Сайтқа кіру Тіркелу

Жатыр өлеңі

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,
Кілтін өнер-білім ашып жатыр.
Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?

Сарыарқаның жаңбыры

Көп уақыт жаңбыр көрмей, қурап, күйіп,
Жоқ еді Сарыарқада көрер сыйық,
Шөлдеген сол қатарда жан - жануар
Аузына тұра алмаған тілі сыйып.

Сымбатты сұлуға

Сүйдірген сені маған қыли көзің,
Томардай кедір-бұдыр топас сөзің.
Құбыжық қорсылдаған мінездерің,
Арман жоқ пида болсам саған өзім.
Сымбатты сұлу тамашам,
Шашыңнан жұлып сабасам!

Соғыстың кесірі

Неше қыршын жастардың
Кеудесінен оқ өтіп,
Ауыздарынан қан кетіп,
Ішіне тартылып көздері,
Ыңырану боп сөздері,
Шытынап көкшіл көздері.

Құлағым бітелген жоқ

Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып,
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өлеңдері

Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы.
Артқа 1 2 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×