Сайтқа кіру Тіркелу

Сәулет өнеріне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнеріне саяхат (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері, стильдері, архитектуралық құрылыс жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, айырмашылығын айта отырып, олардың тарихтағы алатын орнын анықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері, тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру

Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. жаңа терминдерді ұғындыру.
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие беру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түpi: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: жарыс, топқа бөліп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, карточка, плакат, бояулар. Пәнаралық байланыс: тарих, архитектура.

Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Сабақты пысықтау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сабақты пысықтау.
6. Қорытындылау.
7. Оқушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. оқушылармен амандасу
2. класты түгендеу
3. психологиялық дайындық 4. құралдарын түгендеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі түстер атауымен атаймын, олар -
1 топ - көк түс
2 топ - қызыл түс
3 топ - сары түс
Қораптан карточкалар алынып, әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipre дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады. дұрыс жауапқа 5 ұпай. қате жауапқа ұпай қойылмайды.
Әр топ 2 сұрақтан алады
1. Пейзаж өнері деген не? Слайд - табиғат көрінісін бейнелеу
2. Перспектива деген не? жақындағы заттар үлкен, ал алыстаған сайын кішірек болып көрінеді
3. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа
4. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта
5. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін
6. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын
7. Жылы түстерді ата. сары, жасыл, қызыл
8. Суық түстерді ата. көк, күлгін, сұр.

Қосымша қойылатын сұрақтар:
Слайдта тапсырмалар беріледі
Саған орман пейзажын бейнелеу керек болды делік, алдыңғы қатарда діңдері жіңішке, ал артқы қатарда жуан діңді ағаш орналасқан. осы перспективалық шешімді суретке қалай бейнелейсің.
Тақтадағы плакатқа маркермен салып көрсету.
Сонымен балалар перспектива, пейзаж жайлы білімдеріңді тексеріп бағаларыңды алдыңдар, енді жаңа сабақты бастаймыз.
ІІІ. Сабақты пысықтау/дайындық
3 - топқа қойылатын сұрақтар. оқушылар қол көтеріп жауап береді.
1. Адам өмірінде баспана қандай рөл атқарады?
2. Сәулет дегеніміз не?
3. Баспана қандай қасиеттерге ие болу керек?
4. Сен қандай сәулет ескерткішін білесің?
5. Мына ғимараттардың қалай аталатынын еске түсір. қай қалада орналасқан?
Слайдта көрсету(Астана, Алматы қалаларының ғимараттары)
Ал енді сұрақтарға дұрыс жауап берген топтардың ұпайлары. ұпай қойылады
ІҮ. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Сәулет өнері тарихы.
2. Сәулет стильдері.
3. Европа ескерткіштері туралы мәлімет.
4. Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері
5. Қазіргі заман сәулет өнері.

Сәулет өнері тарихы.
Слайдтағы ғимараттарды көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру.
бүгінгі салынып жатқан ғимараттар ерте кезеңдегі ғимараттарға мүлде ұқсамайды. бұл ғимараттар европа елінің сәулет өнері.
Египет, Грекия, Рим сияқты ежелгі мемлекеттерде қарапайым адамдар тұратын үйлер арзан және сапасыз тұрғызылған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген. Ал мыңдаған адамдардың еңбегімен салынған ғимараттар - храмдар, кітапханалар, салтанатты сарайлар берік сапалы материалдардан салынғандықтан, олардың көпшілігі күні бүгінге дейін сақталған.
Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды СТИЛЬ деп аталады
Ал енді Грекия мен Рим сәулет стилімен танысайық.- антикалық дәуір деп атайды
Ғимараттардың шатыры мүсіндермен, қабырғаға сылағы кеппей салынатын суреттер - фреска, мозайкалар(түсті минерал қосып балқытылған шыны сынықтары) Ең әйгілі құрылыстардың бірі - Парфенон храмы. 5 ғасырдың ортасында Афиныдағы Акропль қыратында тұрғызылған грек храмы. периметрі бойынша биіктігі 10 метрлік 46 баған қоршап тұрған.
Көне Римнің батпақтан құрғап қалған орталығында қаланың басты алаңы - Форум салынды. мұнда жиындар өткізіліп, императорлар сайланды.
Римнің ең әйгілі құрлысы КОЛИЗЕЙ б. д. д 1 ғ салынған. 50000 мыңнан астам көрермен сиятын болған. 4 қабаттан тұратын. аренада гладиаторлар, жабайы аңдар айқасы көрсетілетін болған. колизейдің ашылу салтанатында 5000 жабайы аң көрсетілген.
Сонымен бірге Римде АКВЕДУКТАРЫ осы кезге дейін сақталған.(қалаға таза тау суын жеткізетін аркалы көпірлер)
Сонымен қатар Римде моншалар салынған - термдер деп аталған. Каракалланың термдері өте әйгілі болған, 2500 аса адам жуына алатын. сәнді сарайларға ұқсаған.

