Сайтқа кіру Тіркелу

Қош келдің, Жаңа жыл!

«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты:
1. Қысқы мерекелер туралы түсініктерін кеңейту. жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін меңгерту.
2. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Кеш барысында өзін еркін ұстауды, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру.
3. Ана - тілін сүйіп қастерлеуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа, көпшілік алдындағы ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген сахна. шырша, шарлар, жалаушалар, нақыл сөздері бар плакаттар.
Барысы:

Ән: «Шырша жырын айтамыз.»
- Құрметті бүгінгі кештің қонақтары сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл бақыт, берекесімен келсін! Балалардың өздеріңізге арнаған аз ғана мерекелік қойылымын қабыл алыңыздар.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Қыста тойланатын мерекелер.
- Президент күні, Тәуелсіздік, Жаңа жыл.
- Жаңа жылда қандай қонақ шақыратын едік.
- Аяз ата, Ақшақар.
- Олай болса бүгін біз қонақ шақырып мерекені сол қонақтармен бірге қарсы алайық. (Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.)
- Қош келдіңіздер, Аяз ата мен Ақшақар!
- Саламатсыңдар ма, балалар. Сендерді Жаңа жылдарыңмен құттықтау үшін, өнерлеріңді тамашалау үшін, немерем екеуміз сонау алыстан арнайы келдік. Сендерге арнап ақ қошқарды сыйлыққа ала келдік.(Құттықтау сөзі)
Ән: Жаңа жыл келді. (Әли, Уәли)
(Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақша қар, Жылан жылы, Мыстан кемпір, Алдар Көсе, Бай, Кемпір, Қоян, Қасқыр, Тасбақа, Арыстан, Маша, Аю.)

- Төрлетіңіз ата, төрге шығып демалыңыз. Біз сіздерге ән салып, би билеп береміз. Жылқы жылын, шығарып салып, Берекелі де, мерекелі қой жылын ала келгеніңізге көп рахмет.
Ақшақар қошақанды ертіп алып шыршаның жанына билеп жүреді. Осының бәрін сырттай Мыстан кемпір қарап тұрады. Мыстан кемпір Ақшақардың қошақанына қызығып, өз айласын асырып, ұрлап алып кетеді. Осы кезде Ақшақар қошақанын жоғалтып қорқып, шыршаның түбіне әлсіреп, отырып қалады. Қолына қошақан тиген Мыстан кемпір әндетіп келе жатады.
(Қап, бәлем қоян!) музыкасы жүреді. Алдынан Қоянмен билеп келе жатқан Қасқыр кездеседі. Қасқыр Мыстан кемпірден жөн сұрайды.
Қасқыр:
- Тым көңілді көрінесіз. Себебі бар шығар?
Мыстан кемпір:
- Әрине, мен бәріңді қатырдым. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
(Қасқыр біраз ойланып тұрады да, Қоянды қасына шақырады. Қоян Мыстан кемпірдің артына тығылады.)
Қоян:
- Қасқыр ағай, маған тиіспейсіз бе? Мен сізден қорқамын. Алдап мені жеп қоймайсыз ба?
Қасқыр:
- Жоқ, Қоянжан ағалық уәдемді берем. Екеуміз бір - бірімізді қуалап жүргенде Мыстан кемпір Ақшақардың Ақ Қошақанын ұрлап кетіпті. Кел, екеуміз көмектесейік.
(Қоян қорқа - қорқа қасқырдың қасына барады. Қасқыр мен Қоян ақылдасады).
Қасқыр:
- Мыстан, сен неге олай жасадың. Біз бұл Жаңа жылды асыға күтіп жүр едік. Сен бәрінің берекесін кетірдің ғой. Үшеуміз бір шешімге келейік. Сіз бізбенен бірге ойын ойнап жарысыңыз, Жеңсек Ақ Қошақанды өзімізге қайтарып бересіз.
Мыстан кемпір:
- Жақсы, келістік. Өз сөздеріңнен айнып кетіп жүрмеңдер.
(Ойын: Сөредегі конфеттер.
Мыстан кемпір оқушыларды қорқытып, үркітіп жүріп, ойында жеңіске өзі жетіп алады. Өздерінің жеңілгенін білген Қасқыр Қоянға ашуланып, өкпесі қара қазандай болып, уәдесінен айнып, «Қап, бәлем!»- деп Қоянды қуа жөнеледі. Қоян одан әрмен қашады.)
Мыстан кемпір әндетіп, жолға шығады. Жолшыбай тамаша көңілді би билеп жүрген Арыстан мен Тасбақаға жолығады.
Үнемі ашулы, айбат шегіп, қаһарынан қан тамып жүретін Арыстанның көңілді - күйін көріп ашуланады.
Ән: Анашым. (Нұргүл)
Би: Вальс.

