Сайтқа кіру Тіркелу

Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз
Ән
1 - жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Мукашева Кульшат Қалиқызына береміз!
Бүгін сіздердің көңілдеріңізді көтеріп отыруға тырысамыз.
ЖҮРГІЗУШІЛЕР: Кабдешова Нургуль Серикона
Марина Анатолевна
Ойын профессоры доценті
Би доценті
Және Н. Островский атындағы мектеп – лицейінің жастары
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
- деп келесі сөз кезегін мерекеміздің мерейлі қонақтары еңбек ардагерлері ұстаздарға сөз береміз.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Ұстаздарым жарқырар басталады
Жұлдызды жұп болып сахнадағы
Басталады додамыз басталады!!!
Ендеше мұғалімдер арасында Екі жұлдыз додасын ашық деп жариялаймыз.
Жұптарымызбен таныс болайық

1 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға
1 жұпты шақырамыз!
Әр үстел бойынша құттықтау сөзін береміз
2 - жүргізуші: Ұстазым, менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс - жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
Сіздерге арнап сахнада 2жұп шақырылады
1 - жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген мектебіміздің «Жігер» КВН командасын ортаға шақырайық!
2 - жүргізуші: Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Бала бойына ата - анадан кейінгі ақыл - ой, адамгершілік, әдептілік, ар - ұят, ұлттық сана - сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр - сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
1 - 2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

«Екі жұлдыз» додасына қатысатын жұптарды бағалау парағы

Сарқан қаласы, Н. Островский атындағы мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Кабдешова Нургуль Сериковна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Ұстаздар күні! Мұғалімдер күніне арналған құттықтау-тілек

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып....
Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Ұстаздар күніне арналған қызықты сценарий

Жаңа оқу жылы мұғалім қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі болып табылады. Мереке қарсаңында...
Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек

Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін....
ұстаздар күні

ұстаздар күні

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұртазина Бағдагүл Жақсылыққызы...
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»

Мұғалім, ғазиз мұғалім, Сарқылмас мәңгі бұлағым Ұланың бүгін тойыңда, Арнайды саған бұл әнін....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×