Сайтқа кіру Тіркелу

Егеменді - елдігіміз, тәуелсіздік - теңдігіміз

Тақырыбы: "Егеменді - елдігіміз, тәуелсіздік - теңдігіміз"

Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпаққа еліміздің қысқаша тарихын, мемлекеттік рәміздерін таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы түсінік бере отырып, тәуелсіздіктің жолын, мәні мен маңызын ұғындыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыздың асыл арманын ұғындыру, дүниетанымдарын кеңейту. Отансүйгіштікке, елжандылыққа, желтоқсан құрбандарын құрметтеуге, ерен ерліктерін мәңгілік дәріптеуге баулу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді - елдігіміз, тәуелсіздік - теңдігіміз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – теңдесі жоқ құндылығымыз, басты байлығымыз. Осы тәуелсіздік таңын ата - бабалар сан жылдар бойы аңсап, армандап, сан мыңдаған боздақтардың көз жасымен, қанымен жеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.

/Әнұран ойналады/

Тірек білімдерін жетілдіру:
Біздің еліміз, туған жеріміз қалай аталады?
Біздің еліміз қандай?
Біздің еліміздің президенті кім?
Ел рәміздерін білесіздер ме?
Тәуелсіздік күнін білеміз бе?
Тәуелсіздікке жету жолын білесіздер ме?

- Балалар, қазіргі таңда біз өркениетті, кемелденген, тәуелсіз, егеменді, өзге елдермен терезесі - тең, керегесі - кең өмір сүрудеміз. Ал осы тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді. Сан жылдар бойы ата - бабаларымыз өз алдына тәуелсіз ел болғанымызды армандады. Сонау тарихқа көз жүгіртсек, біздің еліміз алғашында – қазақ елі деп аталды. Сонау кезден бері еліміз бай, тарихы шежірелі, өзге жұрттың көзайымына айналып, жоңғар мен қалмақты таң қалдырған, қызықтырған болатын. Сол кезден - ақ олар қазақ жерін басып алып, халқын қырып жойып, өз құлдарына айналдыруды мақсат еткен болатын. Бірақ арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты ұлдары елін таптатып халқын езгіге салдырған жоқ. Қолдарына найза алып атқа мініп елін, жерін жаудан қорғады.

/ролик - қазақ елі - хандығы/

Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпаған қазақ жастары шеруге шығып, өз елінің тәуелсіздігі үшін күресті.

1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты.

Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

/видеоролик - желтоқсан/
Оқушылардың тақпақтарына кезек берейік

Осы тәуелсіздік жолында қаны мен жанын берген боздақтардың, ел намысын биікке, ұлт намысын өз намысынан биік ұстаған жастардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Асанова секілді сан мыңдаған жастар. Сол кезде бұл ұл мен қыздар өрімдей жас, жаңа ғана мектеп табалдырығынан өтіп, үлкен өмірге аяқ басып, арман қуып Алматыға келіп оқуға түссе, Қайрат әскердегі борышын өтеп, еліне қызмет етіп, арман қуып Алматыға келіп оқып жатқан сәті еді. Бірақ, желтоқсан оқиғасы осы жастардың арманын орындалмасқа ала кетті, қыршынынан қиып, мәңгілікке көз жұмдырды. Алайда есіл ерлердің ерлігі халық жадында, олар бізге тәуелсіздікті алып беріп кетті.

1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі мұңға толы күні еді. Қазіргі таңда сол боздақтардың арқасында біз ұланғайыр қуанышқа, зор мәртебеге ие болдық. Ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Қазіргі таңда елдігіміздің нышаны болып табылатын, еліміздің қандай белгілері бар?
- слайд/ - ту, елтаңба, әнұран, президент, заң, шекарасы

Рәміздер
Амина: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті. Исатай
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков

Берекет
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.

Ердаулет: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс - ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты белгісі.

Майра
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н. Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
Айтгул: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Аружан: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.
Жадыра: Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.

ХОР: Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты

Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.

Айару: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы осының бәрі тәуелсіз ел екендігімізді көрсетеді.

Оқушылардың тақпақтарын тыңдау

Еркебұлан Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

Нурай: Көк аспанда тулардың Желбіреген күні бұл Елім деген ұлдардың Елжіреген күні бұл

Берекет
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.

Думан: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен

Аксауле: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Дастан: Отан дейміз кең – байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан, туған жер, туған ел туралы мақал мәтелдерге кезек берейік
Отан отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық,
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Қорытынды
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Хор: "Атамекен"

Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×