Сайтқа кіру Тіркелу

Пейзаждың өркендеу тарихы

Сабақтың тақырыбы: «Пейзаждың өркендеу тарихы»

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пейзаждың өркендеуі жайлы қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру.
б) Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сурет салу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, табиғат көрінісі бейнеленген суреттер, кітаптар, сөзжұмбақ, плакаттар, альбом, жәй қалам, т. б.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
2. Құрал - жабдықтарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі.
Пейзаж жанры жайлы оқушыларға түсіндіремін.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай - ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез - құлқын айнытпай беруге тырысады.

Пейзаж жеке жанр ретінде портреттен анағұрлым кешірек қалыптасты. Алайда алғашқы адамдардың жартастарға салған өрнектерінен олардың тірі табиғат элементтерін бейнелеудегі алғаш талпыныстарын байқауға болады. Белгісіз суретшілер балықтары бар өзенді, кұстар қалықтаған аспанды, жағалаудағы ағаштарды бейнелеген. Бірақ жартастардас суреттердің бәрі схемалы түрде болды. Біртіндеп пейзаж нақтылана түседі. Ол жеке - дара қалыптаспаса да, мысалы, Египет мазарлы қабырғаларындағы сурет сияқты әдемі фон болып қала берді. Көне Римде үй қабырғалары суреттермен әшекейленген. Қабырғалардағы суреттер құдайлар мен батырлардың ерлік істерінен хабар береді.

Еуропаның ертедегі суретшілері пейзажды тек орта ғасырда ғана өз шығармаларына енгізген. Бірақ оларда сызықтық перспектива болмаған. Керісінше, көбінесе алыстағы заттар алдыңғы қатардағылардан үлкен етіп бейнеленген. Ертедегі суретшілердің бұл тәсілі - кері перспектива деген атқа ие болған. Оны Шығыс шеберлерінің еңбектерінен де байқауға болады. Алайда XVI ғасырдан бастап пейзажға деген көзқарас өзгере бастады. Еуропа суретшілері бұл кезде перспектива заңдарын біраз меңгерді. Олар пейзаждағы жарықтың рөлін мұқият зерттеуге кірісті. Картиналарда жарық пен көлеңке пайда бола бастады. XVII ғасырдың аяғында пейзаж жеке жанрға айналды. Бірақ алғашқы пейзажшы - суретшілер әлі де өз шығармаларын ашық аспан аясында - пленэрде жазбады. Олар табиғат аясында қарындашпен долбар суреттер салып алып, артынан студияда жұмыстарын бояумен аяқтаған. Бұл тәсілмен орындалған жұмыстарда түстер палитрасы табиғаттағы бояулар мен жарықтың құбылуын дәл көрсете алған. Олар тек заттың өзіне тән түсін ғана бере білді. Мысалы; жасыл шөп, аспан көк, бұлттар ақ түсті. Бұған таңғалатын ештеңе жоқ, өйткені пейзаждағы түстер натураға қарап емес, қағазға есте сақтау бойынша түсірілген болатын. Ал француз суретшісі Клод Лоррен белгілі бір мезгілге тән түстік байланыстарды көрсететін табиғатты бейнелеп, «Тәуліктің төрт мезгілі» және «Жылдың төрт мезгілі» деген атпен пейзаж циклдерін салды.

XIX ғасырдың аяғында француз суретшілері ашық табиғат аясында отырып пейзаж жаза бастады. Әрине, бұл табиғат көріністерін бақылаудың және аспан астындағы әр алуан құбылыстарды талдаудың нәтижесі. Жарық жаңа кескіндеме өнерінің негізгі элементіне айналды. Табиғатты тікелей тамашалап, түстердің өзгеше тұстарын көрсете отырып, суретшілер өз жұмыстарында ерекше әсерлілікке, жаңашылдыққа қол жеткізді. Суретшілер түстер мен реңдердің байлығын, түстер мен жарықтың құбылуын, сонымен қатар өздерінің салған әсерін көрсетуге ұмтылды.
Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Живопись өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз. Көз алдымызға күз мезгілін елестету. Күзде қандай өзгерістер болады:
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:

"Көркем бейнелеу көрмесі (графика, пейзаж, потреттер, натюрморт, қолөнер, ...

Мақсаттары: 1. Тәрбиелік: Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау...
Иллюстрация

Иллюстрация

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №7 Жалпы орта білім беретін мектебінің «Бейнелеу өнері, сызу және технология» пәнінің мұғалімі Жаманов Ербол...
Бояулар патшалығына саяхат

Бояулар патшалығына саяхат

Бөлімдері:»Бейнелеу өнері» Мақсаты: Жыл бойына алған білімдерін бекіте отырып, бояулар жайлы түсініктерін кеңейтіп, түстерді анықтауды меңгерту....
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары туралы «Живопись, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×