Сайтқа кіру Тіркелу

Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).

Сабақтың тақырыбы:
Қайталау. Жаттығу. Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық және изометриялық проекциялар).

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады (94 - сурет). Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.
«Аксонометрия» - грек сөзі, «остер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі.
95 - сурет. Қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияның пайда болуы.

96 - сурет. Тік бұрышты изометриялық проекцияның пайда болуы.
Жазық фигуралардың аксонометриялық проекциялары

Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.
Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық

Үйге тапсырма: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу ережесін игеру, жаттығу жұмысын орындау, сұрақтарға жауап беру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары

Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары

Сабақтың мақсат - міндеттері: А) Білімділік: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекциялары туралы ақпарат беру Ә) Тәрбиелік: Жазық жақты...
Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру ә)...
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы...
Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Геометриялық денелерді жазықтықпен қию

Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнә мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Геометриялық денелер тобының проекциялары

Геометриялық денелер тобының проекциялары

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ - ің бейнелеу, сызу, технология пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Мәлік Файзоллаұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×