Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Оқу құралдарымен жұмыс істеу (жылы және салқын түстер, натюрморт орындау ережелері).

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарымен жұмыс істеу (жылы және салқын түстер, натюрморт орындау ережелері).
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Бояу түстері, қолдану тәсілдерін өзгерту, жылы және суық түстер жайлы білімдерін жетілдіру.
дамытушылығы: Көркем ойлау, көркем өнерді қабылдау сезімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
тәрбиелілігі: Еңбек сүйгіштікке, ұқыпты таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, жылы және суық түстерге арналған натюрморттың кезеңдерге бөлінген суреті, жылы және суық түстерге арнап салынған бірнеше суреттер, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Сарамандық жұмыс.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VІ. Бағалау.
VIІ. Үйге тапсырма беру.
І. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сыныпта кезекші кім? Сыныпта жоқ оқушы бар ма? Сабақты бастамас бұрын сабаққа қажетті құрал жабдықтарымызды алып сабаққа әзір отырайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жұмыстарын талдату, бағаларын қою. алдыңғы сабақ тақырыбы бойынша қайталау, еске түсіру сұрақтары.
ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Ертегіге барар жолда, бақыт құсын табарсың.
Суретіңнің бояулары, мың құбылған жарасым.
Бізде одан көріп тұрмыз, жаңбырда да бір барын.
Бізде одан көріп тұрмыз, желде де бір түс барын.
Бізде одан сезіп тұрмыз, түсін бүкіл әлемнің.
Бізде одан сезіп тұрмыз, тыныштығын бар елдің.
Міне, балалар мен оқыған бұл өлеңнен нені аңғардыңдар? Бұл өлеңде табиғаттағы кездесетін бояу түстері, желде де, суда, бүкіл әлемде бояу түстерінсіз ештеңе білінбейді де сезілмейді де екен. Олай болса бүгін біз сабағымыздың түстер жайлы екенін, жылы және суық түстер болып бөлінетіні жайлы өтетінімізді хабарлаймын. Жылы және суық түстер жайлы кеңінен мәлімет ала отырып, натюрморт орындауымыз керек.
Жаңа сабақ.
Оқу құралдарымен жұмыс істеу. Оқушылардың практикалық жұмысы мен білім дәрежелерін ескере отырып, кескіндемеде кемшіліктерді жібермеуге мән беру:
- Бір тәсілден екінші тәсілге көшуге үйрену;
- Алдыңғы заттан гөрі артқы заттың кейбір бөліктерінің шамадан тыс көрінуі;
- Кейбір солғын түстердің айқын болып көрінуі;
- Натюрмортта басыңқы түстің көрсетілмеуі, түс шешімінің табылмауы.
Әрбір жеке заттарды бояу түсімен бейнелеуде алдымен талдау жүргізуіміз қажет. Мысалы: қоңыр нәрсенің артына көк шүберек ілсек, онда суық түс басым болады, ал қызыл түсті шүберек ілсек, жылы түс басым болады.
Әр нәрсенің басым түсінің қалың болуына байланысты түстік реңді ажыратуға болады. Мысалы, сары шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра бояуы қанық болады, ал сия көк шүберек ілінген фонда қоңыр құмыра жарықтау болып көрінеді.
Бояу түстерін бір - бірімен араластыруда табиғи өз түсін қолдану керек. Акварель бояуымен жұмыс істегенде ашық түстерді шамадан тыс қолданбаңдар. Әрдайым таза, өте ұқыпты жұмыс істеуге үйренген жөн.
ІV. Сарамандық жұмыс.
Көк түсті фондағы натюрморты салу. Бейнелеу ережелерін сақтай отырып орындау.
V. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Өз біліміңді тексер» атты сұрақтарға жауап берейік.
1. Кескіндеме деген не?
2. Қатені түзет: Кескіндеменің басты әсерлегіш құралы - штрих, бояу дақтары.
3. Артық сөздерді алып таста:«Негізгі түстер: қызыл, сары, көк, жасыл».
4. Негізгі түстерді анықта:
VI. Сабақты бағалау.
Оқушылардың білімі бағаланып, жұмыстары талқыланып, сәтті шыққан жұмыстарды бағалау.
VІI. Үйге тапсырма. Натюрмортты аяқтап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету