Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны, сондай – ақ еліміздің ірі білім және ғылыми орталығы болып табылады. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады.

Бүгінгі таңда әл - Фараби атындағы ҚазҰУ алуан түрлі мамандықтарды ұсынатын білім және ғылым ордасы. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында 20 жылға жуық уақыт аралығында дінтанушы мамандарды (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура деңгейінде), соңғы жылы исламтанушыларды заман талабына сай даярлауда.
Дінтану мамандығына бакалавр, магистратура, докторантура бойынша гранттардың жыл сайын көбеюін дінтану ғылымының дамуына мемлекет тарапынан жасалған қолдау ретінде бағалауға болады. Қазіргі Қазақстандағы дінтанулық білім өзіндік базаға, тиісті білім үдерісі құжаттарына, қалыптасқан тәжірибеге ие, халықаралық ғылыми және білімдік байланыстарды жандандыруға өзіндік үлес қосып отырған қоғам өміріндегі маңызы жоғары білім беру саласы болып табылады.

Дінтану – діндердің пайда болуын, дамуын, қызмет ету заңдылығын, оның құрылымы мен түрлі компоненттерін, көпқырлы феномендерін, қоғамдағы орнын, діндер мен мәдениеттің салаларымен өзара байланысы мен өзара әрекеттестігін зерттейтін мамандық. Дінтану мамандығы алғашында философия, тарих және дін ілімі ықпалымен дамыған. Ал қазіргі уақытта дінтану мамандығы зерттеу тақырыбына байланысты түрлі ғылыми пәндер кешені ретінде танылады. «Дінтану» мамандығын оқыту үдерісі барлық оқу орнында мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес бекітілген бағдарлама бойынша жүреді.

Дінтану – адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жүйесі. Ол тек бір ғана дінмен шектеліп қана қоймай, бүкіл діндердің ілімін, діни жазба ескерткіштерін, діни ұйымдарды да жан жақты қарастырады.
Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын.
Дінтану мамандығы, еліміздегі ең жас мамандықтардың бірі. Және оқу программасы да мемлекеттік жоғары білім беру стандартына сай. Бұл мамандық – қазіргі таңдағы ең қажетті мамандықтардың қатарына жатады. Себебі, дін мәселесі әр кезеңде өзекті мәселе болып қала бермек.

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н. Ж.,
дінтану мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К. Е.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

Деструктивті және радикалды діни ағымдар, ұйымдар идеологияларының алдын ал ...

2018 жылдың 5 желтоқсанында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К. Е. педагогикалық практика аясында «Деструктивті және...
Құдайға құлшылық  пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер

Құдайға құлшылық пен ғұрыптар: авраамдық діндердегі діни күйлер

2018 жылдың 28 қарашасында «6M020600 Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Касаинова К.Е. педагогикалық практика аясында «Құдайға құлшылық пен...
Дінтану мамандығының маңызы

Дінтану мамандығының маңызы

Дін бағзы заманнан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Адам пайда болғалы бері белгілі бір діни сенім қоғамның ажырамас бөлігі болғаны...
«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту                                 ...

«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқыту ...

Мақсаты: 1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. 2. Сабақ үрдісіндегі...
Діни экстремизмның алдын алу

Діни экстремизмның алдын алу

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Сарат орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Узакбаева Дамира Оразгалиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету