Сайтқа кіру Тіркелу

Бала сұлтан

Тақырыбы: «Бала сұлтан 2016»
Мақсаты: Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау. Өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету. Тілдерін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту. Бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. Бала сұлтанды анықтау.
Ресурстар: шарлар, білім туралы, Жеңіс туралы суреттер, мақал - мәтелдер, гүлдер, құстар суреті.
Барысы: Құрметті қонақтар! Бүгінгі 2 «Ә» сыныбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі «Бала сұлтан» сайысы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналады. Сайысты менің көмекшілерім Бердібай Гүлнұр мен Пирназар Нұрсұлу алып барады.
1. Бердібай Г:
71 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
71 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде содан бері 71 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
2. Пирназар Н:
Сыналар, ер жігіттер, келді кезің Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен
Соны білсең, әрнені білдіргенің - деп ұлы Абай атамыз айтқандай,
бүгінгі «Бала сұлтанына» қатысқалы отырған жігіттеріміз әдеп - ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл - парасаттылық, өнер - жігерлік пен батырлық саласында күш сынасып, тапқырлық көрсетуі керек және де ана тілін қастерлейтінін байқау.
Бердібай Г:
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер!
Біліміді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер! – деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
Пирназар Н:
Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әр кез асыққан.
Сағидулла біздің ақкөңіл,
Көңілі дария тасытқан.- деп Алдаберген Сағидулланы шақырайық.
Бердібай Г:
Өнер құған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Серікжан,
Табылар дос қасынан.- деп Даулбаев Серікті шақырамыз.
Пирназар Н:
Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Қаныбек бізді әрқашан,
Күлдіреді және қуантады..- деп Жақсыбай Қаныбекті шақырамыз.
Бердібай Г:
Білімді, алғыр, жан - жақты,
Ұлдарымыз қайратты.
Тәңірберді біздің әрқашан,
Досымыз болар қымбатты.- деп Кенесбай Тәңірбердіні шақырамыз.
Пирназар Н:
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Елдос біздің әрқашан,
Жып - жинақы жүреді.- деп Кудайбергенов Елдосты шақырамыз.
Бердібай Г:
Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Деп жүр біздің Елдосжан
«Алтыннан мектеп саламын».- деп Кудияров Елдосты шақырамыз
Бердібай Г:
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Қайрат біздің үйге қайтпай,
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.- деп Мингасаров Қайратты шақырамыз.
Пирназар Н:
Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Ырысбекті сыныпта,
Ізетті деп біледі.- деп Мухаметқали Ырысбекті шақырамыз.
Бердібай Г:
Кішкентай сыныптың,
Тентек емес жуас тым.
Әнасыл біздің сыпайы,
Досқа адал шынайы.- деп Пирназар Әнасылды шақырамыз.
Пирназар Н:
Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Нұртөре,
Ұқыптылыққа бойлаған.- деп Тастанбек Нұртөрені шақырамыз
Бердібай Г: Ал, енді мейрамның қонақтары! Сайысымызды бастамас бұрын кезеңдерімен таныстырып өтейік:

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгуль Жамантаевна

Бала сұлтан жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×