Сайтқа кіру Тіркелу

Автопортрет

Автопортрет

Автопортрет

Біздің көз алдымызда бір егде тартқан кісінің дидары тұр. Оның көруші жүзіне үңілген байсалды жанарында әлде бір тұңғиық мұң бар. Шытыныңқы қабағында шытырман ойлар таңбасы жатқандай, бірақ біз оның шабытты, тәуекелге берік, сабырлы жан екенін қапысыз танып тұрғандаймыз.
Бұл – Рембрандтың автопортреті, немесе суретшінің өзін бейнелеген шығармасы. Ол айнаға қарап, өзінің бет-әлпетін әбден қадағалай зерттеп отырып кескіндеген.

Суретшілер адамдардың портретін салады. Сонда олар қандай мақсат көздейді? Белгілі бір жандардың дидары кейінгі ұрпақтың көз алдында тұрсын дей ме екен? Жоқ, тек ол ғана емес. Портретте суретші адамның жан дүниесін, оның мінезін, ой-сезімін жарқырата ашып беруді мұрат етеді.

Кейде біреу кенет ойға шомса, не күліп жіберсе, біз оның бет-әлпетінен бұрын соңды байқала қоймаған жаңа бір сипат көргендей боламыз ғой. Суретші де өзі бейнелеп отырған адамның жан-дүниесін жете тану үшін осындай тосын сәттерді аңдиды. Кенеп бетіне өзі реттеп отырған кескіннің әлгіндей ең басты, ең маңызды деген сипаттарын ғана түсіреді. Сондықтан да портрет өзі кескіндеп отырған адамның сыртқы ұқсастығын дәл жеткізумен шектелмейді. 17 ғасырда өмір сүрген ұлы голланд суретшісі Рембрандт ван Рейн көптеген автопортреттер тудырған. Оларға қарап отырып, суретшінің күллі өмір жолына, ойлары мен бастан кешкен сан алуан көңіл-күйіне әбден қаныққандай боласыз.

Міне, ол өзінің жап жас жары Саскияның қасында. Өне бойын күш кернеген, тепсе темір үзетін жас жігіт. Оған өмірдің өзі бар мейірін аяусыз төгіп тұрғандай: сүйікті жар, сүйкімді балалар, ел танитын атақ-даңқ – бәрі бір басында. Сондықтан ол бұл автопортретте ешқандай уайым-мүңсыз, жадырай күлімдеп, жайбарақат тұр.
Бірақ жылдар өтіп, егде тартқан сайын Рембрандтың бет-әлпеті сан қилы құбылады: бірде ол өзіне-өзі нық сенетін байсалды қалып танытса, екінші бір жолы әбден қажыған қаяу кейіп байқатады, ал үшінші автопортретте әлденені, әлдекімді кекете күлімдейді.

Рембрандт өзінің қартайған кезін талай рет бейнелеген. Ол тұстағы шығармаларынан бастан кешірген қайғы-азаптарының лебі еседі.

Суретшілердің өз портреттерін салмағаны жоқ деуге болады.
Әйгілі «Помпейдің ақырғы күні» картинасының авторы Карл Брюллов өзін айықпас ауруға шалдыққан кезінде бейнелеген. Әбден сүлдері құрып, шалқақ сәкіге шалқалай құлаған; қолдарынан да әл кеткен былқ-сылқ; картинаның нарт қызыл фонында әлсіз кісінің құп-қу солғын өңі бозарады. Бұл шығармаға қарап отырып, көз алдыңызға адамның әбден можаған ауру адам екенін айтпай-ақ білесіз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Суға батып кеткен ғибадатхана

Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады,...
Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу

Интерьерлік қойылым фонында адам фигурасын бейнелеу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: 1. Интерьерді адам тұлғасымен біріктіру. Перспективті қысқартуларды есептей отырып бейнелеу. 2. Дамытушылық:...
Портрет – бұл адамды бейнелеу

Портрет – бұл адамды бейнелеу

Әртүрлі ракурстағы адам басы конструкциясының перспективасы. Бет көлемінің, оның бөлшектерінің, шашының, мойнының «мүсіндеріндегі» реңдік шешімдер....
Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Портретті бояумен кескіндеу (кескіндеме сабағы)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Кескіндеме портретіндегі натураның жеке даралығын көрсету. 2. Дамытушылық: Балалардың бояумен портретті салуын,...
Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Жұмсақ материалмен гипстен жасалған адам басының суреті

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды адамның бет - бейнесін бейнелеуге үйрету. 2. Дамытушылық: Балаларды адамның мінез құлқын, ұқсастығын бере...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×