Сайтқа кіру Тіркелу

Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері

Пән: бейнелеу өнері
Сыныбы 6
Сабақтың тақырыбы: Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері. Портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи анималистік жанрлар.
Сабақ мақсаты:
Өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктерін еске түсіру, бейнелі көру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Практикалық тапсырмаларды орындау дұрыстығын бағалайды;
Талдау, жіктеу және әртүрлі тәсілдермен алынған ақпаратты саналы түрде пайдалана алады.
Сабақтың нәтижесі:
Әртүрлі материалдармен жұмыс істей білді
Өзін және өзгелерді бағалайды
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жабдықтары: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, жұмыс парағы, бағалау парағы
Сабақ әдіс – тәсілі: АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, дарынды оқушылармен жұмыс, диалогтік оқыту, көшбасшылық, бағалау.
Жұмыстың формасы: жұппен, топпен.

Натюрморт салу кезеңдері
Жай қарындаштың көмегімен натюрморттың жалпы биіктігі мен енін жіңішке сызықтармен белгілеп ал. Сосын осы жерге әрбір заттың орны мен көлемін белгіле. Заттардың өзара биіктігі мен енін салыстыра отырып, әр заттың дұрыс пропорциясын анықта. Заттардың суретін сала отырып, ортаңғы, төменгі және жоғарғы сызықты белгілейміз. Ұсақ бөлшектеріне тоқталмастан бұрын, әр заттың жалпы пішінін келтіріп аламыз. Заттардың көлемін тағы тексеріп, қарап аламыз. Қарындашпен жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісеміз. Заттардың бетіндегі көлеңке, жарық пен сәуле және заттардан түсіп тұрған көлеңкелерді белгілейміз. Суретті тағы бір рет тексер: суреттің барлық бөлшектері үйлесіп тұр ма; композицияға бағынбай тұрған бөлігі бар ма; заттың пішіні бұзылып, жарық пен көлеңке дұрыс үйлеспей тұрған тұстары жоқ па? Қажет болса, суретке түзетулер енгізу керек. Интервайт программасын қолданып ішінара оқушыларға сурет салғызу.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×