Роман стилі
Европалықтарда менің үйім - менің қамалым - деген мәтел бар. бұл мәтелді айтқан кезде әрбір адамды, өмірдің қиыншылығынан қорғап, оларды жеңуге көмектесуін меңзейтін болар.
11 ғ бастап Европада бай жер иеленушілер - феодалдар қамалдар тұрғыза бастаған. гректер мен римдіктердің сымбатты әрі нәзіктік туғызатын құрылыстарының орнына ауыр, аласа, түнерген ғимараттар бой көтерді. мұндай қамал салуға мақсат - сыртқы шапқыншылықтан қорғану болатын.
Слайд. Шильен қамалы( Швецария)
Готика стилі
12 ғ роман стилі ақырындап готика стиліне ауысты. ауыр да ұсқынсыз ғимараттардың орнына аспанмен таласқан биік ғимараттар бой көтерді. христиан дінінің бекуіне байланысты готика стилінде діни қызмет пен рәсімдер өткізілетін соборлар болды.
Германиядағы Кельн соборы.
Терезелері сәнді витраждармен жасалған. Гүлөрнек – негізгі элементі болып табылды.
Готика стилінің ең әдемі соборларының бірі Нотр - Дам де Пари (Париждегі Құдай анасы соборы) алайда құрлысы 170жылға созылды.
Қоңырау – ажырамас бөлігі болды. 15 тонна салмағы, салтанатты кездерде ғана соғылатын.
Собор мен оның салыну тарихына байланысты оның көптеген аңыздары бар. соның бірі қақпасын жасаған ұста туралы, денсаулығынан айрылған. ал құлыптардың құпияс алі күнге дейін ашылмаған.
Собор шатыры қиял - ғажайып гаргугалар мен химералармен әшекейленген.
Орта Азия мен Шығыс сәулеті (слайд)
Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері негізінен арабтар енгізген ислам дінінің ықпалымен дамыды. мұсылмандарға адам мен жануарларды бейнелеуге тиым салынған. Сондықтан суретшілер өрнектер мен оюлар арқылы көрсеткен, мозайкалармен, геометриялық өрнектермен безендірілген
Жиі болған шапқыншылық пен табиғат апаттарына байланысты Орта Азиядағы ескерткіштерінің көбісі қирап жойылып кеткен.
Біздің заманымызға дейін жеткен, мысалы; 15 ғ Самарқан қаласының Регистан сәулет өнеріне үш мұсылман білім беру медресесі - Ұлықбек, Ширдор, Тілаққари кіреді.
Қазақстанның көне қалаларының бірі Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - қазақ халқының мақтанышы. орталық күмбезінің диаметрі 18 метр 10 ж ішінде тұрғызылған. ұлы ойшыл және ақын Қожа Ахмет Йассауи құрметіне тұрғызылған. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша салынған.
Кесене ішінде үлкен тайқазан, жеті металл қосындысынан құйылған. салмағы - 2 тонна, диаметрі 2 метр.
Ал қазіргі заман сәулет өнеріне келсек. олар - Көп қабатты үйлер, театр үйлері, қонақ үйлер, бәйтерек, Ақ Орда, Нұрмешіті т. б(слайд)
Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда. Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын. Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
Ү. Сабақты пысықтау.
Оқушыларға тапсырма беріледі әр үш топ өзінің плакатына, топтасып сурет салады.
Балалар, сендерге «Көне қала» тақырыбына тарихи пейзаж жазу тапсырылады. сызықтық және ауа перспективасын есіңе түсір. жұмысты акварель, гуашь, фломастер немесе аппликация түрінде орындауға болады.
Топқа бөле отырып, «ойлан тап» ойынын ойнап, тақырып бойынша тапсырма беру. қай топ бірінші қол көтерсе сол топ жауап береді.
А) Мына шаршы ішіне сәулет өнеріне байланысты терминдер мен атаулар жасырылған. Оларды тап(колизей, акведуктар, роман, рим, готика, медресе)
а к в р с м а
ю о е д у қ н
и л я о т и э
з е й г а к й

