Сайтқа кіру Тіркелу

Жүрегі - жыр, пейілі - поэзия

Жүрегі - жыр, пейілі - поэзия
Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан - жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
- «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы сахналанады.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!
Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңіріндей асқақ тұлғалы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жатақхана оқушыларының ұйымдастырған «Жүрегі - жыр, пейілі - поэзия» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
«Кең дүние, аш төсіңді мен келемін», деп Бұқары мен Ақтамбердісі, Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны, Қасымы бар киелі өлкеге балалық еркелігімен, азаматтық арынымен келген ерен тұлғалардың бірі Мұқағали Мақатаев.

Жүргізуші: Ақынның әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. 1941 жылдың желтоқсанында майданға аттанып, Ленинград маңайында болған сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза табады. Шешесі Нағиман өте қарапайым адам екен. Мұқағали шаңырақтың тұңғышы болғандықтан, оны әжесі Тиын өз бауырына салады. Мұқағали өзінің әжесі жайында: «Мені сөзге, жырға үйреткен, тәрбиелеген, халықты сүюге үйреткен, әжем»,- дейді екен.
Тағы да, тағы да қош келдіңіздер!
Баяу музыка ойнайды. Сахнаға Мұқағали Мақатаев кескінді оқушы шығып, «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқиды.
Бүгін менің туған күнім,
Ой, бәле - ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірдің бір жарытпай - ақ қойғаны - ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей.....
«Менің Анкетам» (Оқушы Мұқағалимен сұхбаттасады)
- Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой! Еркекпін! Және тағы тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға бағалаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша. Қысылғанда орысшаң да, немісшең де бар?
- Қайда істедің?
- Оқымаған дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
- Біздің жас әлі кеуде.
- Жауынгердің ұлымын ғой
- Жанын қиған Мәскеуге.
- Сөгіс алып көрдің бе?
- Ол жағынан періште едім дей алмаймын,
- Мені мүлде,
- Ойлы қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
- Ол өзі бір еншісі ғой, әрі ердің де...
- Шет елдерде болдың ба?
- Болғаным жоқ,
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда ақ.
- Мекен жайың?
- Мекен жайым жер менің,
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
М. Мақатаев сөзіне жазылған «____________________» әні орындалады.
Жүргізуші: Мұқағали әр күн, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады.
Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,
Сұрамаймын, алтын менен көрр жақұт.
Бір өзіме жетеді, маған берсе де,
Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт.
___________________ «Үш бақытым» өлеңі оқылады.
___________________ «Отан» өлеңін оқиды.
___________________ «Елім барда» өлеңін оқиды.

Жүргізуші: Махаббат, сұлулық, аққу - осы үш сөзді бірдей теңестіріп теңдестіре білген кім десек, ол – Мұқағали Мақатаев. Сұлулықты аққудай, аққуды махаббаттың символындай суреттей білген жаны нәзік, кеудесі тылсымға толы ақынның қарымды қаламы бұл тақырыпты өте кең қамтыған.
___________________: «Ғашықпын» өлеңі оқиды.

Жүргізуші: «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл», - деп Абай атамыз жырлағандай, махаббат адамзатпен бірге жаратылып, бірге өлетін мәңгілік тақырып. Мұқағали екі жас арасындағы сүйіспеншілік пен асқақ сезім туралы аз жырламаған. Ақынның махаббат тақырыбына арналған жырлары екі ғашықтың жүрек дірілін, бір - біріне деген іңкәрлікті айқын көрсетеді.
___________________ «Махаббат диалогы» өлеңі оқылады.

Жүргізуші: Өлеңдері қандай еді ақынның,
Себелетіп жүрегіңе нұр шашқан.
Ал әндері, қандай еді мөп - мөлдір,
Тыңдай бергің келе береді, тыңдасаң.

Жүргізуші: Ақын Фариза Оңғарсынова: «Мұқағали - біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс, Мұқағали поэзиясы - азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы»деген екен. «Мені түсінгісі келген адам менің өлеңімді оқысын»,- деген ақынның сөзі расқа шықты. Мұқағали жырлары тіршіліктәі тамырындай өміршең, мәңгілік жырлар. Ендеше, сол бір мәңгілік жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ түрелік.
___________________ «Фариза» өлеңі оқиды.
___________________ «Қалқам» өлеңі оқиды.
___________________ «Дос болам десең» өлеңі оқиды.

Жүргізуші: «Естеліктер» кітабындағы Нұрғиса Тілендиевтің мына бір жазғанын тыңдап көрелік:
Мұқағали өткен соң қатты күйзелдім, жүрегім әлсіреп, айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткенде жұмысқа киетін бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз» Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың бір ауыр күнінде әлгі өлеңге ән жаздым. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді.
«___________________________» әні орындалады.
Жүргізуші: «мен сірә, өлмейтін шығармын» деп ақын айтқандай «Ғасыр ақыны», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері» Мұқағали мәңгілік жасай бермек. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, «Поэзия көгінің жарық жұлдызындай» жарқылдап жыр оқып тұр. Ақын жөнінде пікірлерге кезек берейік.
___________________ «Жыр басы Қарасаздан басталған М. Мақатаев бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады».
Рза Қунақова
___________________ «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе - күн қасымызда. Әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр!...».
Әбділда Тәжібаев
___________________ «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен тұратын».
Лашын Әзімжанова
___________________ «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз.
Құдіретті ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құрметтің, берілмеген сый - сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу». Қ. Құрманғалиев
___________________ «Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық».
Фариза Оңғарсынова
Жүргізуші: Талай нөсер төгілер, болар жасын,
Алапат күш әйтеуір жоламасын.
Мына нұрлы өмірге тірек болған,
Адамзаттың ұрпағы жоғалмасын,- деп ақын өзі айтып кеткендей, оның жырлары әлі сан ұрпақтың шөлдегеніне - сусын, шаршағанына - сая, дертіне - шипа, шалдыққанда - демеу болатыны сөзсіз. Себебі, оның жырларын үлкендер де сүйіп тыңдайды, жастар да сүйіп әнге қосады.
Ән: «_______________________»
Жүргізуші:
Аунап түсіп орныңнан жатырмысың,
Аруағыңа иемін басымды шын,
Қанатынан қыранның қуат алған,
Ең мықты ғасырыңның ақынысың,- дей келе ғаламат ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби – сазды кешімізді аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×