Мыстан кемпір:
- Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады.. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
Арыстан мен Тасбақаның сөзі:
Тасбақа:
- Әже, осындай әурешілікті қайтесіз. Арыстан ағам сияқты жаман қасиеттеріңнен арылып, Ақшақардың Ақ Қошақанын қайтарғаның дұрыс болар.
Мыстан кемпір:
- Жоқ. Бұл не дегенің. Жыл сайын Жаңа жылды менсіз өздерің өткізесіңдер. Мені жаман кемпір деп менсінбейсіңдер. Енді қалай болар екен, бәлем!
Тасбақа:
- Біздің сізге қояр бір шартымыз бар.
Мыстан кемпір:
- Шарт дейсіндер ме?! (қарқылдап күледі).
- Жолда Қасқыр мен Қоянда Ақшақарға көмектеспекші болып, жарыстырып. Енді сендер не істемексіңдер?
Тасбақа мен Арыстан жарыса сөйлеп:
- Би билеп жарысайық, жеңсең, Жаңа жылдан үмітімізді үземіз. Біз жеңсек, сиқырлы таяқшаны иесіне қайтарасың.
Мыстан кемпірдің биі
/Мыстан кемпір балаларды қорқытып, әлімжеттік жасап өзін жақтауды талап етеді/.
Арыстан мен Тасбақаның биі: мектеп оқушыларымен бірге билейді.
Мыстан кемпір әр баланың қасына барып, қорқытып өзін жақтауды талап етеді. Алайда қорыққан балалар Мыстан кемпірді жақтап шығады.
Әділ шешімін ала алмаған Арыстан мен Тасбақа ұнжырғалары түсіп, өз жөндеріне кетеді.
Мыстан кемпір өз жеңісіне қуанып келе жатып, Аю мен тентек Машаға кездеседі.
Мыстан кемпір жолында кездескендердің бәрін алдап келе жатырғанын, өзінің істеген істерін мақтан етіп, ән айтып келе жатады.
Мыстан кемпір:
- Алақай, мен бәріңді қатырдым. Қоян мен Қасқыр да менен айласын асыра алмады.. Сендердің көптен күткен Жаңа жылдарың өтпейтін болды. Себебі Жаңа жылға келетін Ақ Қошақандарыңды мен ұрлап алдым. Енді Ақ Қошақан менің қолымда, - деп алақайлап, қарқылдап күледі.
(Өз анасындай қамқор болып жүрген аю Мыстан кемпірден тентек Машаны қорғамақ болып, бауырына жасырады.)
Аю:
- Кешіріңіз, сонда асыға күткен бәріміздің Жаңа жылымыздың болу болмауы сіздің қолыңыздағы Ақ Қошақанда тұр ма?
Мыстан кемпір:
- Әрине. Жаңа ылға жан бітіретін, жаңа жылға сән беретін Ақша қардың Ақ Қошақаны менің қолымда тұрған жоқ па?
Аю:
- Енді түсіндім мән - жайды. Олай болса Маша қызым екеуміздің саған қояр талабымыз бар. Бізбен бірге ойын ойнайсыз. Ойында жеңіске жетсеңіз, онда сиқырлы таяқ сізде қалады. Ал ұтылып қалсаңыз сиқырлы таяқты Ақшақарға қайтарасыз.
Мыстан кемпір: Жарайды, ендеше ойынды бастайық.
Ойын ойнату. Ата - аналарға арналған ойын.
Бұл ойында да жеңіске жеткен Мыстан кемпір әндетіп келе жатып ауылға аты белгілі болған атақты Алдар Көсе ауылына табан тірейді.

Қора - қора қойы, өрісі толы малы, матау - матау түйесі бар ауылдың атақты байы ерігіп кемпірімен дауласып отыр екен. Екеуінің дауын естіген Мыстан кемпір мен Алдар Көсе екеуінің әңгімелеріне араласады.
Мыстан кемпір:
- Екеуіңнің дауларыңды шешетін менің сиқырлы таяғым бар.
Алдар Көсе: Елдің бәрін шулатып жүрген сенсің бе?
Би: Хаттуба. Мавлюда
Ән: Қошақаным. Ұлдар

Мыстан кемпір:
- Сен Алдармын деп мақтанасың. Жолымда кездескендердің бірде - біреуі менен айласын асыра алмады.
- Керім болсаң, мына менің қолымдағы Ақ Қошақанды алып көр.
Ақшақарды алдаған Мыстан кемпірден айласын асырып, қайырымды халықтың қамын ойлайтын Алдар Көсе таяқты қолға түсірудің амалын жасайды.
Алдар Көсе:
- Әлемді аузына қаратып, ел - жұрттың бәрін алдап, тыныштығын бұзып келе жатқан ең сұлу, ең ақылды жан сіз сияқтысыз, - деп мақтауын жеткізіп, Мыстанның жанындағы Ақ Қошақанды айдап жібереді.
Мақтау сөз естіген Мыстан кемпір Алдардың қармағына түскенін байқамай қалады.
Алдар Көсе:
- Кел, ендеше екеуміз бәстесейік. Мына андағы көп қошақандардың ішінен Ақ Қошақанды тауып алсаң, менің Алдар деген атым құрысын, - деп миығынан күледі. Ал таба алмасаң, сеннен зардап шеккендер мен Ақшақардан кешірім сұрайсың.
Мыстан кемпір әр қошақанды бір ұстап, қанша іздесе де, Ақ Қошақанды таба алмай Алдар Көседен ұтылып, кешірім сұрауға бел буады.
Ал Алдар Көсе Бай мен Кемпірді татуластырып, барлығы қосылып шыршаның жанына келеді.
Мұңайып отырған Ақшақарды көріп, Мыстан кемпір кешірім сұрап, Алдар Көсе Ақ Қошақанды Ақшақарға береді. Осы кезде сағаттың даусы естіледі. балаларды қасына ерткен Аяз ата келеді. Көрермен ән айтып, Аяз атаны қарсылап алады. Жаңа жылды көптен күткен балалар қуанып ән айтып береді.

Аяз атаның қоштасу сөзі:
- Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе, қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (Қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Би: Ақшақарлар
Балалар: Сау болыңыздар!
Ән: Жаңа жыл, жаңа жыл, жаңа жыл!
- Қымбатты оқушылар, сендерді мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Құттықтау сөзі:
1. Мектебіміздің директоры.
2. Ата - аналарда
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×