Сайтқа кіру Тіркелу

Біз бір жылға есейдік!

13 қыркүйек - программисттер күніне орай өткізілген сыныптан тыс жұмыс (информатика кеші – бұл ЕТБ 11 - 913 тобының жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсету)
БІЗ БІР ЖЫЛҒА ЕСЕЙДІК!
Мақсаты: Студенттердің бір жыл бойы алған білімдерін қорытындылау, ой өрісін дамытып, мамандыққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, уақытты тиімді пайдалану, өзін - өзі сын көзбен қарауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Керек жабдықтар: видеопроектор, ноутбук, жүйелік блок, смайликтер.
Өту барысы:

Екі студент шығып:
Айнұр: - Мирас, біз былтыр осы колледждің «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығына оқуға түстік. Курс жетекшіміз болып Умирзакова Анар тағайындалды.
Мирас: - Иә, дәл солай. Айнұр, есіңде ме студенттер күнінде мамандықты таныстырғанда қойған көрінісімізді.
Айнұр: - Есімде, Мирас. Сол сайыста жүлделі бірінші орынды жеңіп алдық. Еске алайықшы.
(экраннан сюжетті көру /Былтырғы 2013 - 14 оқу жылындағы студенттер күнінде қойылған көріністен үзінді /)
Гүлзира: - Иә, сол кез оқуға жаңа түскен кез еді. Біз 11 сыныпты бітіріп келгеннен кейін, бойымызды тік ұстап, басқаларға үлгі болуға тырыстық. Еріксіз балалық шақты артқа тастап, тәртіпті болуға ұмтылдық. Тіпті компьютермен жұмыс жасаған кезде бойыңды қорқыныш сезім билейтін. Әр күн сайын жаңа терминдер, жаңа бағдарламалар, жаңа құрылғыларды қызыға үйреніп, білімге деген құштарлығымыз арта түсті. Міне содан бері бір жыл зыр етіп өте шықты. Ал қазір ұстаздардың арқасында көп нәрсені үйрендік.
Мұғалім сөзі: Сіздер осы бір жыл ішінде нені үйрендіңіздер және өздеріңіздің бойыңызда қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

Саламат: - Мен бұрын Paint графиктік редакторымен, Microsoft Word мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды білетінмін, енді Microsoft Excel электрондық кестесімен жұмыс жасауды, есептеулер жүргізуді, диаграмма салуды меңгердім. Есептер дәл шығатынына, мәліметтер кестеде емес, диаграммада нақты көрінетініне көзім жетті.
Нұралдық:- Мен осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Бұрын компьютер маған тек ойын ойнау үшін ғана қызықты еді, ал қазір компьютер құрылғыларын жинау, оның әрбір тетіктерін қосу, сымдарын жалғау, порттарын қосуды қызыға үйрене отырып, шыдамды болуға үйрендім. (жүйелік блокты жинау)
Бердімұрат: - Біз слайд дайындауда Microsoft Power Point бағдарламасынан басқа, Pinacle бағдарламасын үйрендік, курстастарымызға да үйреттік. Ұжыммен жұмыс жасап, сабырлы болуға дағдыландық. Слайд әсерлі болу үшін әдемі суреттерді, қажетті материалдарды ғаламтордан іздедік. Сонымен қатар біз пән мұғалімдеріне слайд жасауға көмектесеміз. (Pinacle бағдарламасында дайындалған колледж слайдын көрсету)
Гүлзира: - Мен Delphi бағдарламасында тест жасауды үйрендім. Бұл бағдарлама күрделі болғанымен, нәтижесін көргенде бар шаршағаныңды ұмытасың. Бұған төзімділік пен бейімділік керек. Назарларыңызға шағын интерактивті тестті ұсынамын. (Delphi бағдарламасында дайындалған тестті көрсету)
Алтынай: - Қазір ғаламторға қызықпайтын бірде - бір адам жоқ. Меніңше ғаламтор желісі арқылы қажетті мәліметті тауып алудың өзі де үлкен ізденімпаздықты талап етеді. Болашақта қазақстандық интернетті дамытуға өз үлесімді қосқым келеді.
Мұғалім сөзі: Компьютер технигіне қойылатын мінездеме сіздердің пікірлеріңізден шығып тұр, яғни шыдамды болу, ұқыптылық, дәлділік, бейімділік, іздену, басқа адамға көмек көрсете білу, сабырлы болу, төзімділік таныту.
Ұстаздарға сөз
Рефлексия
Мұғалім: - Көңіл күйлеріңіз қандай? - деген сұраққа смайлик көтеріңіз. Енді сол көтерген смайликке алдағы уақытта не үйренгіміз келеді? - деген сұраққа жауап жазыңыз. (Сауалнама жүргізу).
Үйренгеніміз мол, біліммен қатар бойымызға жақсы қасиеттерді сіңірдік. Сіздер білім ала отырып, адамгершілік тұрғыда өскенсіздер! Болашақта сіздер басқа адамдармен жүздесесіздер, басқа ортаға, ұжымға жұмысқа орналасыздар, осы жақсы қасиеттерді жоғалтпаңыздар.
«Ғылымды, ақылды сақтайтын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын!», - деген Абай атамыздың сөзімен бүгінгі кешті аяқтаймын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×