Сайтқа кіру Тіркелу

Армысың, Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, патриоттық сезімдерін ояту, адамгершілікке баулу, кішкентайынан қазақтың салт - дәстүрлерін бойларына сіңіру, ынта, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ардақты ата - аналар, сүйікті де сүйкімді кішкентай бөбектер! Бүгін Сіздермен бас қосуымызға себеп болып отырған қазақтың үлкен ұлттық мейрамы – Наурыз мерекесі!

Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін менің халқымның,
Мерекесі «Наурыз» жыл басы!

Саша: Оу, халайық, халайық!
Әсем әнге салайық!
Наурыз тойы көңілді,
Бірге қарсы алайық!

Жүргізуші: Олай болса қадірлі қонақтар, ардақты әже - аналар, кішкентай бөбектер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз жолы оң болсын, ақ мол болсын! – деп Наурыз айында Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көжесі жеті түрлі тағамнан жасалынады.
Роман: ет, май, тұз, сүт, бидай, құрт, су.

Жүргізуші: Кел, балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер!
Томсырайып тұрмаңдар,
Жатқа тақпақ айтыңдар!

(Осы кезде балалар бір - бірлеп жаттаған тақпақтарын айтады).

Дариға: Шуақ төгіп көкте күн,
Қарда қалды азайып.
Алғашқы айы көктемнің,
Наурыз ғой бұл ғажайып!

Жанель: Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып.
Аққа ауызымыз толады,
Бір жақсылық болады.

Вадим: Жайды жерге алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастарда,
Қуанады балаша.

Даша: Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.

Тәрбиеші: Ойын «Себеттен шыққан ойыншықты таны».

Мақсаты: Балалардың тез ойлау дағдыларын арттыру, танымдық қабілеттерін бекіту, ұжымдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Шарты: Ортаға бір бала шығады, қолында ойыншыққа толы себет. Қалағандары айнала шеңбер құрып тұрады. Ортаға шыққан бала, себеттен ойыншықты алып шығып «Бұл не?» - деп сұрайды. Балалар ойыншықты танып, атын атайды. Әуен ойналады, барлығы ойыншықтың жүрісін, қимылын келтіреді. Ойын себеттегі ойыншықтар біткенше жалғасады.

Темірлан: Көже құйып апамда,
Ұсынады атама.
Иіліп сәлем береді,
Келген барлық адамға.

Сәкен: Наурыз нұры шашылды,
Қыс ызғары басылды.
Туған - туыс көрісіп,
Көңілдері ашылды.

Сабина: Наурыз! Наурыз! Наурыз той!
Құтты болсын ұлы той!
Құттықтаймын бүгін мен,
Ұлыстың ұлы күнімен!

(Жағымды әуен ойналады. Ортаға 3 - 4 бала шығып «Балақан» әнін орындайды).
Жүргізуші: Міне, тамаша! Үлкен азамат болыңдар, өнерлерің өрге жүзсін!
(Әуен ойналады. Наурыз - көктем келеді).

Көктем: Жаратылыс ұйқыдан оянады,
Жердің беті көк түске боянады.
Жан - жануарлар жадырап қуанады,
Көктем солай қолына ту алады.
Құлпырады бұл айда дала гүлі!
Мұсылманның – Наурыз – Жаңа жылы!

Жүргізуші: Наурыз айында адамдар ақшыл түсті, жаңа киімдерін киіп, бір - біріне қонаққа барады. Бұл күні ренжіскен адамдар бір - бірінен кешірім сұрайды, бір - бірлеріне ақ тілектерін айтады. Көптен көріспеген адамдар бір - бірімен құшақ жайып, төс соғысып сәлемдеседі.

(Балалар төс соғысып, сәлемдесу рәсімін жасайды).

Жүргізуші: Наурызымды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Үлгілі салт - дәстүріміз,
Көп елге тарайды.
Салт - дәстүріміздің бірі «Бесікке бөлеу» рәсімін тамашалаңыздар!

Рамазанның әжесі: (бесікті аластайды)
Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас жәледен алас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!

(Баланы бесікке бөлей бастайды. Бесікке бөлей отырып, «бесікке бөлеу» әнін орындайды).

Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой!
Баласы жатсын бесікте,
Пәлесі қалсын алыста!
Жүргізуші: Рахмет Сізге, ардақты әже! Орамал тоң болмайды жол болады, мінекей Сізге сыйлық!
Ән: «Наурыз - Көктем» (балалар орындайды).

Көктем: Таң қуанып, атады таудан асып,
Наурыз келді ортаға нұрын шашып!
Осы тойда тұсауы кесілген сәби,
Жүгіріп кетеді тәй - тәй басып!

Ердостың әжесі «Тұсау кесу» салтын көрсетеді.
Әже: Адам болсын, адал болсын, ешкімнің ала жібін аттамасын! – деп, ала жіппен кескен.

Көктем: Рахмет Сізге аяулы әже!
Сізге де орамал тоң болмайды, жол болады деген ырыммен міне қол ақтығыңыз.

Ойын: «Арқан тарту».
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойынды ойнай білуге үйрету, ойын арқылы сана - сезімдерін ояту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін ұзын арқан алынады. Екі жағына төрт - төрттен бала шығады. Арқанның екі ұшынан ұстап тартады. Күші басым болып, арқанды тартып алғаны жеңіске жетеді. Ойын бала санына қарай қайталанып, жалғасады.

Жүргізуші: Біздің балғын бөбектеріміз, өнерлі де күшті екен!
Енді, қонаққа келіп отырған №4 топтың тәрбиеленушісі, Қабылсаят Дәметтің өнерін тамашалаңыздар.

Би: «Шығыс биі».
Ата - ана: Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!

(Бір баланың әжесі шашу шашады).
Ердостың әжесі бата айтады:
Құрметті қонақтар, ардақты әже - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мереке әр отбасына береке, молшылық, бақыт алып келсін! Наурызда ақ мол болсын! Қайда барсаң да жол болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×