Сайтқа кіру Тіркелу

Бозбала мен бойжеткен

8-Наурызға байланысты өткізілген бейнелеу өнері мен технология пендері бірлесе откізген кеш
Тақырыбы: «Бозбала мен бойжеткен»
Мақсаты: оқушылардан адамға тән ең шынайы сезімдерді бойына сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге, отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ана мен бала арасындағы перзенттік махаббат, ата - анаға деген құрмет, досқа адалдық сезімдерін бағалай білуге және қастерлеп сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың арасында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кешті ашу.
Барысы:
Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! бүгінгі біздің кешіміз ерекше. Біз балалығымызды тастап, бір қадам болса да алға аттап, бозбала мен бойжеткен атандық. Яғни бүгінгі кешіміздің тақырыбы: «Бозбала мен бойжеткен» деп аталды. Үш қатардан бір ұл бір қыздан шығады. Сайысқа қатысатын оқушылар төмендегі байқау түрлері бойынша сайысқа қатысады:

1. Жұп атын таңдау.
2. Ой толғаныс
3. Жігітке жеті өнер де аз
4. Қыз еркем, ісімен көркем.
5. Жанкүйерлер сайысы
6. Сый – думан
7. Сенің таңдауың?
8. Қортынды.

1. Жұп атын таңдау кезеңі.
Асыл арман, мақсат деген бізбенен,
Арман қуып, кетерміз біз ізбенен
Алдымыздан шықса екен деп тілеймін
Бақыт жолы біздер ғана іздеген, - дей келе, жұп атын таңдау байқауын бастаймыз. Ол үшін жүрекшелер екіге бөлініп, ішкі бетіне өлең шумақтары жазылады. Ұл мен қыз дұрыс құрастырса жұп аты шығады.

Сыйлау керек «Гүлсезімді» сыйлау керек,
Сыйлау керек жәбірге қимау керек
Жауқазындай жайқалып ғұмыр бойы
Жүректердің жылуын жинау керек.

Балдауренім» - аяулым, ақ арманым
Жыл сайын жасарғаным, жанарғаным
Қызық қуып терезеден қадалғаным
Білім қуып сыныпта қамалғаным!

Білімді біз «Балауса» жас армандар
Көп үйреніп бар ұстазға ұнағандар
Қиындықта тосылып саспағандар
Бастарына тек кітап жастағандар!
2.«Ой толғаныс» байқауы.
Бозбалалар мен бойжеткендерге тапсырма беріледі. әр түрлі тақырыптарда өз ойларын жеткізуі керек.

Тапсырма:
№1. Суретті жұмбақ.
№2. Кейіпкер аттарын табу.
№3. Кино атын табу.

Тәрбиеге күш жігер салып көп,
Сыйластықты ата дәстүр қалып деп,
Сол ата - ана ұялатар санаңа
Қастерлеуді ұлттық салтты дәріптеп.
3.«Жігітке жеті өнер де аз»
Бұл кезеңде бозбалаларымыздың қол шапшаңдығын тексереміз. Яғни қағаздан қалақша үлгісін жасау. Қыздарымыз демеп отырады.
4. Қыз еркем, ісімен көркем.
Даласы кең, осыншама салты бай,
Өле сүйген, сүйе алмаған жартылай.
Қажет жерде батыр қыздар туатын,
Қайран менің қазақ атты халқым - ай.
Келесі байқауымыз «Сый - думан» деп аталады. Сый – думанның ерекшелігі әр топтың шығармашылықтары байқауға түседі. Мерекелік кештерде сыйлықтарын кімге, қалай ұсыну керектігін көрсетеді. Мұнда сонымен қатар сахналық қойылымдары, актерлік шеберліктері бірге бағаланады.

5. Жанкүйерлер сайысы
Үш жұптың жанкүйерлеріне ситуациялық сұрақ беріледі.
Тапсырма:

6.«Сый – думан».

7.«Сенің таңдауың?»
Бұл кезеңде ұлдар мен қыздарға ортақ сұрақ беріледі.
Тапсырма:
8. Қорытынды:
Бозбалаларға: Бойжеткендеріміздің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргін келеді?
Бойжеткендерге: Сенің таңдауындағы бозбаланың қандай болғанын қалайсың?
Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін әділқазы мүшелеріне сөз береміз.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі апталықтың қортынды кешінен көп ой түйгендейміз. Махаббат жөнінде кесіп айту мүмкін емес, ол туралы жырлар мен сырлар еш таусылмайды. әрбір адам өз тағдырымен ғана сезінетін осынау қилы жолда сендерге әрқашан сәттілік тілеймін. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×