Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Өрнекті жырдың иесі поэзиялық кеш

Тақырыбы: «Өрнекті жырдың иесі» поэзиялық кеш
8 сынып
Мақсаты: Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілікпен мейірімділік қасиеттерін, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу арқылы, Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық еңбегін таныстыру.
Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Дамытушылық: Ақиық ақынның жырларымен таныстырып, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу.
Көрнекілігі: М. Мақатаевтың суреті, кітаптар, нақыл сөздер, шарлар, слайд шоу.

Ұйымдастырушылық:
І. Амандасу.
ІІ. Оқушыларды түгендеу.
Негізгі бөлім:

1 - жүргізуші: Даяна:
Таудай едің, таудың алып тумасын
Нағыз қазақ едің сөздің турасы.
Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,
Ей, өлгеннің буырқанған бурасы. (Жәркен Бөдешұлы)
Оқушылар, ақын Жәркен Бөдешұлы айтып өткендей қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтеміз. Құрметті мұғалімдер мен оқушылар, қонақтар бүгінгі 8 «Ә» сыныбы дайындаған тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші: Інжу:
Бүгінгі тәрбие сағатымыз 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлім: «Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны», 2 бөлім: «Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы», 3 бөлім: «Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы» осы бөлімдер бойынша біз тәрбие сағатымызды жүргіземіз.
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім деп жырлаған, Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына тоқталамыз.
Қыдыр: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынкөл ауданының Қарасаз аулында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. Мұқағалидың әкесі Сүлейман шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітірген. Мектепте оқып жүріп ақ алғашқы өлеңдерін жаза бастаған. 1948 ж мектепті жақсы аяқтап, алғаш рет Аламтыға шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы, ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы оны оқудан шығуға мәжбүр етеді. Сөйтіп, ол ауылға қайтып келеді. 1949ж. Лашын апамызбен отбасын құрады. Дүниеге Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Айбар, Жұлдыз атты ұлдары келді. Ал, Майгүл есімді қызы 10 жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды. Мұқағали балаларын көргенде майдай еритін. Ол баланы ұстауға да, күтуге де шебер болды. Мұқағали балдарын жанынан бетер жақсы көрді. Төрт перзентінің маңдайынан шертпей өтті. Балдары десе ішкен асын жерге қойды.

1 - жүргізуші: Даяна:
Мұқағали ағамыз ауыл мектебінде мұғалім болды. Одан кейін ауылдың хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінде болып, 1954 - 1962жылдары Қазақ радиосында диктор болып қызмет атқарды. Кейін 1962ж маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген. Мұқағали ағамыздың еңбек жолы.
Айдос: 1932 - 1972ж «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1972 - 73 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды. 1948 - 49 жылдары филология факультетінде оқыған. Маркс атындағы кеңшарда ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды. 1948ж орта мектепті бітірісімен, мәдени - ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әбеди қызметкер болып істейді. Ол 1962ж Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскуедегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социолистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редокциясында, қызмет атқарады. Соңғы жылдары емханада жатып емделеді, оның екі аяғының нерв жүйелері ұстамаған. Емханада жатып емделетін ақшасы болмай. Түнде емханадан қашып, бұрынғы әріптестерінен ақша сұрап, ол ақшаға емхананың дәрігерлеріне коньяк, шеколад алып, сол түні дүниеден өтеді.

2 - жүргізуші: Інжу:
Мұқағали Мақатаев кәусар сезім мен тоятталмас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңда тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Оқушылар осы мағұлматтарды терең меңгеру үшін мына бейне баянға назар аударайық. (Мұқағалиға арналған деректі фильм).
Жасұлан:
Мұқағали - өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан - жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең - сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
Жанат:
«... Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету