Сайтқа кіру Тіркелу

Біз мектепке барамыз

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, тілдерін дамыту ата - аналармен бірге мерекелік көңіл - күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылық арттыру өз өнерлерін ата - аналарға көрсету. Бүгінгі өтілетін арқылы білім - біліктерін, дағдыларын көрсету. Білімге құштар болуға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жинақтылыққа, ертеңгілік барысында өздерінің дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер. «Біз мектепке барамыз!» тағыда басқа сөздер жазылған плакаттар, суреттер, шарлар, үнтаспа үлестірмелі әріптер мен сандар.
Кіріспе:
Жүргізуші: Ардақты да аяулы ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Бүгінгі даярлық «Ә» тобы бүлдіршіндердің «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер. Бүлдіршіндеріміздің алғаш осы мектеп табалдырығын аттағалы бері сәлемдесуді, партада отыруды, қалам ұстап сурет салуды ән айтып, би билеуді әріп танып, жазуды, оқуды үйренді. Ізеттілік, тәртіптілік және біліміне бұл болашаққа бастайтын сара жол. Осы жолдың өнегелі де үлгілі жолдаушылары біздің балаларымыз. Аттаған қадамдары құтты болсын, болашақта елін қорғайтын, Отанын сүйетін, біз мақтанатындай ұл - қыз болсын - деп шашу шашып тойламақпыз. Ендеше «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1. Жүргізуші:
Ұшырып көкірегімнен жер кептерін
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық
Бүгінгі кештің шынайы кейіпкерін.
Келеді жаңа ғасыр перзенттері
Көшбасшы керемет кемеңгерлері
Болашақ президент министрлер
Ерен ер қазағымның төрелері.
2. Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратын баршаға
Шын көңілмен құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Бүлдіршіндерді қарсы алып,
Бәріміз қол соғайық.
1. көз салып қараңдаршы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келдіңіз ұстаздар, ата - аналар
Дайындықпен қоштасу тойымызда.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар және қонақтар. Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру ұстаздың міндеті. Барлық ғалымның атасы алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жарқын досымыз дайындықпен қоштасқалы отырмыз.
2 - ші жүргізуші: олай болса, «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Негізгі бөлім
Мұғалім:
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күннің әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.
1. Жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын ағайын.
2. Жүргізуші:
Айналайын балалар
Алда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар.
1. Жүргізуші:
«Сәлем - сөздің анасы» деп кезекті
Ізеттілік әліппесіне берейік
1 - бала: Көшелерден біз өткен
Ата көрсем жақын кеп.
Азамат: сәлем берем ізетпен
«Ассалаумағалейкум»- деп.
2 - бала: Кім кездессе де көшеде
Таныс емес демеймін.
Нүргүл: Аға, тәте, көкеге
«Сәлеметсіз бе»- деймін.
Хормен: үлкенге де сіз
Кішігі де сіз
Барша жанды құрметпен
Бас иеміз біз.
Ән; «Анашым»
Жүргізуші: Балалардың өзін таныстыруы.
1. Жақсы әдетті, жақсы істі
Бойыма әр кез термекпін
Қиын - ау деп қайыспаймын
Ер мінезді сағынышпын.
2. Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын Жалғасбай Жанеркемін
Оқуды да, жазуда тез меңгердім
42 - әріпті жатқа білем.
3. Ақжол деген баламын
Таудай биік талабым
Жақсы оқып сабақты
Білімді адам боламын.
4. Отбасының еркелеткен
Жарқыраған жұлдызымын
Сабақты жақсы оқимын
Аяулым деген қызыңмын.
5. Ата - анамның ардақтаған
Балауса атты қызымын
Әжем мені еркелетіп
Дейді «Алтын - жүзім!»
6. Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр баланың
Жақсы оқитын сабақты
Ғалымжан атты баламын.
7. Ай нұрынан жаралған
Ай мен күнді анамның
Ақылдысы баланың
Кілең бестік сабағы
Нұргүл деген сұлудың
Мен боламын ағайын.
8. Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма? жана ма?
Жеті өнерде - жеткіліксіз
Саян атты балаңмын.
9. Мен де есті баламын
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанға барамын
Жақсы менің сабағым
Айнұр деген ару қыз
Мен боламын ағайын.
10. Суретті шебер саламын
Есепті де шығарамын
Білімді де өнерлі
Азамат атты баламын.
11. Кең болсыншы еліміздің керегесі
Тату болсын, болмағай ерегесі
Таныстырсам өзім, оу, ағайын
Дарихамын ата - әжемнің немересі.
12. Сабақиан еш қалмаған
Ерінбей оқып талмаған
Боламын дейді үлгілі
Ақылбек атты балаң.
13. Әріпті жатқа білем бүгінде.
Өз бетіммен оқи алам ертегі
Танысыңыз әдепті қыз
Айдана мен боламын.
14. Мен спортшы Айдос
Ұрпағымын әулеттің
Алтын алқа алуға
Талапталып көрмекпін.
15. Гүлжайна мен боламын
Айдай өсіп толамын
Еркін шарлап жүремін
Білім ғылым ғалыммын.
16. Жалықпай оқыдым
Көңілге тоқыдым
Мадинамын ақылды
Кітаптың досымын.
17. Айгерім деген қызбын мен
Жанарынан күн күлген
Оқу оқып мектепте
Жайраң қағып жүрмін мен.
18. Нұртілек деген ұл едім
Білім алып түледім
Сабағымнан бес алып
Озат болып жүрмін.
19. Әрбір іске жауапты
Нұрбибімін талапты
Білім көгін шарлаған
Қыран болам қанатты.
20. Думан менің есімім
Жақсылардың досымын
Топтан озып бәйге алу
Алға қойған шешімім.
21. Ерсұлтан деген баламын
Таудай биік талабым
Бестіктермен басталар
Ең алғашқы қадамым.
22. Ынталы да инабатты
Өнегелі бір қызбын
Ата - анамның ақылдысы
Мен боламын Аружан.
23. Шашы ұзын, әрі көрікті қыз
Қанеки бәрің бері қараңыз
Дидары атқан таңдай арайлы
Бұрымды қыз сара мен болам.
24. Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қорғайық
Ұлыңыз бар Балғынбектей
Ел намысын қорғайық.
Би: Тау тау сезім «Қыздар тобы».
Жүргізуші: Тақпағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Сағыныш: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын табамыз
Дайындықпен қоштасып
Біз мектепке бармыз.
Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормын тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана.
Ғалымжан: Біздің келер шамамыз
5 - тен 3 - ті аламыз
4 - ті қосып 2 - ге
Жауабын тез табамыз
Әліппеден әріп танып
Алғаш рет оқимыз
Тәрбиеден тәлім алып
Санамызға тоқимыз.
Айдос: Балалардың баршасында бүгін той
Дайындықпен қоштасу күн іліп қой
Алақай - ау, алақай
Той тойлаймыз балақай
Қызарғанша алақан
Қол соғайық балақай.
Саян: Мектеп бізді тосты алда
Сендер енді бос қалма
Тапсырдың жаңа келетін
Іні, қарындастарға
Қош, балалар сәт сапар
Бақытты бәрің болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:
Оқу білім ордасы
Ұстаз оның арнасы
Ұстаздық деген қылып іс
Адамдықтың айнасы - деп
Әрі қарай тақпағымызды жалғастырамыз.
Жанерке: Шәкірттерің сізді айтып мақтайды
Бейнеңіз жүректерде сақтайды
Біз әлі биіктерден көрініңіз
Үміт пен өніміңіз ақталады.
Аяулым: Мұғалім ұстазысың балалардың
Болашақ ақындармен ғалымдардың
Өмірде сенің алар орныңа
Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.
Айдана: Есімде ұстаздың қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Мадина: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Даярлықта білім алған өзіңнен
Барлық шәкірт саған басын иеді.
Айгерім: Ең алғаш қолға алған сауатты ашуды
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітапты
Ұстазым кілтін маған алып берді.
Нұрбибі: А - ны айтқанда дауысым дірілдеп
Ұстазым - көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп
Сөз оқимын, айырып буынды енді.
Аружан: Әр күнім алып келер жаңалықты
Тоқимын оқып білім, жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жадымда сағат сайын жаңартып
Би:
Жүргізуші: Жырын жаттап саламыз
Жалықпастан қыс, жазы
Ұлы Ыбырай атамыз
Ұстаздардың ұстазы
Ұран тастап көп елге
Кел балалар оқылық
Деген сөзін көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әрі қарай тақпағымызды жалғастырамыз.
Білуге құштармыз
Ақылбек:
Білуге құштармыз
Қаламды ұстармыз
Ұшатын ұядан
Балапан құстармыз
Тезірек өсеміз
Сөйлеуге шешенбіз
Жұмбақты жасырып
Жауабын тез шешеміз.
Дариха:
Айтқанды тыңдаймыз
Отырып ойнаймыз
Ойыншық шашылған
Орынды жинаймыз
Өлеңді айтамыз
Домбыра тартамыз
Тәртіпті баламыз
Көңілді ортамыз.
