
18. Қандай мамандық иесі болғың келеді? Осы күннен бастап алдыңа қойған мақсатыңа жету үшін дайындал.
19. Достықты қалай бағалайсың?
20. «Ауылыңның жастарын көрсет, еліңнің болашағын айтып берейін» дейді екен дана қариялар. Ендеше өз әке-шешеңді, ата-бабаңды, өсіп - өнген атамекеніңді қастерлеуге, құрметтеуге тиіссің, табиғат сырын терең ұғынуға, өзіңнің болашақты жалғастырар ұрпақ екеніңді сезініп, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауын орындауға атсалысуың керек.
Ол үшін жақсы оқы.

Мен саған сенемін...................................................
Осы дәптердегі міндеттерді, тапсырмаларды орындай аласың. Оқу үздігі болуға да , үй іші жұмыстарына көмектесіп те, бәріне де үлгере аласың. Ол үшін өзіңе, тек қана өзіңе сенгін. Бәрі де өзіңе байланысты.
Әкеңнің сүйеніші бол
Анаңның қуанышы бол.
Халқың қадірлейтін
Мәртебелі кісісі бол!
Сенім білдіріп, өзіңнен үлкен үміт күтетін сынып жетекшің - РҮСТЕМОВА ГҮЛМИРА
Кері қайту
Ілмек сөздер: Оқушыларға жадынама
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстазға арнау

Ұстазға арнау

Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын Көңілдерін бірден жаулап аласың Анамдайсың көңілімді қимайтын Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың....
О, табиғат, өкпелімін өзіңе

О, табиғат, өкпелімін өзіңе

О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Арамсаққа жалтыратып сөз бердің. О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Қызғаншаққа жалтыратып көз бердің....
Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста!

Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста!

Адам баласы осынау жарық дүниеге шыр етіп келіп, көзін ашқаннан соң - ақ «өмір» атты алып әлемнің титтей бір бөлшегі болып саналады. Алғаш тәй - тәй...
Бауыржан Момышұлы:

Бауыржан Момышұлы: "Ұлыма айтарым"

1) Жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. 2) Қысқа, нұсқа сөйле. Дауысың анық болсын....
Сенім-менің серігім

Сенім-менің серігім

Шығыс қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы «Благодарное орта мектебі»КММ. Өзін-өзі тану мұғалімі: Саметекова Жанар Бейсенқызы....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×