Ә) треннинг. Сөйлемді аяқта:
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі...... әмірі бойынша тұрғызылған (Әмір Темір)
2. Орта ғасырдағы сәулет өнерінің жауһары -..... (Регистан)
3. Регистан сәулет кешені.... тұрады. (Самарқан қаласы)
4. Үш мұсылман білім беру медресесі........ ( Ұлықбек, Ширдор, Тілаққари)
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі....... орналасқан. (Түркістан)
6. Кесененің ішінде үлкен..... бар (қазан)
Б) «Нотр - Дам де Пари» Сөзжұмбағын шеш.
Тігінен: 1 Нотр - Дам де Пари соборында кездесетін сәулет өнері стилінің бірі.
3. Собор шатырына сән беріп тұрған мифологиялық тіршілік иелерінің бірінің атауы.
Көлденеңнен: 2. Собордың ажырамас «үнді» бөлігі. 4. Собордың кіреберісімен витраждарын безендірген шеңбер түріндегі сәулет өнері элементі. 5. Соборға сән беріп тұрған түрлі түсті шыны бөлшектерінен тұратын терезе.

1 3
г г
2 қ о ң ы р а у
т р
и 4 г у л ө р н е к
к у
5 в и т р а ж л
а

В). Шұғыл есте сақтау.
Тақтаға жеті сөз жазылады.. Сонан соң екі - үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды.. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, онда ұпай жинайды.
Стиль, парфенон, форум, колизей, акведуктар, роман, готика, сәулет.
ҮІ. Қорытындылау.
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту сұрақтарын қоямын.

Сәулет өнері деген не? (құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет дейді)
Стиль деген не? ( Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды стиль деп аталады)
Стиль түрлерін ата? (Грекия мен Рим, РОМАН. ГОТИКА)
Көне ескерткіштерді ата. (парфенон, форум, колизей, акведуктар, қазан)
Қазіргі заман сәулет өнері мен өткен ғасырлардағы сәулет өнері айырмашылығы неде?
Мозайка деген не? түсті минерал қосып балқытылған шыны сынықтары
Парфенон деген не? (Ү ғасырдың ортасында Афиныдағы Акропль қыратында тұрғызылған грек храмы)
Римнің ең әйгілі құрлысы(. колизей)
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада салынған?(Түркістан)
Акведуктар қызметі қандай болған? (қалаға таза тау суын жеткізетін аркалы көпірлер)

Сонымен біз балалар сәулет өнеріне саяхатты өттік, сендерге ұнады ма осы саяхат, несімен ұнады қандай қызық деректер білдіңдер?
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Сонымен балалар мен бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының жұмысына байланысты жеке бағалар қоямын. Жеңген топқа орын беру.
1 топ - көк түс
2 топ - қызыл түс
3 топ - сары түс

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 84 бет Ұлықбек медресесінің суретін сурет дәптерге бейнелеу..
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Қазақстанның XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Қазақстанның ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері

Қазақстанның ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнері

Ақтөбе қаласы, № 34 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сагингалиева Бакытгуль Таскинбаевна...
Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Көксәйек арнайы негізгі орта мектебінің тарих - география пәнінің мұғалімі Жолдасова Эльвира Берлесқызы...
Сәулет өнері

Сәулет өнері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сәулет өнері туралы түсінік беру Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын дамыту. Ғимарат...
Қазақстанның XIV - XV                                                       ...

Қазақстанның XIV - XV ...

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Шораева Перизада Еренқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×