Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышым - балбұлағым

ФАНФАРЫ ойнайды
- Қазақстан Республикасының гимні.
1 – жүргізуші
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз үшін ерекше күн.
Бүгінгі «Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
І бөлім:
Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын ашқан бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырығын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын! Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: Суаткөл негізгі мектебінің көңілді де ақылды 4 сыныбын ортаға шақырайық. Қарсы алайық ағайын! Музыка ойнайды (Өз елім)
Мағжан:
Армысыздар осындағы көпшілік,
Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.
Тұрған біздер төртінші сыныбымыз
Көңілді өтсін бүгінгі,
Бастауышпен қоштасу күн - кешіміз!
Назым:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жайып қарсы аламыз Сіздерді
Би биленіп ән де бүгін шырқалар.
Алихан:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аңсар:
- Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Қорғанбек:
- Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Мерей:
- Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Мағжан:
- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Аңсар: Олай болса, алғашқы бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
5 оқушы шығады:
Алихан: Ұ – ұлағатты
Мағжан: С – салмақты
Назым: Т – танымал
Қорғанбек: А – ардақты
Мерей: З – зиялы
Аңсар:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
- деген жылы сөзбен алғашқы ұстазымыз Шаин Имаковнаны ортаға шақырамыз!

Мерей: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Мағжан:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады – ай, қажымай.
Назым:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Қорғанбек:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Аңсар:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Алихан:
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Мағжан:
- Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін!
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!! (Хор)
Ән «Үйретеді мектепте»
Жүргізуші:
Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе мектебіміздің директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлына сөз берейік.
ІІ бөлім:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
«Баға жетпес, мәртебелі» номинациясымен мектеп директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлы марапатталады.
Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Азамат Жұмабекұлына
Алғыс айтады түлектері.
Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жакина Гүлден Жолдыбаевна марапатталады.
1 - жүргізуші Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Гүлден тәтей амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

Мұғалім: «Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Есілбаева Динара Жанатовна марапатталады.
2 - жүргізуші Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Динара тәтей осындай.
Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі Капарова Гүлнар Имаковна марапатталады.
1 - жүргізуші: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Гүлнәр тәтей,
Мың алғыс, ризамыз өзіңізге.

Мұғалім: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар Гульнар тәтей және Анаргүл тәтей
марапатталады.
Рақмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.
Ән: «Бала тілегі»
Мағжан: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.
Аңсар: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата - ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.
Назым: Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Мерей: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Алихан: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Қорғанбек: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Мағжан: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
Аңсар: Аман болсын, аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата - анаға мың да бір рахмет!
Ән: «Анашым қартаймашы»
2 - жүргізуші: Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата - аналардың ыстық лебіздері)

1 - жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Бименен шашу шашып бишілерім!
Би «Қара жорға»
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға куәлік табыс етеміз. Куәліктер беру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.
Куәлік оқылады, әр оқушыға арналған тақпағы оқылады.
Қорғанбек мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Назым адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате істі әрқашан мойындатар.
Әр ісіне жауапты Алихан
Арманың болашақта орындалар.

Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Мерей сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Аңсар болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
Мағжан сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Ән: «Мектебім»
Аңсар:
Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Мағжан:
Өтті қызық шағым,
Бастауышым - Балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Назым:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Мерей:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Қорғанбек:
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
Алихан:
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой - санама еккенің.
Жүргізуші: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп,...
Бастауышым балбұлағым

Бастауышым балбұлағым

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негізі болып қаланатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен,...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Мақсаты: бастауыш сыныпты бітіруді салтанатты түрде атап өту Міндеттері: 1. Оқушылардың еліміздің тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толу қарсаңында...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×