Сайтқа кіру Тіркелу

Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері!

«Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері!»
Мақсаты: Оқушылардың 11 жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру. Оқушылардың салтанатты іс - шараға қатыстыра отырып, әсемдікке, адамгершілікке, ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу;
Ойнақы музыка. Тыныштық.
1 - жүргізуші: Армысыздар жиналған қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Осыдан 11 - жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған кіп - кішкене бүлдіршін болсақ, бүгін міне есейіп, ер жетіп сіздердің алдарыңызда тұрмыз. Алғаш мектепке келгенімізде ұстазымыз бізді құшақ жая қарсы алған еді, бүгін алтын ұя мектеппен қош айтысатын да кез келіп жетті.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Мектептің осы жылғы түлектерін
Құрметпенен қошеметтеп қарсы алайық!
/Мектеп түлектерін қошеметпен қарсы алу/
2 - жүргізуші
Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Мектеппен қоштасу кешіне ортақ болған
Қонақтарды таныстырып өтейін
/Салтанатты жиынның қонақтарын шақыру/
1 - жүргізуші
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге!
/Ту кіргізіледі/
2 - жүргізуші
Мектеп қой еліміздің қаны – жаны
Мектептен басталады бәрі - бәрі,
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
/Әнұран орындалады/
1 - жүргізуші
Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым
Жанымның жайып салып тылсымдарын
Махаббат боп маздаған мына ғалам
Бақытты мектебімнің білсін барын.!
Би «Ертегілер елінде»
2 - жүргізуші
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Арналсын түлектерге тілегіңіз
/Мектеп директорына сөз беру/
1 - жүргізуші
Арнап келер мерейтой, мейрамдарда
Мәртебең де биік қой мейрам барда
Бүгінгі мектеп бітірушіге тілек айтсын
Сөз берелік бүгінгі келген қонақтарға
/Қонақтарға сөз беру/
2 - жүргізуші
Қиындық та көп кезіксе көп асу да,
Қанша терің төгілер бұл асу да,
Көп ізденіп аласың биік шыңды
Отырғызар шын құрметтеп төрі бар да!
/Оқу озаттарын шақыру, оларға құрмет көрсету/
1 - жүргізуші
Өнерді жаныменен түсінетін
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім
Озаттарға билесін мың бұралып
Биіменен шашу шашып бишілерім.
Би «Әке толғауы»
2 - жүргізуші:
Ата - ананың өмірінің жалғасы
Ұстазының енді толған арнасы
Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған
Туған жердің бақытынан жаралған
Орын табар бақыт деген аралдан
Жүректерің не дейді?
Түлектерім сөйлейді - дей келе мектеп бітіруші түлектерге сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата - ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 - жылда оң - солын таныған жас.
«Мектеп вальсі» Түлектер билейді.
2 - жүргізуші:
Міне, осыдан 11 - жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндер қатарында едік, енді есейіп азамат атанып, жаңа өмірге қадам басқалы отырмыз. Алғаш қадам басқанда жылы жүректі ұстазымыз қарсы алып, жазуға, оқуға баулып еді.
Болыпсыз сіз 4 жылда жетекшіміз
Барынша өмір жолын үйреттіңіз
Ұлболсын мен Жанат апай біз сіздерге
Мәңгілік қарыздармыз, қарыздармыз – дей келе қолымызға алғаш қалам ұстатқан ұстаздарымызға сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Мектебің мынау класың,
Осында он жыр тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.- демекші сөз кезегін мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1 - сыныптың кішкентай бүлдіршіндеріне береміз
Ортаға Әліппе, қарындаш, қалам, жазу дәптерлерінің макетін киген 1 - сынып оқушылары шығады.
1 - оқушы:
Жанар ма деп талабың,
Биікке шыңға тартасың
Талабыңа нұр жаусын
Барлығы: Сәтті болсын қадамың!
2 - оқушы:
Қиындықтар мойытпасын сендерді
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Білімменен қуантсаңдар мектепті
Жақсы іспен қуантыңдар елімді.
3 - оқушы
Ұшырады мектебің өз қолынан
Көріне бер ғылымның сан қырынан
«Қайран мынау қазақтың ұлы ғой» – деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
4 - оқушы
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, үлкеннен бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Шақырайық ортаға ата - ананы.
/Сөз кезегі ата - аналарға беріледі/
Түлектер хормен:
Даңқы бар ширек ғасыр өткеніңіз
Алдымызда тұр жарқын көктеміміз
Ғасырдың асқарынан көріне бер
Аяулы Жаңажол орта мектебіміз!
/Түлектер шар ұшырады/
Ән «Қош бол, мектеп»
Гүлдерге толы омырау
Әртүрлі әркім ойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау,
Қаққызбай өмір қоймайды.
/1 - сыныптың 12 - озат оқушысы шеңбер бойымен 12 - қоңырау соғады/
2 - жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайынан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар»- деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткендерін - дей келе түлектерді шығарып саламыз.
/Музыка. Түлектер шығып кетеді/
1 - жүргізуші
Тарихы терең қазақ деген көне елде,
Кім сенеді ту болмады дегенге
Батырлыққа уызынан жаралған
Ел түркіні байрағынан таныған.
/Ту шығарылады
Құрметті салтанатты жиын қонақтары! Бүгінгі «Сәт сапар ХХІ ғасыр түлектері» атты соңғы қоңырау салтанатын жабық деп жариялаймыз. Сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

25 мамыр соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Фанфары І. Қайырлы күн қымбатты ата - аналар, ұстаздар және оқушылар! ІІ. Армысыздар бүгінгі салтанатты жиынның иегерлері және мектеп түлектері!...
Сыңғырла, күміс қоңырау!

Сыңғырла, күміс қоңырау!

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен...
Сыңғырла соңғы қоңырау

Сыңғырла соңғы қоңырау

Химия пәні мұғалімі Кадина Анар Алиқызын...
Сәт сапар саған, жас түлек!

Сәт сапар саған, жас түлек!

11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден...

"Құлақтын үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау" (Соңғы қоңырау салтана ...

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×