Сайтқа кіру Тіркелу

Шаш күтімі

Сабақтың тақырыбы: Шаш күтімі
Сабақтың мақсаты: 1. Шаш құрылымы мен функциясы жөніндегі білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру, одан әрі таным деңгейін арттыру;
2. Шаш сәніне қойылатын талаптармен таныстыру. Шашты дұрыс жууға үйрету, шаш күтіміне арналған құрал - жабдықтарды қолдануды меңгерту.
3. Стилист кәсібімен, шаш күтімімен айналысатын мамандардың ұсыныс - кеңестерімен таныстыру. 4. Мұқияттылыққа, тазалық әдетіне, шыдамдылыққа, шашын күтіп ұстауға, эстетика ережелері мен өзін - өзі ұстау этикасын, адамгершілік ережелерін меңгеруге бағыт беріп тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: «шаш құрылымы», «Шаш сән түрлері», «Шаш сәні көмегімен бет пропорциясын коррекциялау».
Пәнаралық байланысты: Сурет, биология, тарих, қазақ тілі.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Бәйге. Үй тапсырмасын тексеру (жұптық)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. «Қос бұрым». Топтық жұмыс. Орташа деңгей
5. Шаш сәні. Топтық жұмыс. Жеткілікті деңгей
6. «Маржан қыз». Топтық жұмыс. Жоғары деңгей
а) Шаш сәнінің көмегі арқылы бет формасын коррекциялау
б) іскерлік тапсырма
7. Бекіту «Бұрымды қыз»
8. Үйге тапсырма
9. Бағалау

Жаңа сабақ: Түсіндіру
1. Шаштың құрылысы мен қызметі
Шаш - адам келбетіне келбет қосады. Адам өзіне бет бейнесіне мен шаш сәні үйлесім тауып, стиль бірлігін құрайтын бет бас формасы. Кемшіліктерін жасыратын шаш сәнін, шаш қою үлгісін табу керек. Жастығымызбен сұлулығымызды ұзақ уақыт сақтағымыз келсе, біз өзіміздің сырт келбетімізге ұдайы күтім жасауымыз керек.
Шаш - терінің мүйіз тәріздес өсіндісі. Әрбір түктің қан тамырларымен жүйке талшықтары жалғанған өзегімен түбірі (пиязшығы) болады.
Шаш түрлері: қалыпты, құрғақ, майлы болып 3 түрге бөлінеді.
Шаш күтіміне арналған құралдар
Жылтыр әдемі шаш әйелдің сәні ғана емес сонымен бірге оның денсаулығының көрсеткіші. Шашты тарақпен немесе щеткамен күн сайын тарау бас терісінің қан айналымын жақсартуға септігін тигізеді. Шаштың жақсы өсуіне жағдай жасайды. Шашты күн сайын тарауға, күтім жасауға щетка, тарақ, қысқыш, шаш түйреуіш, бигуди қажет.
Тарақтың - тістері селдір болу керек, ал тістерінің ұштары үшкір болмау керек.
Шаш сәні - қысқа және ұзын шаштар бұрым, бұрау, толқын, айырым сияқты элементтердің көмегімен сәнге келтіріледі.
Бұрым - белгілі бір реттілікпен өріліп ұшы резеңкемен немесе шаш тұтқышпен бекітілген шаш.
Бұрау - желкеге шоғырланып жиналып, шаш түйреуішпен бекітілген шаш.
Тұлым - бигуди, электр қысқыштың көмегімен түтікше етіп бұйраланған шаш.
Толқын – шаш сәнінің майда иірімдері бар бөліктері.
Айырым - бастың шашын екіге жарып бөлетін сызық
«Қос бұрым». Топтық жұмыс. Орташа деңгей
Түрлері --------- Қасиеттері ----- Күтімі
Қалыпты
Құрғақ
Майлы
Қажетті сөздер: түрі майланған, мықты иілімді, жіңішке көмескі түсті кірленіп тұрады. Оңай үзілетін тарамдалған 10 - 14 күнде 1 - рет. Аптасына 1 - рет емес құрғақ шашқа, 2 - рет жуу керек, арналған су сабынмен жуу
Шаш сәні. Топтық жұмыс. Жеткілікті деңгей
Шаш сәнін таңдау кезінде біз бет пішінін бас формасын, мүсін ерекшеліктерін жасымызды ескеруіміз керек.
Бет сопақша формалы болса, шаш сәнін таңдау қиындық келтірмейді.
Квадрат формалы бетке, ұзын толқынды немесе орташа ұзындықты бұйра.
Кең мандайлы және үшбұрышты формалы бетке ұзындығы орташа шаш жарасымды.
Толық бетке - ұзындығы орташа қысқа төгіліп жататын шаш жарасымды.
«Маржан қыз». Топтық жұмыс. Жоғары деңгей.
а) Шаш сәнінің көмегі арқылы бет формасын коррекциялау
б) Іскерлік тапсырма
Бекіту «Бұрымды қыз»
1. Қазақ қыздары бұрымына қандай әшекей таққан?
2. Қиылған шаш қалдықтарын қандай заттар жасайды?
3. Шаш - … белгісі!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×