Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)

Тақырыбы: «Қазақтың келіндері - ай» атты сайыс (келіндер сайысы)
Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам
Жанары жаны жаздай жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі өткелі отырған: « Қазақтың келіндері - ай» атты сайысына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – деп отырып бүгінгі сайысқа қатысушы жас келіндерімізді қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

Жүргізуші
1 - ші номердегі келін:
2 - ші номердегі келін:
3 - ші номердегі келін:
4 - ші номердегі келін:
5 - ші номердегі келін:

Жүргізуші:
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.

Жүргізуші: Кезекті әділ – қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса « Қазақтың келіндері - ай» атты сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

Жүргізуші: Сайыстың барыс
I Қане таныс болайық
II Өнерлі өрге жүзер
III Қазақтың ырымдары - тиымдар(сұрақ – жауап)
IV Бесік жыры
V Қазақтың ұлттық тағамдары
VI Үй тапсырмасы Ана көрген тон пішер(қолөнер бұйымы)

Сайысымызды ашатын ----
Жүргізуші:
I Кезекті «Қане, таныс болайық» кезеңіне береміз.

Жүргізуші:
Кезекті «Өнерлі өрге жүзер» көрсету кезеңіне береміз.

Жүргізуші:
Қазақтың ырымдары (сұрақ – жауап) кезеңіне береміз.(сайыскерлеріміз әділ қазы алқасының алдында тұрған бір сұрақты суырып алып жауап берді)

1 Босаға майлау дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.
3. Киіз үй жиһаздарын атаңыз.
4. Қалжа дегеніміз не?
5. Үш жұртты ата.
6. Сый қонаққа қандай табақ тартылады?
7. Жеті атаны атаңыз.
8. Жасау дегеніміз не?
9. Мүше алу дегеніміз не?
10. Бес жақсыны атаңыз?

Жүргізуші:
Кезекті бесік жырына береміз.

Жүргізуші:
Қазақтың ұлттық тағамдары(мұғалімдер әкеліп жатқанда артта фон жүріп тұрады)

Жүргізуші:
Үй тапсырмасы Ана көрген тон пішер (қол өнер бұйымы)
(мұғалімдер әкеліп жатқанда артта фон жүріп тұрады)

Сайыскерлеріміз келесі сайысқа даяр болғанша кезекті әнге берелік.

Ән “Жаса Қазағым”
«Арман – ай» кіші би тобының орындауында «Бүлдіршіндер» би
Ән“Наурыз”
“Айшабибі ”би тобының орындауында орыс халқының биі “Калинка”
Ән: «Кош келдің, төрлет Наурыз»
“Айшабибі ”би тобының орындауында қазақ халқының биі “Әлқиса”
Ән “Наурыз - көктем”
Арман – ай үлкен би тобының орындауларында қазақ биі Шашу.
Ән “Туған жер алтын бесігім” орындайтындар
Жүргізуші: Сөз кезегін мектебіміздің басшысы -------
Жүргізуші: Сонымен сөз кезегін әділ – қазыларымызға береміз.
Қорытынды
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі « Қазақтың келіндері - ай» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Сау болыңыздар!

Атырау қаласы
Мектептен тыс жұмыс орталығының
Мәдени шаралар ұйымдастырушысы Нұрбике Қазиханқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×