Сайтқа кіру Тіркелу

Мен - Қазақстанның патриотымын

Сабақтың басы:
а) Амандасу;
ә) Мемлекеттік гимн орындалады;
б) Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру;
в) топқа бөлу. 1 топ
г) тәрбие сағатының мақсат, міндеттермен таныстыру.
І. Мотивациялық
«Ассоцация» тәсілі
Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:
Патриот – бұл...........
Болжамды жауаптар:
1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.
3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.
4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.
5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.
6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.
7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.
8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.
9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.
10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.
11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.
12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.
13. Өз елінің тарихын, салт - дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата - бабаларын мақтан тұтады.
14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды.
ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін - өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.
Сабақтың ортасы «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Оқушыларға берілген тақырыпқа сәйкес суреттер таратылады. Сурет бойынша өз ойларын ортаға салып, бүгінгі тақырыппен байланыстырады.
Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік - қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы көрсетеды.
І. «Идеялар себеті» тәсілі. Бұл кезеңде шағын топтар төмендегі тақырып аясында өз идеяларын ұсынады.
«7 «Б» сынып патриоты» (суреттер тарату)
а) Сурет бойынша жаңа идеялар жинақтау;
ә) Қорытындылау
Сабақтың соңы Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:
Мен............................................... таныстым.
Маған................................................ оңай болған жоқ.
Мен......................................................... қол жеткіздім.
Мен........................................................... істей алдым.
.................................................. болса жақсы болар еді.
Менің....................................................... есімде қалды.
Мен........................................................... істеп көремін.

Мен - Қазақстанның патриотымын атты тәрбие сағатын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Мен елімінің жас патриотымын

Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Мен елімінің жас патриотымын

Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен, Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен. Думанды ауыл, саялы қалаларда, Сыйласып бір - бірімен күні өткен....
Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мен, Қазақстанның патриотымын!

Мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,...
Мен елімнің патриотымын

Мен елімнің патриотымын

Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын.» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа...
Менің елім мәңгілік ел

Менің елім мәңгілік ел

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігіне мақтан етуге, туған еліне,...
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты

Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×