Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушының бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілетке баулу

«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, Өзіме жасатсаң – үйренемін» (Конфуций)

Шығармашылық тақырыбым: Оқушының бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілетке баулу
Мақсаты:
Өнер жолындағы оқушылардың талпыныс ізденісіне жол көрсетіп, үйреншікті нәрседен әсемдікті тауып, бейнелеуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылықпен жұмыс жасау жолына жетелеп, өрісі биік азамат тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту. Өнерге терең қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:
* Талабы таудай биімді, дарынды, ақылды, инабатты, тәрбиелі жеке тұлғаны тәрбиелеп, жетілдіріп шығару. Дамыта оқытып, сурет салуға баулу. Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
*Оқушы жүргеніне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушының бойындағы ынта – ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, шығармашылығын шыңдау.
*Оқушының жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін - өзі қадағалай алатын, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

«Бейнелеу өнерi» пәнiн мектепте оқытудың негiзгi мақсаты – оқушылардың өнер шығармалары
мен әлемдi бейнелi қабылдаудағы дербес шығармашылық қабiлетiн дамыту;
сезiмдiк - эмоционалды өрiсiн тереңдету және байыту; көркемдiк - шығармашылық
қабiлеттерiн қалыптастыру болып табылады.
Жалпы орта білім беретін мектептің негізгі орта білім беретін деңгейіндегі
«Бейнелеу өнерi» пәнiнiң негiзгi функциясы мектеп оқушыларын көркем - эстетикалық тұрғыдан бiлiм берiп тәрбиелеуден, оның табиғи көркем шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беруден көрiнедi.

Бейнелеу өнері түрлері

Кескіндеме
Мүсін өнері
ҚСӨ
Графика
Сәулет өнері
Дизайн

Бейнелеу өнері жанрлары

Натюрморт
Пейзаж
Портрет
Анималистік жанр
Тарихи жанр

Негізгі оқу – тәрбие міндеттері:
– оқушылардың көркем - шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермендік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;
– композициялық заңдылықтар, түстану, натураға қарап, еске түсіру және көз алдына елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;
– салынған суреттегі форма, тепе - теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;
– кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем - бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;
– отандық және әлемдік өнер және мәдени мұралар құндылықтарды бағалай білу біліктіліктеріне баулу

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
С. Датұлы атындағы №26 орта мектеп
Елубайқызы Райгүл

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденістерін дамыту.

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты - ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім...
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Сабақтың тииімділігін арттыру жолдары мен құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту

Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту

Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта жігерін арттыру, дарындылығын дамыту -- бүгінгі...
Перспектива заңдылығы

Перспектива заңдылығы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп - гимназиясы бейнелеу өнері, технология, сызу пәні мұғалімі: Айкенова Светлана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×