Сайтқа кіру Тіркелу

Кең далама, ырыс сыйла Жаңа жыл

Тақырыбы: Кең далама, ырыс сыйла Жаңа жыл.

Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа имандылыққа, адамгершілікке баулу, Отанды сүюге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жангелді: Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық бүгін мол
Қарсы алайық қой жылын
Ұзатып сап жылқы жылын
Өткізейік жақсы оқып
Жаңа жылдың ай, күнін
Желеп - жебеп піріміз
Таза болсын дініміз
Жауқазындай жалындап
Өркендесін тіліміз
Шаттығымыз, жырымыз
Келген жаңа жылымыз
Ақ тілеумен осындай
Ар боп үйге кіріңіз.

Райхан: Уа, халайық, жараңдар
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар!
Жаңа жалда жаңа бақыт тыныштық
Жаса! Жаса! Достық! Бірлік! Туыстық!
Құттықтайық жаңа жылды өнермен
Қуаныштың әр минуты тым ыстық
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.
Құтты болсын Жаңа бақыт достарым!

Топтың орындауында «Аяз ата» әні.
Байр А: Егеменді ел деген сөз мәнді
Қой жылы – біз аңсаған жаса мәңгі.
Сан сыры ата - баба дәстүрімнің
Құтты жылым, жаса мәңгі, жаса мәңгі!

Маден: қой жылы, бізге жаңа бақыт әкел
Ізгілік – бірлік дәнін ортаға сеп
Құт болсын, береке бер халқымызға
Мерейін – мәртебесін биікке асыр.

Салтанат: Қуана қарсы алайық, құтты жылды.
Абырой атағымыз артсын ылғи
Басты арман – бірлік болсын арамызда
Жаңара берсін «Жеті жарғымыз да»

Жылқы - Айтмұхамммед: Мен бармын, халқым барда
Біледі нарқымды Алла
Былтыр дәл осы жерде
Қарсы алған балалар да
Сыр айтам ұл - қыздарға
Қауқам жоқ қарқындарға
Кетермін мен бұл жерден
Барлығын қой жылына тапсырып.

Райхан: Балалар, сендер бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер? Көпшілігің телеарнадан мультик көретін шығарсыңдар. Ендеше бүгінгі біздің қой жылын қарсы алу кешімізге сол мультфильмдердегі сендердің сүйікті кейіпкерлерін келсін – кәне, қарсы алайықшы, достар!
Гена - Самархан: - Армысыңдар балалар, балапандар!
Чебурашка - Ильяс: - Балалар, бізді танитын шығарсыңдар. Біз Гена екеуміз сендермен бірге қой жылын қарсы алуға келдік.
(Қоян жүгіріп шығып балалардың арасына тығылып қалады)
Қасқыр - Айгерім: - Балалар, сендер қоянды көрдіңдер ме? Осылай қарай жүгіріп кеткен еді?
Қап, бәлем қоян, тұра тұр, қазір сені тауып алам.
Қоян: - Алақай, алақай! Қашып кеттім қасқырда қасеке одан да Жаңа жыл кешінде достасып, би билеп көңіл көтерейік.
Қасқыр: - Жарайды, билесек, билейік.
Райхан: - Балалар, аспаннан жерге бір нәрсе қонған сияқты.

Карлсын - Мәден: - Мен қайда ұшып келдім? Мұнда не болып жатыр? Маторым неге тқтап қалды? Маторымды жүргізу үшін маған тәтті конфеттер қажет. Кәне, балалар конфет, тәттілер болса, маған беріңдер!
Райхан: Ал, балалар, тұрамыз ба осылай? Әсем әнге қосылайық.
Топтың орындауында: «Ақшақар» әні.
Жангелді: - Рахмет балалар! Кешіміз әсм әнмен кеткен сияқты.

Жылқы Айтмухаммед:
Балаларым, балаларым
Алғысым көп, айтар менің
Дәл осындай әнмен, бимен
Қарсы алдыңдар қой жылын
Өлшеусіз алда көп міндер
Өссең де мұңсыз күнде сен
Өмірге не болғын - деп
Өсиет айтам енді мен!
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертеңі болыңдар
Келер жыл саған аманат!
Қош – сау болыңдар!

Балалар: Қош бол, Жылқы жылы. Қош бол!

Жылқы: 12 - жылдан соң оралып келемін сау болыңдар балалар!
Жангелді: Қане балалар Жылқы жылын әсем бимен шығарып салайық!
Райхан: Балалар, Жылқыдан кейін қой жылы келеді төрімізге!

