Сайтқа кіру Тіркелу

Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары

Пәні: Сызу
Сыныбы: 9 сынып
Тақырыбы: Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекциялары
Сабақтың мақсат - міндеттері:
А) Білімділік: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекциялары туралы ақпарат беру
Ә) Тәрбиелік: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекцияларын сыза білуге үйрету
Б) Проблеманы шешу: Жазық жақты аксонометриялық нәрселердің проекцияларының түрлерімен таныстыру және оны салу ретін үйрету
Түрі: Аралас, дәріс, машық
Әдісі: Ауызша, көрнекілік, машықтық
Пәнаралық байланыс: Математика
Қажетті құрал - жабдықтар: Сызғыш, қарындаш, өшіргіш, А4 форматы, циркуль, транспортир т. б
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтағы материал сұрақтар қою арқылы пысықталады.
Өткен сабағымыздың тақырыбы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік) қатысады. Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық (100 - сурет).
4 - кестеде осы тетіктің фронталь диметриялық проекциясы мен изометриялық проекциясын салу ережесі көрсетілген. Мұнда жалпы алғанда, салу бірдей, айырмашылығы тек осьтердің орналасуы мен у осі бойына салынатын кесінділердің ұзындықтарында ғана. Нәрсенің фронталь диметриялық проекциясын салу кезінде оның енінің (у осі бойындағы) екі есе кішірейетінін ұмытпаңдар.

IV. Машықтық кезең:
Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз. Ол үшін:
1) Алынған фигураның төбелерінен у осіне параллель етіп сәулелер жүргіземіз. Осы сәулелер бойына тетіктің қалыңдығын (фронталь диметриялық проекция үшін оны екі есе кішірейтіп) саламыз.
2) Алынған нүктелер арқылы алдыңғы жақтың қырларына параллель болатындай түзу кесінділерін жүргіземіз.
3) Артық сызықтар өшіріледі. Көрінетін контурды бастыра жүргіземіз. Өлшемдер түсіреміз.
V. Қорытынды:
1. Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде не пайдаланады?
2. Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш осьті пайдаланудың себебі неде?
3. Нәрсенің фронталь диметриялық проекциясын салу кезінде оның ені қалай өзгереді?
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.
VІ. Үйге тапсырма:
4 - ші кестедегі сызбаларды аяқтау
Сабақ аяқталады.

БҚО облысы,
Зеленов ауданы, Янайкин ауылы,
Батурин жалпы орта білім беретін мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі
Садикова Нурғиса Сапарғалиқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Геометриялық денелердің проекциясын түсіру

Сабақтың мақсаты: а) білімділік мақсаты: геометриялық денелер тобын кескіндеп, олардың проекциясын түсіруге, логикалық ойлауға қалыптастыру ә)...
Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері

Проекциялау түрлері, олардың қасиеттері

Проекциялау деп жазықтықта (қағазда, экранда, дәптерде) нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция...
Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...

Аксонометриялық проекцияларды алу және оларды салу (фронталь диметриялық жә ...

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың білімін қалыптастырып қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру. ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту,...
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы...
Геометриялық денелер тобының проекциялары

Геометриялық денелер тобының проекциялары

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ - ің бейнелеу, сызу, технология пәнінің мұғалімі Қошқарбаев Мәлік Файзоллаұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×