Сайтқа кіру Тіркелу

Еркем-ай танымдық сайысы

«Еркем - ай» танымдық кеші
\даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілген танымдық кеші\

Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар!
Қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. «Тез ойлайық» сұрақ - жауап, «Торкөздерден төменде берілген сөздерді тап», «Адасқан суреттер» және «Кім шапшаң» ойыны арқылы 3 топ болып бақтарыңды сынайсыңдар.
Сіздердің өнерлеріңді бағалайтын әділқазы мүшелерімен танысайық.

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын, ей достар,
Осылайша шабытпен
Қане енді бастайық.

Жиналған бүгін балғындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін, халайық
Қол соғып қарсы алайық.

Ал ендеше дайын болсақ сайысымызды бастайық. Алдымен топтарыңыздың ұранын айтып өтіңіздер.
1. Ендеше өздеріңізді көрерменге таныстырып өтсеңіз, алғашқы бөлімімізді бастайық. Үш топқа сұрақтар қойылады, әр сұрақ бір ұпай болып есептеледі.
2. Торкөздерден төменде берілген сөздерді тап.

3. «Адасқан суреттер»
Баланың ойы ұшқыр - ақ,
Тұрады олар жалындап.
Көрініс жайлы ой қозғап,
Талассын пікір арындап.

4. «Кім жылдам?» ойыны
Саусақты қос ішекте безілдеткен,
Сарқады сабырымды төзімді еппен.
Сиқырлы дыбыстарға еліктейді
Сырыңа құштар еді сезім неткен?!

Күй: Ерке сылқым
Күйін - ай күмбірлеген домбыраның,
Көңіліме аққу әуен қондырамын.
Санамда сандуғаш - сөз саялатып,
Сабамды толтырады сол бір ағын.

Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің.
Әдептілік дегенің -
Әрқашан да керегің.
Әсемпаздық дегенің -
Әуре - сарсаң әлегің.
Тәртіпті болсаң білім ап,
Пайдалы болмақ өзіңе.
Азамат болған кезіңде.

Міне, балалар бүгінгі кешімізде өз мәресіне жетті. Алда тек жақсы жетістіктерімізбен биіктерден көріне берейік. Сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×