Би: «Әке толғауы»
Жүргізуші:
Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана - күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер баласы деп тақпағымызды жалғастырамыз.
Ақжол:
Енді үлкен баламын
Ананың тілін аламын
Әжемнің барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
Балауса:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып дайындықпен
Біріншіге барамыз.
Нұртілек:
Ана тілін ардақтап
Ана салатын біз көрді
сурет салып, ән жаттап
оқып жазып үйрендік.
Айнұр:
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Дайындықты қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін.
Балғынбек:
Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын
«Жаман бала» дегізбей
Жақсы оқитын боламын
Дайындығым қош енді
Әр кез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін.
Ерсұлтан:
Бізге әріп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен суретпен
Думан:
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Нанға кетсе апамыз
Үйде өзіміз қаламыз.
Жүргізуші:
Кел, балалар ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайды.
Ойын: «Шар жару»
Сара: Аналарды құрметтейміз, елейміз
Аспандағы ай ме күнге теңейміз
О, аналар сіздерді үлгі тұтып
Бақыт пенен денсаулықты тілейміз.
Ғалымжан.
Ата - ана бақытымсың, бармысың
Тірегімсің, сүйенішім, ағамсың
Жалғасындай ата - ананың балалары
Жақсы атымен бар әлемге танылсын.
Балаң өсті ержетті, жігіт болып
Қызың өсті бойжетті, үміт болып,
Мың алғыс ата - анаға біз арнаймыз
Өнерлі боп өсеміз, ақыл толып.
Жүргізуші:
Жақсы білім көрімдік
Болсын бізге халайық
Не үйрендік не білдік
Қане ортаға салайық.
Санамақ Тура - керу санау.
Азамат.
Бір дегенім баспана
Нанды жерге тастама
Екі дегенім - ирек
Қар жауады сирек
Үш дегенім - үтік
Құрбымды көп күттік
Төрт дегенім - ту Саян:
Айлакер түлкі қу Он дегенім - Отаным
Бес дегенім - бау Тоғыз дегенім - торпағым
Балық аулайтын ау Сегіз сеңгір - тауарым
Алты дегенім - алақай Жеті жасыл - бауларым
Кел билейік балақай Алты - алтын күн төккен нұр
Жеті дегенім - жұлдыз Бес - бұлағым ел дәулетті
Аспандағы құндыз Төрт - туған ел дәулетті
Сегіз дегенім - серке Үш - үйлерім сәулетті
Ән салайық Ерке Екі - ата - анам еңбекқор
Тоғыз дегенім - толғам Бір бақытты - бөбектер
Досым дұрыс ойлан Аман болса осылар
Он дегенім - орақ Жасыма жас қосылар.
Ай деп қалма бірақ. Қадірімді дос ұғынар
Кезім болмас таусылар.
Ән: «Топ - топ балақан»
Жүргізуші:
Кеше сәби баламыз Бірі сүйіп спортты
Жарады міне қараңыз Бірі сурет салады
Ғылым - білім жолында Талабы зор балалар
Енді қалың боламыз. Бәйгеден орын алады.
Деп алфавитті тақпақтарымызға кезек берейік.
А: Думан: Ә: Нұргүл:
Ардақтымыз - анамыз әдеп - тәртіп білеміз
Аялаған баламыз әдеппен сөйлеп күлеміз
Ақыл, сана ой берген әрқашан жұрт алдында
Ана тілін аламыз. Әдеп сақтап жүреміз.
Б. Гүлжайна: Д. Нұрлыбек:
Бағаға қарт киелі Досты сылау салтымыз
Баласы бас иеді Достық жасау шартымыз
«Бала - бауыр еті»- деп Достық жасап бар елмен
Баласын ол сүйеді. Достасады халқымыз.
Е. Айдос: З. Сағыныш:
Есті бала ержетіп Заң - тәрбие жүйесі
Елдің қамын ойлаған Заңның халық иесі
Ессіз бала кер кетіп Заңға әркім бағынар
Есірлігін қоймаған. Заңға тәртіп - тиес.
И. Айдана: Г. Аяулым:
Иманды жан - әдепті «Гүлім» дейді анасы
Иман - сеніп әдепті «Гүл қыз» дейді ағасы
Имандылар біледі Гүлдей жайнап жүреді
Имандылық әдетті. Гүлсімнің зор санасы.
