Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күзгі бұтақ

Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Күзгі бұтақ.
Білімділік мақсаты: Затқа қарап сурет салу туралы түсінік беру, күзгі бұтақты салып үйрену, палитра арқылы қосынды түсті тауып табиғатты бейнелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, білімін, шығармашылық қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жазықтықта бейнелеу;
Сабақтың көрнекілігі: «Спектр» шеңбері; суық, жылы, қосынды түстер таблицасы; сурет көрмесі; суретшілер шығармалары; табиғат әуендері;
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ:
ІV. Сергіту сәті.
V. Сарамандық жұмыс.
VI. Үйге тапсырма.
VIІ. Сабақты қорытындылау.
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабаққа қатысуын түгендеу:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйде салынған суреттерді тақтаға іліп, оқушылармен бірге бағалау.
Сұрақ - жауап:
1. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар?
2. Бейнелеу өнерінің қанша жанрларын білесіңдер?
3. Жылы және суық түстерді атаңдар?
4. Натюрморт дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Оқушылардың түстерді игеру қабілетін одан ары дамыту; Оқушылардың табиғат пен сурет түстерінің бейнелеу және мәнерлеудегі түсініктерін тереңдету
Бүгін біз затқа қарап сурет салуымыз керек. Мұны қалай түсінеміз? Өткен сабақтарда біз өзіміздің қиялымыз бен еске түсіргенімізге жүгініп сурет салдық. Ал енді біз күзгі жапыраққа қарап бейнелейік. Зат қандай болса, дәл солай бейнелеуге тырысамыз.
Затқа қарап сурет салуды бастаймыз.
Сендер бұтақты қағазға қалай орналастыруға болатының мөлшерлеңдер. Суретті тігінен немесе көлденеңінен орналастырудың қайсысын таңдар едіңдер?
Жапырақтар мен сабақтарды қарындашты қатты баспай сыз. Бұта мен жапырақтардың суретін заттың өзіне ұқсастыра отырып салып шық.
Суретті дәстүрлі емес түрінде бейнелеуге болады.

ІV. Сергіту сәті.
Су, су болған бояуым.
Қағаз бетін торлайды,
Шіркін сурет сабағы,
Мың құбылтып бояйды.
Оқушылар салған суреттерін бояудың алдында хормен айтады.
V. Сарамандық жұмыс.
Жылы және суық шырайлы түстерді қолданып, затқа қарап сурет салу.

Алдарыңдағы күзгі бұтақтарға қарап, өздеріне ұнаған күзгі бұтақты бейнелейміз.
VI. Үйге тапсырма.
«Жылы» түсті, «салқын» түсті күзгі бұтақ тақырыптарына композиция құрып келу.
VІІ. Сабақты қорытындылау: Жақсы орындалған жұмыстарға тоқталып, қате жұмыстарға ескертпелер айтылады.
«Табиғат» сөзіне топтастыру стратегиясы бойынша оқушылардың өздері үйден орындаған шығармашылық суреттері арқылы қорытындылау.

Қызылорда қаласы
№112 орта мектептің
бейнелеу пәнінің мұғалімі
Байтанова Динара

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету