Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғатты бағала, бар күшіңмен аяла!

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты бағала, бар күшіңмен аяла!
Мақсаты: Табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру. Қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.
Бағыты: Экологиялық тәрбие
Көрнекі құралдары: табиғат туралы сөздер, тақырыптық суреттер, бейнеролик, мақал - мәтелдер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, мақал - мәтелдер
Барысы:
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты 4 топқа бөлу:
1 - топ: «Ауа»
2 - топ: «Күн»
3 - топ: «Жер»
4 - топ: «Су»

II. Қызығушылықты ояту
Табиғат туралы бейнероликтің көмегімен тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не? Оларға нелер жатады?
Оқушылар: ауа, су, өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар...

Балалар, жан - жануар, гүл, құстар туралы мақал - мәтел айтып жарысайық
1. Жер – семіз, от - арық
2. Жаман өзен сай қуалай ағады.
3. Ағын суда арамдық жоқ
4. Алма ағашынан алыс түспейді
5. Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады.
6. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас
7. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса
8. Гүл қайда болса көбелек сонда
9. Гүл өссе елдің көркі, қыз өссе елдің көркі
10. Бір тал жұлсаң – он тал ек
11. Сиырдың сүті – тілінде
12. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
III. Мағынаны тану
Табиғаттың ластануы туралы көрсетілген видеоролик көмегімен өз өлкесінің табиғатымен байланыстыру

IV. Ой толғау
Берілген сұрақтарың көмегімен оқушылар өз өлкесінің табиғатын қорғау жолындағы ұсыныстарын айтады
- Біздің өлкеміз, Сайын Шапағатов ауылы табиғаты таза аймаққа жата ма?
- Осы жағдайлар өз өміріңізде кездесе ме?
- Алдағы уақытта бұлардан құтылуға бола ма?
- Өз ауылымызда осындай жағдайлардың алдын алуға жұмыстар жүргізіліп жатыр ма?
- Ауылымызды көріктендіру үшін қандай ұсыныстарың бар?
«Табиғат біздің қолымызда» ойыны
Гүл отырғызу
Гүл отырғызу арқылы біз де кішкене де болса өз үлесімізді қостық. Сыныптағы гүліміздің саны артты. Гүл көбейсе не көбейетін еді?

Балалар, табиғаттың маңызын білдік. Адамзат үшін табиғаттың орны ерекше, енді табиғатқа тілегімізді жазайықшы
«Тілек шамына» оқушылар өздерінің табиғатқа деген тілектерін жазып шығады
- күніміз сөнбесін!
- Суымыз тұнық болсын!
- Гүліміз жайқала берсін!
- Ауамыз таза болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Ұлан байтақ жеріміз көркейе берсін!
- Ауылымыз гүлдене берсін!
- Жасыл желектер, көшеттер көбейсін!

Қорытынды
Оқушылар табиғат туралы ұран сөзді айтып, сабақты қорытындылайды.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×