К. Ақжол: Н. Ерсұлтан:
Көктем менің тірегім Нақыл сөзін атамның
Көктем сүйер түлегім Нақ орындап, бата алдым
Көп жұмысын орындап Нақты жұмыс атқарып
Көмекші боп жүремін. «Нағыз жігіт» атандым
О. Жанерке: Ө. Айнұр:
Отанымыз анамыз Өсті біздің санамыз
Отан сүйген баламыз Өмір сүйген баламыз
Оқып білім аламыз Өлең - жырды жаттаймыз
Оты болып жанамыз. Өнер сырын табамыз.
М. Нұрбибі: Р. Аружан:
Момынды жұрт мақтаған Рақымды кәрі атам
Момындықтан бақ табам Рақымшыл бар адам
Мол жұмысты бір өзім Рақым етіп сыйласақ
Мойымастан атқарам. Разы болар әр адам.
С. Саян: Х. Балауса:
«Сабырлы» жетер мұратқа Халқымыз - біздің аламыз
Сабырсыз қалар ұятқа Халқымыз - асыл баламыз
Сабырдың ақыл туындай Халыққа қызмет етеміз
Сабырдың туын құлатпа. Халықтан қуат аламыз.
Е. Айдос: Қ. Дариха:
Есті бала ержетіп қалам, қағаз, қарындаш
Елдің қамын ойлаған құрбы, құрдас, қарындас
Ессіз бала кері кетіп Қ - әріптен басталар
Есерлігін қоймаған. Деп жазсақ да қара қас.
У. Мадина: Ы. Балғынбек:
Уақыт қарап тұрмайды Ықылас, ынтымақ сезімде
Уайым ойды ұрлайды Ынтық бол білім көзіне
Уақытында іс - қылсаң Ынтамен ұғын білімді
Уақыт бірге зырлайды. Ықтияр кілті өзіңде.
Д. Нұртілек: Т. Айгерім:
Досты сыйлау салтымыз Талмайтын алға баратын
Достық жасау шартымыз Талабың ұшар қанатың
Достық жасап бар елмен Тағылымы елдің - өкпеге
Достасады халқымыз. Талаппен үлгі аламын.
- Енді мақал - мәтелдер айтайық.
Гүлжайна: Сара:
Ананың сүті - бал. Ананың көңілі балады
Баланың тілі - бал. Баланың көңілі далада.
Саян: Айдана:
Күннің шуағы жылы Туған жердей жер болмас
Ананың құшағы жылы. Туған елдей ел болмас.
Сағыныш: Жанерке:
Отан оттан да ыстық Әдепті бала арқылы бала
Отан үшін отқа түс күймейсің. Әдепсіз бала сорлы бала.
Аяулым: Айгерім:
Кітап білім бұлағы Оқусыз білім жоқ
Білім өмір шырағы. Білімсіз күнің жоқ.
Нұртілек: Аружан:
Ақыл азбайды Сіз деген - әдеп
Білім тозбайды. Біз деген - көмек.
Думан: Ақылбек:
Бірлігі бар ел озады Желмен жарыспа
Бірлігі жоқ ел тозады. Көлеңкеңді құма.
Әрі қарай тақпақтарымызды жалғастырамыз:
Ғалымжан: Мадина:
Қуанамыз сыйлаймыз Құшағында жарқылдап
Қуаныштың мың гүлін Өтті сәби күндерім
Алғашқы топты қимаймыз Өсті талап талғамым
Қоштасатын күн бүгін. Көп нәрсені үйрендім.
Нүргүл: Азамат:
Біз балауса баламыз Сен үйреттің сөйлеуді
Жетілді ой санамыз Сенде ойым есейді
Дайындықпен қоштасып Мектепке барам мен енді
Біріншіге барамыз. Даярлығым қош енді.
Жүргізуші:
Кеше ғана қадам басқан мектептің Жақсы шәкірт азамат атанады
Білім берді санаң өсіп көктедің Халқыңнан ата - анадан бата алады
Бойыңда өсті ойың да өсті қарашы Ұрпағына айтсам деп ақ тілегім
Осы емес пе бір белеске жеткенің. Ортаға шақырайық ата - ананы.
- деп «Құпия хаттарға жауап беру» бөлімінде бала тәрбиесіне отбасында, білім беруді хаттар сырын сыр шертуге өз ойларын білдіреді.
Жүргізуші:
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлаумен алдағы бала қамын.
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы саналар
Балалардың есімдер жүректерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпаң аналар - деп
Сөз кезегін Ата - аналарға береміз.
Жүргізуші:
Шаттыққа толы жанары
Сыйлайды нені кім білсін
Мектепке кетіп барады
Талабы таудай бүлдіршін.
Балалардың қадамы құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Көрініс: «Қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жұмсағым дер».

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Манашы орта мектебінің
дайындық тобы мұғалімі
Джанабергенова Слушаш
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×