Сайтқа кіру Тіркелу

Мектеп өмірінің инклюзивті, девиантты балалармен және ата - аналармен байланысы

Мектеп өмірінің инклюзивті, девиантты балалармен және ата - аналармен байланысы.

Мақсаты:
 Мектеп психологтарының және әлеуметтік педагогтің қоғамдағы орны, оқу – тәрбие үрдісіне қалыптасуына жағдай жасау және тәжірибе алмасу
 Мектептегі психологиялық жұмыстарының негізгі жетістігі, оқушылардың білімін бағалау емес, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін зерттеп, айқындап аша білу арқылы көрсетіледі.
 Қоғамдағы орны, психологтардың, әлеуметтік педагогтің ақыл - кеңесіне толық көңіл бөлмеуі, көзқарастарының әр түрлі бағытта болуы.
 Ата – аналардың да әлеуметтік педагогке деген көзқарасын өзгерту, сенімдерінен шығу

Түрі: мастер класс
Әдісі: сұрақ - жауап, тренинг - жаттығу.
Өту барысы
1 Сәлемдесу
2 топтастыру
3 Топтарын қорғау
4 сұрақ
5 Сергіту жаттығуы
6 сұрақ
7 ”Өзіңді тереңірек тани біл” тренинг жаттығу
8 ”Байқағыштық”тренинг жаттығу
9 қорытынды
10 пікір білдіру
Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты психологтар қош келіпсіздер. Адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы қоғам, ата - ана мен мектеп. Адамның болашағы десек те, келешегі десе де бала ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Бала тәрбиесі бір ғана отбасының ғана емес бүкіл қоғамның мемлекеттің абыройлы міндеті. Кезінде әл - Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» деген екен. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруымыз керек. Құрметті қонақтар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық қатігездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Ұрпағымыз азамат болып өссін деген тілекпен сабағымызды бастаймыз.
1. Тренинг - жаттығу: «Жыл мезгілі»
Келген қонақтар туған күндері бойынша Жаз, Күз, Көктем, Қыс деп топтасамыз.
Мінеки бір - бірімізбен қарым - қатынас жасау арқылы біз үлкен де жылы шеңберімізді, қорғанымызды құрдық. Бүгінгі кездесуімізде бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзімізді тереңінен тани білуге тырысамыз.
Топ ережелері тәртіп, сыйластық, ұйымшылдық, белсенділік.
Данышпан философ Фалес айтқандай:
1. Дүниеде ең үлкен нәрсе – кеңістік.
2. Бәрінен жүйрік - ой.
3. Бәрінен дана – уақыт.
4. Бәрінен жеңіл басқаға ақыл айту.
5. Бәрінен қиын өзіңді өзің тану деген екен.
Сондықтан бүгінгі кездесуімізді бір - бірімізге жылы сөз айтудан бастаймыз.

2. Сәлемдесу. «Мен сіздермен қарым - қатынас жасауға қуаныштымын, бүгінгі күн шуағындай сізге денсаулық тілеймін» деп шеңбер арқылы тілектерін жалғастыру.
Енді орнымызға жайғасамыз. Рахмет міне әрбір жүректен шыққан жылы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады. Жанымызға жайлы әсерін тигізеді.

3. Құрметті қонақтар қобдиша ішіндегі қағазды алуларыңызды сұраймын. Әр топ өздерінің аттарын қорғап шығады. Соңынан талдау жасалынады.

4. Сұрақ.
Сен өзің инклюзивті баласың. Саған деген ортаның, қоғамның көзқарасына көңілің тола ма?

5. Сергіту жаттығуы. «Тілек»
 Шөліркемей гүл тұрсын (сол қолды жайып көтеру)
 Жерім жайнап құлпырсын(оң қолды жоғары көтеру)
 Нұрын сыйлап біздерге (екі қолды жоғары көтеру)
 Көкте мәңгі күн тұрсын(екі қолды төбеге көтеру)
 Нұр сыйлаған күн ыстық (қолды жаяды)
 Ыстық бізге кең өлке (оң жаққа карау керек)
 Ыстық бізге тыныштық (сол жаққа қарау)
 Біз тілейміз сіздерге бейбіт өмір тыныштық
 (қолды кеудеге қоямыз)

6. Сұрақ.
Сен де қоғамның мүшесісің, жеке тұлғасың жасөспірімдер арасындағы жат қылықтардың өршу себебі неде және осы қоғамға өзіңнің қосқан үлесің қандай?

Өздеріңізге белгілі адам баласы стрестік жағдайларға жиі душар болады. Мұның бәрі баланың психикасына әсер етіп, эмоционалдық жай - күйі бұзылады, әртүрлі ситуацияларға тап болады. Сондықтан өз ұстанымын жоғалтпай қандай жағдайда болса да эмоцияға берілмеуі тиіс.
7. “Өзіңді тереңірек тани біл”
 Қарбыз
 Жүзім
 Құлпынай
 Шабдалы
 Алма
 Шие
 Қара өрік осы жемістерден өздеріңізге ұнағанын таңдаңыздар.

Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, дау - дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез - келген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз - қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз - өзіңізге риза адамсыз.
Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірік - өсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп - оңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым - қатынас орнату да қиын болады.
8. Тренинг – жаттығу «Байқағыштық»
Жұптасып отырамыз, оң жақтағы адам көзін жұмады, сол жақтағы адам бір затын жасырады, соны табамыз.

9. Қорытынды. Бала ата - ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі құбылыс. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана бала арасындағы қарым – қатынас жақтарын тануға, талқылауға тырыстық. Бүгінгі сабақ барысында ауқымды ой - пікірлеріңізді ортаға салдыңыздар. Баланың ыстық - суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата - ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
Ендеше, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.

10. Пікір білдіру. Релаксация.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тренинг Мен үшін әке болу – бұл....

Тренинг Мен үшін әке болу – бұл....

Әке.... Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан...
«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі

«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық» тренингі

Тренингтің мақсаты: Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата -...
Жақсы көңіл-күй жан азығы

Жақсы көңіл-күй жан азығы

Мақсаты: Педагогтардың көңіл - күйлерін көтеруге, өздеріне құрметпен қарауға, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту....
Ана отбасы - ұйытқысы

Ана отбасы - ұйытқысы

Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Көрнекіліктері: Тақырып,...
Бала тәрбиесі баршаға ортақ (Ата - аналармен тренинг сабақ)

Бала тәрбиесі баршаға ортақ (Ата - аналармен тренинг сабақ)

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×