Сайтқа кіру Тіркелу

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік ойын

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал - мәтелдер жазылған үлестірмелі қиықшалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
– Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық қыздардан!
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 7, 8, 9, 10 - шы сынып оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.
Келді бүгін көп достар.
Ұстаздар мен жолдастар,
Мерекесін елімнің
Бірлікпенен тойлайық.
Егеменді елімнің қуанышын қолдайық!
Білімді де дарынды
Жастары көп елімнің
Озат алғыр, лидерлер
Болашағы Отанның.
Қуанышпен қол соғып «XXI ғасыр көшбасшыларын» қарсы алайлық! (Қуанышты музыка)
Казалось бы, нет ничего сложного в том, чтобы принять участие в нашей игре. Эрудиция, широкий кругозор, хорошая память - этих качеств сегодняшним игрокам не занимать. Но только одному из них улыбнется фортуна, тому, кто способен побеждать. Вот они, лучшие из лучших, генераторы идей, азартные игроки, те, кого обычно называют лидерами! Білімдінің ең озатын алуға Төралқа отыр таразыға салуға.
Төралқа мүшелері:
Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Танысу»
ІІ бөлім – “ Бәйге”.
ІІІ бөлім –“Полиглот”.
ІҮ бөлім – “Білімпаз”
Ү бөлім – “Шығармашылық тур “
ҮІ бөлім – “Тіл өнері”
ҮІІ бөлім – “Жорға”деп аталады.
– Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек. Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

Основные критерии оценки
Чтобы быть признанным в качестве лидера, участнику необходимо быть эрудированным, активнъш, решительным, проявить себя в неожиданной ситуации и повести за собой других.
1. Знание не менее 3 - х языков;
2. Логика изложения, отсутствие повторов;
3. Выразителыюсть и правильность речи;
4. Оригинальность подачи материала, умение владеть собой.
Оценивание по пятибальной системе. Имена участников на табло. Подведение итогов жюри делает после 3, 5, 6, 7 туров.
1 гур. Танысу (гонг)
Ежелгі шығыс елінің
Аңсаған арман ойы бар
Кездескенде қауыммен
Танысу деген салты бар.
В первом туре «Моя визишая карточка» вы должны рассказать о себе, продемонстрировать при этом владение тремя языками - казахским, русским, английским.
Ал енді қатысушыларға сөз береміз

ІІ бөлім “Бәйге” бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.
Білімдерін сынауға
Күш сынасты озаттар
Күтіп отыр қауым да
Бәйгеден озар лидерді.
Наш народ ценил коня,
А не царский трон.
Мрет казахская душа, когда
Пыль от скачек ветровых скроет небосклон.
Чуть колышутся травы несмятые,
Скакуны пролетают крылатые.
Будь их сто, будь их тысяча,
Но побеждает один все равно.
Правила тура: ведущие задают вопросы, отвечает участник, первым поднявший сигнальную карточку.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ. Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15. 11. 2003 ж)
3. Басты байлық. ( денсаулық )
4. 12 ай (жыл )
5. Күйді орындаушы адам ( күйші )
6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)
8. 25 қазан қандай күн?( Республика күні)
9. Қ. Р. мемлекеттік рәміздерін ата.
10. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж. Нажмиденов, Н. Назарбаев)
11. Қ. Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т. Аубакиров)
12. Көру мүшесі не?
13. 100 жыл ( ғасыр)
14. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
15. 9 мамыр қандай күн?
16. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
17. Осы жыл ненің жылы?
18. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
19. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш. Қалдаяқов)
20. Қ. Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16. 12. 1991)

3 ТУР - Полиглот

Тілдерді меңгеремін, тең көремін

Полиглот сайысында күшімді сынап көремін.
Полиглот - грек тілінен аударғанда көп тілді меңгеруші адам деген мағынаны білдіреді.
Суть этого тура в том, что вы должны внимательно послушать пословицы и должны их закончить. Дополненное слово должно звучать на трех языках - на русском, казахском и английском. Начинает тот участник, у кого меньшее количество баллов. Если кто - то ие смог ответить, тогда остальные участники поднимают сигнальные карточки.
1. Мекгеп - кеме, білім -... (теңіз, море, sеа)
2. Өлімнен ұят... (күшті, сильный, stгоng)
3. Денсаулық - зор... (байлық, богатство. гісһnеss)
4. Ананын сүті -... (бал, мед, һоnеу)
5. Білім - сандығы... (кітап, книга, Ьоок)
7. Әдепті бала - арлы... (бала, ребенок, сhild)
Бала тілі... (бал, мед, һопеу, здаееі)
Тіладам жанының... (тілмәші, переводчик, (гапзіаіог)
6. Жақсы ат - жанға... (серік, друг, спутник, frіеnd)

8. Бала тілі... (бал, мед, sweet, һоnеу)
9. Тіл адам жанының... (тілмәші, переводчик, translator)
10. Ашу дұшпан, ақыл -... (дос, друг, friand)

ІҮ бөлім – “ Білімпаз”.
Ойынға бүгін келіп тұр
Ғылым сүйген шәкірттер
Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.
Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа жауап бере алады.
Начинает тот участник, у кого наименьшее количество баллов. Если участник не сможет ответить, тогда другие участники поднимают сигнальные карточки получают соответствующие баллы.
“Ақындар”.
10 - Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)
20 - Кезінде “қазақ даласының жұлдызы” атанған ақын, жазушыны ата.
( Ыбырай)
30 - Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)
“Ойлан, тап”
10 - 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )
20 - Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)
30 - Сәуле, Әсет, Батыр – туыстар. Сәуле – Әсеттің қызы; Әсет - Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)
Табиғат
10 - Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)
20 - Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)
30 -“құс патшасы” деп қай құсты атайды? ( аққу)
Ү бөлім – «Шығармашылық туры»
Өнерлі де дарынды
Болашақтың ұланы
Тамашалайық бар қауым,
Лидерлер өнерін.
(Қатысушыларға жеке өнерін көрсетуге рұқсат беріледі)
ҮІ – “Тіл өнері.”
Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: “Отан”, “ Еңбек”, “ Білім”, “ Жақсы, жаман”.

ҮІІІ бөлім – “Жорға”
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Облысымыз қалай аталады? ( Солтүстік Қазақстан )
2. Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)
3. Жер шарының үлгісі.( глобус)
4. Қарағандыда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)
5. Жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)
6. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )
7. Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)
8. Ұя салмайтын құс ( көкек)
9. Есту мүшесі ( құлақ)
10. Жеті күн (апта)
11. Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)
12. 30 тамыз қандай күн? (конституция күні )
13. “Жақсылардың жақсысын” ата.(білім, еңбек)
14. Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)
15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)
16. Атақты суретшіні ата. (Қастеев)
ҮІІ. Қорытынды.
Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Литературное шоу «Лидер XXI века»

Литературное шоу «Лидер XXI века»

Цель: - формировать интеллектуальные умения и навыки, опыт творческой деятельности учащихся; - развивать креативное мышление, ораторское искусство уч...
Лидер 21 века

Лидер 21 века

Мангистауская область, Бейнеуский район, село Боранкул Опорненская средняя школа учитель русского языка и литературы Акоразова Жанат Темирбаевна...
Эрудит ойыны

Эрудит ойыны

- Қайырлы таң қымбатты ұстаздар және оқушылар. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «Ел ертеңі – бүгінгі мектепте» атты дәстүрлі білім...
Дарабоз

Дарабоз

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна...
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×