Сайтқа кіру Тіркелу

Бабалар аманаты - тәуелсіздік!

Тәуелсіздіктің 26 - жылдығына ашық сабақ.
№8 «Көгершін» ортаңғы тобы
«БАБАЛАР АМАНАТЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК!»
Мақсаты: Балалардың өз еліне деген, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
Өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілдерінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына, Отанға деген сүйіспеншілігін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, слайд.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Қостілдік компоненттер: Ту - флаг, елтаңба - герб, әнұран - гимн, Елбасы - Президент.
Педагог: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгінгі біздің «Бабалар аманаты - Тәуелсіздік!» атты ашық оқу қызметіне қош келдіңіздер!
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ:
Сәлем бердік, туған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердік, бәріңізге,
Өскен ортам, еркін елім.
Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991 жылы 16 желтоқсан тарихтағы ұлы күн.
Бұл күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті, және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасты. Азаттық алу қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. ТӘУЕЛСІЗДІК! Ол қандай қасиетті, ұғым десеңізші.

Тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ халқы еңсесін тіктеп, тұғырын биіктетіп, тамаша табыстармен жетістіктерге жетті. Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшаң - теңіз, әліде берері тіптен мол.
Тәуелсіздіктің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі; Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің кіндігі болған алаң еді. Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші, Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,
Бұны ешкім, аяп бізге бермейді.
Тәуелсіздік - Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас - талқан боп өлгені.(деп)
Балалардың орындауында: «ӘН ҰРАН»
Педагог: Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан Республикасы.
Педагог: Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Педагог: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Тәуелсіз мемлекет.
Педагог: Қазақстанның астанасы қай қала?
Балалар: Астана.
Педагог: Біз қандай қалада тұрамыз?
Балалар: Қарағанды.
Педагог: Балалар біздің Рәміздеріміз қалай аталады.
Балалар: ТУ; ЕЛТАҢБА; ӘНҰРАН.
Педагог: Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран,
Тәуелсіздікке тән ұран.
Қасиетті осы рәміздер,
Еліме деген рух пен мәні бар,
Иесі оның мына біздер!
Олай болса балалар Ту, елтаңба, әнұран туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
1. Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным. (Мейіржан)

2. бала: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында киіз үй.
Қалықтаған қос қыран,
Шарықтаған туа күй.
Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі. (Амина)

3. бала: Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды. (Алтынай)

Педагог: Тұғырым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақта желбіретем.
Балалардың орындауында: Ән «Ақ көгершін»
Педагог: Слайд «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына - 26 жыл.»
Енді «Шаңырақ» биін тамашалайық.
Ал құрметті қонақтар; Қазір біз балаларымыздың көмегімен жер шарын орналастырамыз. Сол жер шарына өзіміздің Тәуелсіз Мемлекетімізді орналастырып, балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алайық.
1. бала: Аспанымыз ашық болсын! (Нұрхан)
2. бала: Күніміз әр кез жарқырай берсін! (Алдияр)
3. бала: Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы шаттыққа толы болсын!(Айғаным)
4. бала: Қазақ елі аман болып, Елбасы жасай берсін! (Амина)
Педагог: Балалар біз жер шарына Қазақстан Мемлекетін орналастырып, сендер өздеріңнің жылы лебіздеріңді білдірдіңдер.
Олай болса балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 26 жылдық мерей тойы құтты болсын! Елбасымыз аман болып, Қазақстан Мемлекеті одан әрі көркейіп, бай ел болсын деген тілегімізді білдіреміз.
Балалардың орындауында «Батырлар» биін тамашалайық.
Педагог: Балалардың орындауында: Ән «Атамекен»(Балалар қолдарына кішкентай жалаушаны ұстап әнді орындайды.)

Адилова Нуржанат Сагатбековна
КМҚК «Қарлығаш» б/б
Қарағанды қаласы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің сүйікті - Елбасы

Біздің сүйікті - Елбасы

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына...
Тәуелсіз елдің ұланымыз

Тәуелсіз елдің ұланымыз

Мақсаты: Балалардың бойына тәуелсіздік күні туралы түсіндіру. Отан, Рәміздер, Елбасы, ұлтының қазақ, Қазақстан елінде тұратынын білуге үйрету. Жеке...
Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

Атырау қаласы, мектептен тыс жұмыс орталығының мәдени шаралар ұйымдастырушысы Нұрбике Қазиханқызы...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
Менің  Отаным - Қазақстан

Менің Отаным - Қазақстан

Балаларды Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңі иелерін Тәуелсіздік туралы мәлімет...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×