Сайтқа кіру Тіркелу

Символдарды қолдана отырып шығармашылық ою - өрнекті композиция орындау. «Наурыз эмблемасы»

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы

5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Символдарды қолдана отырып шығармашылық ою - өрнекті композиция орындау. «Наурыз эмблемасы».
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстарды жасауға деген құлшыныстарын ояту.
Білімділігі: оқушыларға символдарды қолданып, ою - өрнектен композиция жасап, эмблема жасау туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ою - өрнектерді қолдану кезінде суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: наурызға қатысты эмблема суреттері, слайдтар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, сөзжұмбақ, түрлі ойындар.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмалар орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, кезекшіні анықтап, оларды түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту.
2. Үй тапсырмасын тексеру: Ғалымдардың зерттеуі бойынша ою - өрнек үш топқа бөлінеді:
1. Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
2. Зооморфтық(жан - жануарлар).
3. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).
3. Жаңа сабақты түсіндіру: - Ою - өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Символикалық өрнектер казіргі таңда өте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл - фирмалық белгілер эмблемасы.
- Фирмалық белгі. Өрнектердің тағы бір тобы геометриялық топ, бұл өрнектің пайда болу кезінің алғашқы негізін құрушы топ. Геометриялық топтағы өрнектер ылғи да көркемдік ырғақты қасиеттермен шектеледі. Қазіргі кезге дейін ең көп тараған өрнек түрі өсімдік өрнегі болып табылады.
Енді сол сияқты біздің бүгінгі тақырыбымыз соған сәйкес символикалық ою - өрнектерді қолдану арқылы наурыз эмблемасы туралы болмақ. Мысалға мына бір эмблеманы алатын болсақ, мұнда...

Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышы наурызек пен наурызгүл болса
Биыл күн мен түннің теңелуі наурыздың 20 - сы, яғни бүгінгі 23 сағат 32 минут 13 секундқа сәйкес келіп отыр. Бұл – Наурыз жаңа жылының басталғандығын күллі әлемге паш ететін жұлдызды сәт. Ендеше, келе жатқан Ұлыстың ұлы күні оң болғай!..
Ел ішінде наурызек, наурызкөк, немесе көкқұс аталатын жұдырықтай ғана жыл құсы өкпек есіп, қар ери бастағанда өзгелердің алды болып ұшып келеді. Наурызекті кей жерлерде жылқышы құс деп те атайды. Құсты бірінші көрген жан жақсылыққа балап, оған жем шашады. Біздіңше, осы құстың бейнесі халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын бейнелеуге сұранып - ақ тұр. Сонымен қатар наурызшешек, наурызгүл аталатын алғаш көктейтін өсімдік те Наурыздың нақышын жеткізіп бере алады.
Осы ретте, су, топырақ, наурызгүл (топырақтағы тіршілік иесі) және наурызектің (көктегі тіршілік иесі) элементтерін араластырып, Халықаралық Наурыз мерекесінің нақышын нақтылауға болады.
4. Сарамандық жұмыс: Құрастырмалы коллаж. Қазақтың ою - өрнектері арқылы наурыз эмблемасын жасау. Коллаж жасауға құралдар: қайшы, түрлі түсті қағаздар, желім, карандаш.

Тапсырма беру. Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшісі Ә. Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» – деген сауалға:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан.
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен» – деп жауап берген екен. Сол сияқты «Апамның киізінен» деген сөзге зер салып көрсек, ою - өрнекке қарап, оларды өзіміз бейнелеп, қиып көріп біз де үлкен адам болатын шығармыз. Ендеше, іске сәт!
Ол үшін сіздерге бір мағыналы тапсырма беріледі.
(Слайдтар арқылы нұсқау карталар көрсетіледі)
Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Алдарына берілген заттарды ою - өрнек - термен әшекейлеулері керек.
1 топқа – тақия;
2 топқа – кесе;
3 топқа – аяққап. (Әр топқа бірнеше композициялық шешімдер беріледі.)
Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Жылы түсті ата.
а) көк
ә) сары
б) күлгін
2. Иллюстрация дегеніміз —
а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет
ә) ойдан салынған сурет
б) түрлі нобай суреттер
3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?
а) натюрморт
ә) портрет
б) пейзаж
4. Маринистік жанр дегеніміз —
а) соғыс тақырыбындағы шығармалар
ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар
б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар
5. Акварель бояуын немен езеді?
а) сумен
ә) тек ыстық сумен
б) арнайы ерітіндімен
6. Суық түстерді ата.
а) қызыл ә) қоңыр б) көк
7. Түс шеңбері неше түстен тұрады?
а) 8 ә) 6 б) 4
8. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады?
а) пейзаж ә) портрет б) тарихи жанр
9. Түрлі - түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады?
а) графика ә) сәулет өнері б) живопись
10. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?
а) гуашь ә) акварель б) тушь
11. Негізгі түстерді ажырат.
а) күлгін, сары, жасыл
ә) қызыл, көк, сары
б) жасыл, қызыл, көк
12. «Композиция» сөзі нені білдіреді?
а) бейнелеу
ә) құрастыру
б) суретті бояу
13. Пейзаж қандай шығарма?
а) жануарлар бейнеленген сурет
ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет
б) адам келбеті бейнеленген шығарма
14. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.
а) мүсінші ә) суретші б) сәулетші
15. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?
а) Қ. Телжанов ә) Ә. Қастеев б) М. Кенбаев
Адасқан ою - өрнектер ойыны: ойынның шарты – ою - өрнектердің атаулары тақтада тұрады, соған сәйкес парақшада берілген ою - өрнектерді өз атауларына қарай орналастырамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Наурыз эмблемасы. Сурет сабағы

Наурыз эмблемасы. Сурет сабағы

Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыстарды жасауға деген құлшыныстарын ояту. Білімділігі: оқушыларға символдарды қолданып, ою - өрнектен композиция...
Композицияда туындының болмысын ашу. «Ертегі кейіпкерлері»

Композицияда туындының болмысын ашу. «Ертегі кейіпкерлері»

Композициядағы туындының болмысын ашу, яғни ертегілердегі кейіпкерлерді композициялық тұрғыдан қарастырып оқушыларға түсіндіру....
Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері

Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережелері

Оқушыларға өрнек ұғымымен таныстыру. Оқушыларға арифметикалық өрнектердің жазу ережелерін үйрету...
Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Қазақ ою - өрнегін ою әдістері

Әлжанов Боранбай Сағиұлы Білімі: Жоғары, К. Жұбанов ат. Ақтөбе МУ 1998 ж Мамандығы: Еңбек және сызу пәні мұғалімі Жұмыс орны: №77 орта мектеп...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×