Сайтқа кіру Тіркелу

Құс өсіруші Гретаның бабалары

Мырзалар ауласындағы үйрек пен тауыққа арнап салынған әсем жаңа үйшікте Грета дейтін құс өсіруші әйел жападан-жалғыз құстармен бірге тұратын. Бұл үйшік мырзаның қамал сияқтандырып айнала op қазып, оған аспа көпір салып, маңдайшасын кереге бастандырып оюлап тастаған көне үйінің орнында бой көтерген еді.

Оле-Лукойе

Оле-Лукойеге тең келетін ертегіші бұл дүниеде жоқ. Ертегіші деп соны айт, шіркін!
Кешқұрым балалар стол басында немесе орындықтарда тып-тыныш отырған кезде, Оле-Лукойе кіріп келеді. Аяғына ескі шұлық киген ол, басқышпен дыбыссыз басып көтеріліп, есікті ақырын ғана ашады да, қолындағы бүріккішімен балалардың көзіне тәтті сүт бүркіп кеп жібереді.

Жас алып

Бір шаруаның бойы шынашақтай ғана баласы болса керек. Жыл артынан жыл өткенмен, баланың бойы өспей, сол құртақандай қалпында қала береді.

Бір бақыр бөкпен

Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты.
Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі.
— Аманбысың, қызым?—дейді кемпір.— Жидегіңнен берші.

Сабан, көмір және бұршақ

Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.

Кішкентай кісілер

Баяғыда бір етікші болыпты. Ақшадан жұрдай болса керек. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі былғарыдан етік пішеді де:

Бремен әншілері

Баяғыда бір диірменші болыпты. Әлгі диірменшінің әрі ақылды, әрі мықты бір жақсы есегі болса керек. Жануар диірменде көп жыл қара жұмыс істеп, қап-қап ұнды таси-таси, ақырында әбден қартайыпты.

Бұрқасын ханым

Бір жесір әйелдің туған қызы және өгей қызы болыпты. Өгей қызы көрер көзге көрікті, биязы екен де, өз қызының сырт пішіні ұсқынсыз, оның үстіне кержалқау болса керек. Жесір әйел туған қызын жанындай жақсы көріп, тамақтың тәтті-дәмдісін соның аузына тосып, сөкет қылықтарын да елемейді екен, ал өгей қызына күндіз-түні жұмыс істетіп, жарытып тамақ та бермепті.

Жеті батыр

Бip күні жау жүрек жеті батыр кездесіп қалыпты. Біріншісінің аты — Шульц, екіншісінің аты — Якли, үшіншісінің аты — Марли, төртіншісінің аты — Ергли, бесіншісінің аты — Михель, алтыншысының аты — Ганс, ал жетіншісінің аты — Вейтли екен.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×