Сайтқа кіру Тіркелу

Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан

Тақырыбы: «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
(Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігіне 25 жыл)
Мамандығы 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сабағы
Сайысқа қатысушылар: 1 м/с А, 1 м/с В тобының студенттері
Курс I
Семестр I

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:
Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.

Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, студенттер. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынамыз.

1 - жүргізуші (Табиғат):
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.

2 - жүргізуші (Нұржігіт):
Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға.
Көрініс
Кезекші (Настя) Заключенный Рыскулбеков на допрос.
Қайрат Рысқұлбеков (Бақдәулет)
«…Иә, мен сiздерден еш жасырмаймын, мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, көпшiлiкпен бiрге. Барғанда да Қонаевтың күйiн күйттеп барған жоқпын. Тек қана, ол жерге барған себебiм, бар мақсатым, бiрiншiден, ол жерде не болып, не iстеп, не қойып жатқанын өз көзiммен көру болды. Екiншiден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып, өлтiрiп жатыр дегендi елден естiген соң, өз басым қолымды жайып «күл болмасаң, бүл бол» деп отыруға еркектiк ар - намысым еш жетпедi. Ер қатарында ер қара боп, саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспiн, құдайға шүкiршiлiк, менiң де көркейген кеудемде нағыз ерге лайық «намыс» баршылық.
Оның үстiне «қыздың жолы жiңiшке» деген. Менiң түсiнiгiмше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың, хайуандардың еркегi де ұрғашысына мүйiз, я болмаса тұяғын көтермейдi. Ал, бiз бәрiмiз де аң емес, адамзаттың ұлы — адамбыз, сондықтан, ер адам әйел затына қол көтерiп, қол жұмсауға тиiс емес, әуелi еш правосы жоқ. Мiне, қысқаша айтқанда, осындай түсiнiкпен, әйел затына ер болып өз қолұшымды берiп, көмектесуге, оларды арашалап - қорғау үшiн барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше бiр көмегiмдi бергенiм де рас. Ол үшiн әлi күнге дейiн еш өкiнбеймiн, керiсiнше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бiрақ та, бiр Құдай өзi куә, адам баласын еш өлтiргенiм жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзi, сормаңдай менiң қолымнан келмейдi. Еш уақытта, ешқашан да…
Ал, әйел затына айуандықпен қол көтерiп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегенi үшiн бiр милицияны ұрып - соққаным өте рас. Ол адам күнi бүгiнге дейiн аман - есен зыр жүгiрiп жүр. Өз қолыммен жасаған бар терiс қылық, бар қылмысым осы ғана».

Кезекші (Настя): Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар!

Қайрат Рысқұлбеков (Бақдәулет)
Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең, атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош, аман бол, артымда
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата - анам,
Ел - жұртым, саған аманат!

Ләззат Асанова (Гүлдерай)

«Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!»

Ләззат Асанованың анасы (Арайлым)

Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді – ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді – ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды – ау?!
Заманың сенің зор болды – ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды – ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.

Ләззат Асанованың за кадром сөзі (Ботагөз)
Аяулы да менің ардақты анашым мен асқар таудай әкешім және де кішкентай ғана періште сіңілім!
Мен аман есен оқып жүрмін, сабағым ойдағыдай. Денсаулығым да жаман емес. Ауа - райы қар жауып, қыстың ызғары соғып тұр. Бүгін ұстазым Әбдіраш ағай, маған сенен болашақта үлкен қобызшы шығады деп мақтады. Мен қатты қуанып қалдым. Алла қаласа, мен Сіздердің үміттеріңізді ақтап, елімнің ел сүйсінер қобызшысы боламын. Құдай қаласа жаңа - жылға да келіп қалармын, кішкентай Еркетайға да базарлығым бар. Ол не істеп жүр? Әпкем қашан келеді деп күтіп жүрген шығар. Өзін сондай қатты сағындым. Анашым мен үшін бетінен сүйіп қойыңызшы. Әкетай Сіз берген ақылыңыз әрдайым жадымда, анашым мен Сіздің ақ сүтіңізбен дарыған адалдығымды ешқашан аттамаймын деген үміттемін. Әзірше осы. Қош, көріскенше аман болайық! Сәлеммен қыздарыңыз Ләззат.

Ләззат Асанованың сіңілсінің сөзі (Аяулым).
Ләззат әпке, әпкетай, менің жол сілтеуші тұмарым! Қарашы, міне мен де үлкен қыз болып бой жеттім! Маған Сіз туралы әкем мен анам үнемі айтып отыратын, Сіздің ерлігіңіз әрдайым ел жадында. Мен Сізді қатты жақсы көремін! Қараш әпкетай біз Сіздер алып беріп кеткен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатырмыз! Біздің өз туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атты президентіміз бар. Бізге қазір жиырма бес жыл. Біз дамыған елдермен тереземіз тең мемлекеттің біріміз. Жиырма бес жылдың ішінде біз жасаған жетістіктер өте көп. Алдымыздағы 2017 жылы Қазақстанда Экспо2017 халықаралық көрмесі өтеді. Сіздің Еркетайыңыз биыл Астана қаласында ашылған «Шипагер» медициналық колледжіне оқуға түсті. Мен болашақта мейіргер боламын. Әпкетай Сіздер алып берген тәуелсіздіктің дәмі өтте тәтті. Біз бейбіт елде тұрамыз. Осындай Қазақстан атты Тәуелсіз елдің ұландары, менің курстастарым, әне әпкетай қолдарына көк туларын алып келе жатыр. Қарашы әпкетай, әне өздері де келе жатыр!

1 - жүргізуші (Табиғат):
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2 - жүргізуші (Нұржігіт):
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.

Өлең (Нұржігіт) «Атамекен»
Сайысқа қатысушылар: 1 м/с А, 1 м/с В тобының студенттері көк туларын желбіретіп хормен «Атамекен» әніне қосыла шырқады.
1 - жүргізуші (Табиғат):
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

2 - жүргізуші (Нұржігіт):
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай - қуатты болсын!
Соңында колледж директоры А. М. Адылканова сөз сөйлеп екі топты марапаттады. Оқытушылар мен кураторлар Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуымен құттықтаулар мен өздерінің тілектерін айтты.

Астана қаласының «Шипагер» медициналық колледжі мекемесі
Құрастырған және ұйымдастырған оқытушылар:
Адылканова А. М.
Оспанова Н. М.
Абылкасымова Р. А.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Ар - намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!

Ар - намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімдері Сауытбаева Гульмира Серикбаевна Керимкулова...
Тәуелсіздік тұғырым

Тәуелсіздік тұғырым

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»

Салауатқызы Айдана 3 курс студенті «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл...
Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты)

Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты)

БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балабақшасы топ тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×