Сайтқа кіру Тіркелу

Жарнамалар

Сабақтың тақырыбы: Жарнамалар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа баулу, жан дүниесін байыту, ой - санасын кеңейту.
1. Білімділік: Оқушыларға жарнама жайында мағлұматтар беру, білімдерін толықтыру
2. Дамытушылығы: Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, және топпен еркін жұмыс жасай білу қабілеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, практикалық жұмыс
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: ақ қағаз, түрлі - түсті қарындаш, краска, палитра т. б.
Сабақтың көрнекілігі: жарнама макеттері, фото суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, композиция, технология
І. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Сергіту сәті
V. Шығармашылық жұмыс
VI. Қорытынды
VII. Үйге тапсырма
VIII. Білімді бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, отырғызу, сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасы
Оқушыларға карточкілер арқылы сұрақ беріп және оған жауап беру арқылы бағалау.
1. Дизайн өнері дегеніміз не?
2. Дизайнның қандай түрлерін білесіңдер?
3. Дизайнның ең алғашқы түрі қашан және қайда пайда болды?
4. Қағаз пластикасы қалай аталады?
5. Қазақ халқының қол өнерінен дизайнды қалай байқауға болады? Не жатады?
6. Дизайнды оқып үйренудің қандай заңдылықтары бар?

Сыныпты үш топқа бөліну арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін көтеру.
- Балалар, сабағымызды үш топқа бөлініп, сайыс ретінде жүргізейік.
А) тобы *Тағамдар жарнамасы*
Ә) тобы *Көше жарнамасы*
Б) тобы *Театр жарнамасы*

3. Жаңа сабақ:
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) жарнама, хабарламалық жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі жарнама, көше жарнамасы (плакат, афиша), ауызша жарнама, баспалық жарнама т. б. Жарнаманың қарапайым түрлері б. з. б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ - да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық - Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ - дың аяғында “Түркістан уәлаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси - экон. мәселелерге байланысты, оқу - ағарту, әдебиет және өнер - білім бойынша жарнамалар берілген. 20 ғ - да жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.
Жарнаманың түрлері:
1) Тауар жарнамасының мақсаты – жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнама салалық өткізуді өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған. 2) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған. 3) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады. 4) Имидж жарнаманың негізгі мақсаты – адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау, ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандыру. 5) Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық - каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, листовкалар) және жарнамалық - сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т. б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты - болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру. 6) Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер. 7) Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар. 8) Аудиовизуалды жарнама. Бұл – жарнамалық роликтер, жарнамалық - техникалық фильмдер, жарнамалық - беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар. 9) Сыртқы жарнама. Бұл – көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспаранттар, түрлі - түсті жазбалар, билбордтар, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар.
4. Сергіту сәті.
5. Шығармашылық жұмыс.
Енді қазір біз топ бойынша әркім өз жарнамаларын салады. Біз ен бірінші ар суретті салмас бұрын оның эскизін салып алуымыз керек. Бірінші жәнегі суретті қай жерден бастаймыз альбомның ортаңғы сызығын тауып алуымыз керек. Содан біздің жарнамамыздыздың үйлесімін, композициясын дұрыс құрастырамыз. Оның сәйкестігін түсінің айырмашылығын табуымыз керек. Жұмыс істеу кезінде өте мұқият болу керек.
9. Қорытынды
Сұрақтар:
1. Жарнама дегеніміз не?
2. Жарнаманың түрлері?
3. Жарнама қашан пайда болды?
10. Үйге тапсырма.
Ар түрлі жарнама макетін жасап келу
11. Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарына талдау жасап, өз деңгейлеріне сай етіп бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Муляж әдісімен костюм жасау. Кәсіпкерлік

Муляж әдісімен костюм жасау. Кәсіпкерлік

Костюм, киім, жарнама туралы білімділігін арттыру, муляж әдісі туралы біліктілігін қалыптастыру; Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, жарнама...
Кулинарлық өнімдерді безендіру. Жарнама

Кулинарлық өнімдерді безендіру. Жарнама

Жарнама – бұл жетістікке жетудің негізі. тұтынушылардың тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын арттыру мақсатындағы оларға арналған үндеу. Ал...
Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру

Экономикалық негізгі ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білуге үйрету, Әр түрлі кәсіпкерлікті ұйымдастыра білу, ұжыммен жұмыс жасау қабілетін...
Шоқан Уәлихановтың  өмірі мен  шығармашылығы

Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы. «Благодарное орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А.К.Султанова...
Жарнама

Жарнама

Жарнама бойынша осы адрес бойынша хабарласуыңызға болады. "Білімділер" сайтының әкімшісі Құмар Бердали Пошта: bilimsite@yandex.kz WhatsApp: +7 705...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×