Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі

Сабақтың тақырыбы: Кескіндемедегі дақтың әсерлілігі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеменің әсерлегіш құралдары, суретші шеберлігі жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, көру қабілеттерін жетілдіру.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу, көргенін бейнелеуге құлшындыру.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады. Кескіндемеші үшін негізгі әсерлегіш құрал түс екенін біз білеміз. Алайда суретші тек түстің көмегімен ғана әсерлі туындылар жазбайды.
Қазақ суретшісі Ж. Шәрденов «Каспий жағалауы» теңіз толқынын, құм, жағалауды дақтардан «қалап» шыққан сияқты. Суретші дақты бірде тігінен, бірде көлденең, бірде көлбеу жағады.
Кескіндеме – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Ал мына жұмысқа қарасаң, наурыздың тамаша бір күні елестейді. Айнала жарқырап, құлпырып, аяқ астындағы қардың сықырын естігендей боласың. Суретші бұл жұмысын суық және жылы түсті ірі дақтармен салған. И. Грабарь «Наурыздағы қар».
Суретшілер дақтың көмегімен әр түрлі материалдардың үстіңгі бетін – фактурасын береді. Онымен түрлі көңіл күйді көрсетуге болады. Дақ сан алуан – екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткір де қуатты бола алады.
Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры.
Тапсырманы орындау: Тақырып бойынша сурет салу. Түстік шешім, дақтарды алу, оларды қолдану жолдарын игеру.
Сабақты бекіту: Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
- Өзіңнің салған жұмысыңды талдап бер.
Сабаққа қортынды жасап бағалау.
Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне сурет сал.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Кескіндеме жасау техникалары

Кескіндеме жасау техникалары

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай...
Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Кескіндеме өнерінің әсерлі әрі бейнелеуші құралдары

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндеме жайлы, түс, шағылысу, фон туралы мағлұмат беру. ә) Дамытушылық: Жеке...
Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»

Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»

Түрлі түсті бояумен сурет салу «Күзгі жаңбыр»...
Күзгі гүл шоғы натюрмортының композициясы

Күзгі гүл шоғы натюрмортының композициясы

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту. б) Тәрбиелілік Сұлулық...
Натюрморт жанры

Натюрморт жанры

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Шалмағамбетова Гаухар Мейрамовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету