Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің Жаңа жыл

«Қош келдің, Жаңа жыл»
Фанфары Музыка:
Сахнаға 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойды,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Ұлу жылын
Ұзатып сап Қоянымызды.
2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2024 Ұлу жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
1 жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші: Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
ӘН:........ Мамырханова Жамал.
«Клоун» әуені орындалып тұрады/Сайқымазақтар бірін - бірі итеріп, кіріп келеді/
1 - Сайқымазақ: Армысыздар, халайық!
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2 - Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма, қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма? Бәріңе де орын жетті ме?
1 - Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз.
2 - Сайқымазақ: - Айтыңдаршы, өздерің Жаңа жылды тойлауды ұнатасыңдар ма? – Иә
1 - Сайқымазақ: - Жаңа жылды тойлауға дайынсыңдар ма? – Иә
2 - Сайқымазақ: - Естіген жоқпын, дауыстарыңды қаттырақ шығарып айтыңдар. Дайынсыңдар ма? – Иә
1 - Сайқымазақ: - Ендеше дайындықтарыңды тексеріп көрейін!
«Аяқпенен топ - топ - топ»биі
1 - Сайқымазақ: - Өте, жақсы! Тамаша, балалар. Барлығың да бір - біріңмен дос, тату екендеріңді көрсеттіңдер.
2 Сайқымазақ: Мерекеде көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би.)
Дауыл дауысы:
1 - жүргізуші: Балалар дауыл соғып кетті ғой.
2 - жүргізуші: Мына дауыс қайдан шығып жатыр.
1 - жүргізуші: Бұл біздің 1 жыл бойы күткен аяз атамыз ғой. Музыкамен келеді.:
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар!
Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын
Денсаулықтарың мықты болсын
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын
Егеменді еліміз көркейе берсін
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Аталарың сендерге
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.
(Аяз ата мен Ақшақар балалармен амандасады.)
Аяз ата: Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Қоян ” жылы көрінбейді ғой. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
(Музыка қоян дауысы)
Қоян жылы: Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!. Менің сіздермен қоштасқым келмейді.
Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым,
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ,
Қарсы алыңдар Ұлу жылын.
1 Жүргізуші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.
Аяз Ата: - Қараңдаршы, шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
2 Сайқымазақ: Онда балалар мына сөзді айтайық: -
Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
Балалар: - Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
«Аяз Ата мен Ақшақарлар шыршаның шамдарын жағады»
2 Жүргізуші: Би билейік бұралып,
Қыздар тұр сұранып.
Мен де тұрмын қалып,
Шаттанайық қуанып. –
Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, біз дем алайық.
1 сайқымазақ: Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.
Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін сыйлықтарымыз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді.
1 Жүргізуші: 7 «а» сыныбының мерекелік құттықтауын қарсы алыңыздар.
2 жүргізуші: Аяз атаның құрметіне 6а сыныбы өз өнерлерін көрсетуге дайын! 6а сыныбы шығады.
Ойын: 2 Сайқымазақ: (балалармен көңілді ойын.)
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Ойынға әр сыныптан 1ұл, 1 қыз шығады:
1) «Боксерлер» қолғабы.
Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
2) Сынып жетекшілермен ойын: бөтелкеге қағазды нығыздап салу керек.
Аяз ата: Қасымда бар ақшақар,
Ол да ренжіп қалмасын.
Балаларым тілерім,
Оған да бір ән сыйлаңдар.
2 сайқымазақ: Олай болса, біз Аяз атаның немересі Ақшақарға
«Ақшақарлар» биін ұсынамыз: 5 а сыныбы
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіме ән шырқап жатқандарыңа.
Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді.
Ергежейлілер: Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.
Аяз ата: Әй, жүгермектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!
Ергежейлілер: Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін. Бәрі жамырай шулап кетеді.
Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі - ақ жауап бересіңдер!
Гномдар биі 5а сынып ұлдар
Аяз ата: Балалар осы Жаңа Жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?
2 сайқымазақ:: Барлығымыз қосылып Жаңа Жылды ортаға шақырайық.
Барлығы: Жаңа жыл! 3 – рет
Ұлу дауысы. Музыкамен кіреді
1 жүргізуші:
Ұлу жыл келеді қарсы алайық,
Көңілденіп күлейік шаршамайық.
Ұлудың құрметін бөлісейік,
Адамдардың міндетін атқарайық.
Міне, Жаңа Жыл да келді.
Жаңа жыл Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жылжылдым. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – жылдам жылжуым.
Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге мың рахмет
Аяз ата: Ал айналайын, Жаңа Жыл. Келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл: Айтқаныңызды орындаймын, атажан!
Уа құдайым оңдасын,
Қызыр бабам қолдасын.
Келіп жатқан сағынта,
Жаңа жыл бізді жарылқа!
Ойға болып санамыз, 5 - тік болсын бағамыз,
Баласындай бір үйдің, тату болсын арамыз.
Жамандыққа баспайық, қиындықтан қашпайық,
Еркеліктен аулақ боп, жаңа бір іс бастайық.
Күнделікке жолатпай екіліктен қашайық.
Мықты болып деніміз, сатылмасын жеріміз,
Жауқазындай жалынды, өркендесін тіліміз.
Күйге толып төріміз, ашық болсын көгіміз.
Келген Жаңа Жылымыз ақ тілекпен осындай.
Ар болып үйге кіріңіз! Әумин.
Жүргізуші: Жаңа жыл құрметіне 5 – 6 – 7 в сыныптарының өнерін тамашалайық.
Ойын: 1 минут ішінде шашылған ақшақарларды жинау
Ән: қыздар 5а сыныбы
Аяз Ата: - Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңның шаршағаны басылып, келер жылғы жаңа жылдық мерекеге дейін жақсы көңіл - күйде болатын болдым. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
2 сайқымазақ: Аяз атамыз бен Ақшақарға рахмет айтып әнмен шығарып қоштасайық.
«Жаңа жыл» Шыршаны айнала өлең айту
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )
1 - жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын,
Аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
2 жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
І жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар!
Сөз кезегін мектеп әкімшілігіне береміз.

ШҚО, Ұлан ауданы,
Айыртау ауылы,
«Гагарин атындағы орта мектеп»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×