Сайтқа кіру Тіркелу

Армысың, алғашқы қоңырау!

1 - жүргізуші
Мереке зор қуаныш – Білім күні,
Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қадірлі ата - аналар!
Салтанатты жиынға арнайы келіп отырған қонақтар! Баршаңызды бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен және білім күнімен құттықтаймыз! Білім есігін ашар жас бүлдіршіндер, алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын!
Дархан даламызға білім нұрын таратушы Ыбырай Алтынсариннің қоңырауы бүгінде жүздеген, мыңдаған қоңырауға қосылып, кәусар бұлақтай сыңғырлайды. Біздер де бүгін білімге сапар шегеміз.
1 - жүргізуші
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл туы көкті тіреп,
Қарағым сен қашанда тұғырдасың.
Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын.

Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Б. Құлжанов мектепті сапқа тұрғызып, «Армысың, алғашқы қоңырау!» атты жиынына дайындығы туралы рапорт береді.
Ажырамай мектептен бір ел сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- дей отырып, жиынды ашып беру үшін мектеп директоры Калменов Манақбай ағайға сөз кезегін береміз.

1 - жүргізуші
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Ән ұран қойылады.
1 - жүргізуші
Әлемге ұлылығын мойындатқан,
Тәуелсіз егемен ел Қазақстан!
Осынау жылдар ішінде таңғажайып,
Қарқынмен болашаққа қадам басқан.
Бүкіл Қазақстан халқын «Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық» мерекесімен құттықтаймыз, құтты болсын ағайын.
«Қазақ халқының Ассамблеясының 20 жылдық» мерей тойына арналып жазылған ұлағатты ұстаз Иноятова Салтанат апайдың баяндамасын оқуға ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші
Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Білім күні мерекесі ортақ болған
Қонақтарға сөз кезегін берейін - деп, аудан және ауыл әкімдігінен келген қонақтарға сөз кезегін берейік.

1. Дербісек елді мекенінің әкімі ____, орынбасары ___ аға
2. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген еңбек ардагері, Дербісек елді мекенінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Мырзабайұлы
3. Облыстық мәслихат депутаты, ел ағасы Шонабаев Сәрсен ағамыз
4. Аудандық маслихаттың 3 шақырылымдық депутаты, Дербісек елді мекенінің бастауыш «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрбеков Полат атамыз
5. Ұлағатты ұстаз Майрихова Анапия
6. 2011 жылдан бері ата - аналар комитетінің төрағасы қызметін атқарып, мектебімізде өткен іс - шаралардың басында жүріп, өз дәрежесінде өткізілуіне септігін тигізген Төлешов Боранбай ағамыз.

1 - жүргізуші
Ән: «Ұстазым» орындайтын 9 сынып оқушылары Ізтұрған Айжан мен Оштан Арай.

1 - жүргізуші
Бастауыш 1 - 3 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Олар «Білім күні», «Тәуелсіздік» «Ұстаз» тақырыбында өлең оқиды.
1.
2.
3.

1 - жүргізуші
Түрлі хабарламалармен таныстыру үшін директордың оқу - ісі жөніндегі орынбасары Жұмаділлаев Жолдас ағайға сөз кезегін береміз.

1 - жүргізуші
Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғашқы қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толы құшақ,
Шаттыққа толы омырау.
Алғашқы қоңырауды соғу үшін ортаға 1 сынып және 11 сынып оқушылары шығады.

1 - жүргізуші
Салтанатты жиыннан ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын.
1 - жүргізуші

Алғашқы білім күні құтты болсын!. Ендеше бүгінгі салтанатты жиынымызды аяқтап, қонақтарымыз бен шәкірттерімізді «Қазақстан 2050 жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты алғашқы ашық тәрбие сабағына шақырамыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
1 қыркүйек - Білім күні сценарий

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

Жаңа оқу жылы басталды. Шаттықпен шалқып толғана Ой толқытқан жүрегін Өмірге алмақ жолдама Сыр шертсін енді түлегің...
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Фанфары І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!...
Сыңғырла, күміс қоңырау!

Сыңғырла, күміс қоңырау!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен...

"Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" (Соңғы қоңырау салтана ...

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі...
Алғашқы қоңырау 2024

Алғашқы қоңырау 2024

«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×