Жангелді: - Келді міне Жаңа жылым осылай. Қонысың құтты болсын, Жаңа жылым қонарсың мектебіме ырыс болып!
- Әділет: У - ай! Қандай тамаша! Залың қандай жаңаша. Сәлем беріп қойайын үлкен - кіші қаласа. Жылдың бір иесі мен қой жылы – орманды жыл тауып істі шаруаңды біл. Қош келдіңдер халайық Жаңа жалда сауық сайран салайық. Менің айтар өсиетім
Құтты жылдар тағы келсін
Қуаныш, той бақ әкелсін.

Райхан: Жаңа жылдың құрметіне әнге кезек берейік.
Жангелдінің орындауында: «Домбыраның күмбірі»

Жаңа жыл Жанібек: - Рахмет, балаларым көріп тұрмын, өнерлі ақылды екенсіңдер. Сен сендермен 365 күн бірге боламын. Биылғы жылы мені де қуантасыңдар деп ойлаймын. Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім.

Оқушылар: Бәрімізге біз тілейміз, жаңа жылдық шаттықты.
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты
Бұл жыл – бақыт әкелсін
Бұл жыл – шаттық әкелсін
Бұл жыл – ырысқа кенелтсін
Бұл жыл – тыныштық жыл болсын
Біздің бұл жылымыз табысты жыл болсын!

Райхан: Балалар, бәріміз қосылып аяз атаны шақырайық.
Бәрі: Аяз Ата, Қараша қыз келіңіздер
Тамашаны көріңіздер
Балаларға арналаған
сыйлықтарды көріңіздер

(Аяз Ата, Қарша қыз келеді)
Тезекбаева Айгерім:
Қош келдің Жаңа жылым
Көп болар жаңалығым
Төрлет, жаңа жыл жұлдызым жоғары
Шырқырасын туған - жердің жыр әні.
Көкте күліп Алтын күн нұрын шашқан.
Құтты болсын қадамдар алға басқан
Сыйласын тек қуаныш қызықтарын.
Жаңа жыл, есігін айқара ашсын.

Баир Айгерімнің орындауында: «Сырғанақ» әні.

Әділет: Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын - жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Жылмен бірге аяқты
Жылдамырақ басамыз
Жақсы оқып сабақты
Жаңа кітап ашамыз
Жас ұланға десеңіз
Жылдар тартқан кітапты
Білген сайын, өсеміз.

Ильяс: Лебі мұздай ызғарлы
Алып келді қыс қарды.
Қысқа түнде ұзарды.
Ұзақ күндер қысқарды
Аяз сүйіп қарсы алған
Жердің аппақ сұлбасы
Міне, осы қаңтардан
Басталды жал басы.

Райханның орындауында «Бақытты балалық»

Жангелді: Ал қанеки, балар
Ортамызды ашайық
Ән мен биді төгілтіп
Інжу - маржан шашайық
Шағын орталық Балбөбек бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалаңыздар.
Райхан: Ал, балалар, сағынтып жеткен Жаңа жылымыздың құрметіне дайындаған ойын - сауықтарыңды бастаңдар. Ортаға даярлық сынып оқушыларын шақырамыз.
Жангелді: Жаңа жылда өнер сыйлар қайсың бар: Алға шығып, өлең, тақпақ, әндеріңді айтыңдар!
Райхан: Тақпақ айтсын мерекеміз жайында. Сөз берейік 2 - сынып оқушыларына.

Жангелді: Ертіп алып біз білмейтін күндерді
Ертіп алып біз көрмеген түндерді
Есік салып өтіп жатқан уақытты
Есік қағып тағыда бір жыл келді
Бұрын сені іздесем де таппас ем
Жаңа жылым сенде жанған отта әсем.
Шаттық болып шаңыраққа нұр төгіп
Бақыт болып босағамнан атта сен.

Райхан: Қазақ жерін күллі әлемге сүйікті ет
Қазақ елі мәртебесін биіктет
Кең далама ырыс сыйла, Жаңа жыл
Бар ғаламның ырыздығын жиып кеп
Бармақтай бақ бұйыр менің халқыма
Мол ғылым бер, зор білім бер халқыма
Алға жүзсін Тәуелсіздік кемесі
Қазағымның даңқ қосылсын даңқына

Жангелді: Әркімнің де әні бар
Әннің де көп мәні бар
Жаңа жылды жаңаша
Болсын қызық, тамаша!

4 - сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетпек.
Райхан: Балалар, Аяз Ата мен Қарша қыздың бармаған әлі талай асулары бар екен. Біз сияқты балалар күтіп отырған көрінеді. Аяз Атаны Қарша қызды жіберейік.

Балалар: Қош болыңыз Аяз Ата, Қарша қыз келесі жылы біз сіздерді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×