Сайтқа кіру Тіркелу

"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

2022 - 2023 оқу жылында 44 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден мектебіміздің үмітін ақтаған «Алтын белгі» иегерлері орташа балмен мектеп, ұстаз және ата – ана мерейін үстем қылды.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Ән ұран ойналады.)

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.--------------
2.--------------
3.--------------
Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз
1.--------------
2 --------------
3.--------------
4.--------------
қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз - мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысына беріледі.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!

Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз ---------------------- беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері: ------------------- беріледі.
Дархан Даулетияровтың әні «Атамекен Казталов» Ор: оқушы

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте - дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директорына тапсырылады.
(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)
Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің әні:
«Қоштасу вальсі» ор: оқушы.

Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір – дей келе құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаздарда.
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: (сөз сөйлейді)
Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан бастауыш сынып ұстазына беріледі.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас - қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілеріне
беріледі.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз. Ән: «Ұстазым» орындайтын: оқушы

Ата - ана тәрбиелеп балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата - аналары атынан «Алтын белгі» иегерінің ата - анасына беріледі.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады. – деп, биші қыздарымыздың орындауындағы «Өзбек биін» қабыл алыңыздар!
Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз - қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі алтын белгі иегеріне беріледі.

Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар.
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар.
деп мектеп түлектеріне арнау мектебіміздің мақтанышы, аудандық «Балдәурен» байқауының жүлдегеріне береміз.
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, ана болып та көріндің.
Ән: «Мектеп вальсі» Ор: Ибраев Аңсар.

(Әнұран ойналады)
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Кешіміздің екінші бөлімі аудандық әкімшілік жанында жалғасады.

Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Мектебі: БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінің сценарийі

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер!...
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Фанфары І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!...
Аталар жолымен, ағалар ізімен (кездесу кеші)

Аталар жолымен, ағалар ізімен (кездесу кеші)

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға Жан сәулесін тарататын баршаға Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп Түлектерді қарсы алайық қол соға...
Бітіруші түлектердің куәлік тапсыру рәсімі

Бітіруші түлектердің куәлік тапсыру рәсімі

2021 - 2022 оқу жылындағы 9 класс оқушыларына негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті тапсыру. Оқу жылын «Ерекше куәлікпен» аяқтап отырған...

"Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" (Соңғы қоңырау салтана ...

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×