Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Күзгі гүл шоғы натюрмортының композициясы

Сабақтың тақырыбы: «Күзгі гүл шоғы» натюрмортының композициясы

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту.
б) Тәрбиелілік Сұлулық тәрбиесі.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Түрлі - түсті қарындаштар, фломастер, акварель, қылқалам, палитра, күз көрінісі бейнеленген натюрморт композициялары, ақ қағаз, және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға түстік тон, түстердің үйлесуі жайлы тереңірек мағлұмат береміз. Живописьтік шешім – бұл тек бояу түсі ғана емес, сонымен қатар ол түрлі түсті заттардың бір жерде орналасуынан пайда болатын күрделі үйлесімділік. Живописьтік шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі колорит болып табылады, «колорит» - латын сөзі, ол «бояу түсі» деген мағынаны білдіреді. Живописьтік шығарманың өте ұтымды, көз тартарлық, сезім терберлік болуы және түстердің өзара үйлесіп, жарасымды шығуы оның колориті болады.
Сенің композицияңның сәтті шығуына парақтың өлшемі мен пішімін дұрыс таңдау қаншалықты маңызды екенін білесің. Ол үшін түрлі пішімге бірнеше нобай салып көр.
Пішіні мен өлшемдері әр түрлі құмыра суретін сал. Олар парақтың пішіміне сәйкес болуы тиіс. Гүл шоқтарының әр түрлі болуын қадағала.
. Бірте - бірте қайшы келді - ау деген түстердің өзін суретші бояулардың үйлесім табуы үшін біртұтас жүйеге келтіреді. Суретші суретті қандай да бір ортақ түсте салмақ болып, ойлағанда бір - біріне жақын түстерді қолданады. Бірақ ойлаған жерден шығу үшін де сол түстердің қиылысып келуін көздеп, қарам - қайшы түстерді қолданады. Қажет болған түсті тапқан суретшілер өз суреттерінің көрушіге әсерін мейлінше күшейтуге мүмкіндік алады. Суреттердің живописьтік шешімі тек реңге түс арқылы ғана белгіленбейді, суретшінің түпнұсқасында өз өнерінің әсер, ықпалын күшейтуге керекті өзге де құралдар бар.
Сабақ барысында оқушыларға олардың күзгі бояу яғни, бау - бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен таныстырамын, сабақтың негізгі мақсатымен таныстырамын. Ол мақсат – балаларға таныс күзгі ағаш жапырақтары мен бау - бақша өсімдіктерінің жапырақтарын бейнелеу.
Сабақтың мақсатына байланысты негізгі бөлімін мына төмендегідей жалғастырамын: - балалар, сендер күзгі ағаштар, бау - бақша өсімдіктерімен, көкөніс түрлерімен танысып, суреттерін салдыңдар. Енді солардың түстерін айқындап, бейнелейік. Ол үшін, ең алдымен, осы сабақтың тақырыбына байланысты көрнекі құралдарды қарап көрейік. Мына суретте өсіп тұрған күзгі жемістер бейнеленген - деп балалардың көңілін жалпыдан нақтыға аударамын. Бұдан да басқа суретші жұмыстарын көрсетуге болады.
Нобайларды мұқият қарап шық. Ішіндегі ен жақсысын таңдап ал. Өзіңе ұнаған нобайды көшіргі қағаз арқылы бірнеше қайтара салып шық. Олардың әр түрлі түстер гаммасындағы бірнеше нұсқасын жаса. Әрбір нобайдың көңіл күйін анықта. Ол үшін қарама - қарсы немесе жақын түстер гаммасын таңдағаның дұрыс.
– Ал енді осылардың ішінен жүзімнің жапырағын ерекше қарап ал, суретін салуға дайындал, ең алдымен қағаз бетіне дұрыс орналастыруды ойла. Содан кейін барып қарындашпен жеңіл сызықтар арқылы жапырақтың жиектерін, негізгі тармақтарын белгілейсіңдер, - деп дайындаймын.
Түсті нобаймен жұмысты аяқтаған соң, композицияларды тағы талқыла. Өзіңе ұнаған нұсқаны таңдап ал. Үлкен өлшемді натюрморт жаз.

Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып күзгі гүл шоғы натюрмортын бейнелеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету