Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік күні

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік күні

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Н. Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, яғни қонақтар келіп отыр біздің білімімізді тексеруге сол себептен сабаққа жақсы қатысуға тырысайық.
1. Ой шақыру: Сұрақ қою.
1. Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Бүгін біздер топтық жұмыс арқылы сабақты қамтимыз.
1. Ту тобы 2. Елтаңба тобы. 3. Әнұран тобы.
Сурет бере отырып өз тобы туралы не білеміз соны айтуға қасиеттері, тақпақ.
Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс:
Тақырыбы: «Тәуелсіздік күні» оқу.
1. Ту тобы:
«Көк тудың желбірегені» ән орындайтын Ерасыл.
2. Елтаңба тобы:
3 - топ: Ән ұран
2. Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді оқыту: 1. Тізбектеу 2. Мәнерлеп оқу 3. Талдау топтық.
Видео ролик көрсету.
Дәптермен жұмыс:
1. Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991 жылы 16 желтоқсанда
2. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? Ту, Елтаңба, Әнұран
3. Қай жылы рәміздер қабылданды? 1992 жылы 4 - маусымда
4. Тудың авторы? Ш. Ниазбеков.
5. Әнұранын авторы кім? Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
6. Елтаңба авторы? Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов
7. « Ұлттық валюта күні» қай жылы қабылданды? 1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
8. Ата заңымыз қай жылы қабылданды? 1995 жылы 30тамызда ҚР – ның «Ата заңы» қабылданды.
9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? Биыл Тәуелсіздікке 25 жыл толды.
Отан туралы мақал - мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал - мәтелдің» жалғасын тап.
Отан – отбасынан ( басталады)
Отан – (оттан да) ыстық
Отан адам - (ормансыз) бұлбұл
Бекіту: Сонымен балалар бүгін біздер не жайлы айтайық?
- Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
- Ұлтымыз кім? - Тіліміз қандай?
- Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
- Тәуелсіздік деген не?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
Биыл Тәуелсіздікке неше жыл?
Хор «Әнұран» Бәріміз әнұранды айтып берейік

Диас: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан

Хор «Әнұран» Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Диас: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

Тәуелсіздік күні жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×