Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Қайырымдылық- адамгершілік белгісі

Міндетті оқу айлығы аясында өткізілген «Қамқорлық» акциясы қорытындысының кеші
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі»
Мерекелік кеш жүрісі
Жүргізуші: Мен өзімнің сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде басталғалы тұрмын.
«Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту болса,

Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың.
Бұл өмір тәтті де емес тамсанатын
Жеткізіп айта алмаған қаншама ақын
Ойсыздарға ой салған оқпан болып
Асып – тасқан жерінде ән салатын
Күлкі емес күмбір қағып мөлдіреген
Анаңның жүрегі емес елжіреген
Еркелетіп бойына үйретіп ап,
Кеудеңе кептеп қояр желді үдеген
Кейде жұрттың бәрінен артық етіп,
Түсірмейді қолынан асық етіп.
Бұл өмірге, апыр ау дауа барма?
Кейде нұқып тастайды жасық етіп.
Қызығы да өмірдің осы болар,
Сан қилы мінезімен тосып алар.
Бірде сипап маңдайдан, бірде соғып,
Бауырындай құшақтап қосып алар.

Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай аудандық білім беру бөлімі 2014 жылдың 11 қаңтары мен 11 ақпан аралығында аудан аумағындағы барлық мектепте жалпыға бірдей білім беру айлығын өткізді. Айлық барысында «Бейнеу лицейі» - де оқушылардың толық тізімі жасалып, ақылы есі шектеулі және тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушылар анықталды.

Аталған шара аясында Бейнеу лицейінде тұрмысы төмен отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, демеуші болғысы келетін 33 ата - ана өз үлестерін қосып, нәтижесінде 52600теңге көлемінде 12 оқушыға қыстық киімдер мен оқу құралдарымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Мектепте әлеуметтік жағынан аз қамтылған 20 оқушыға мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Баланың бір уақыт тамағы үшін 179 теңге құрайды.

Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын, гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылып қадағаланды. Тегін тамақ беріліп отырған балалардың әртүрлі тағдыры бар. Олар мектеп ұжымы мен ата - аналар комитетінің жан - жақты тексеруінен кейін осы мүмкіндікке жетіп отыр. Мектеп асханасын жүргізіп отырған жеке кәсіпкер Бәтима Серікбаева өз қаражатымен 13 жартылай жетім баланы ыстық тамақпен тамақтандырса, 7 «а» сынып оқушылары өз еріктерімен қаржылай көмек қолын созды.

Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшіресің.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба
Қазыбек бидің халқымның кеңдігі, жомарттығы туралы айтқан осы бір өсиеті бүгінгі күнде де өміршеңдігін жойған емес.
Алғы сөз 1.«Бейнеу лицейі» директорының міндетін атқарушы..................... сөз кезегін беремін.( Алғыс хат тапсыру рәсімі)
2. Директордың тәрбие ісінің орынбасары..........................

Жүргізуші: Жансаң көзі қарақты
Қиналғанды аңғарар
Өзіңнен сөз тарапты
Жақсылыққа жалғанар
Дәнекер боп жүргенің
Азаматтық ерлігің
Жөн жосықты білгенің
Еңсесі биік елдігім
Байлық қуат алапат
Қағып түсер қарғысың
Демеушілік шарапат
Алар елдің алғысын демекші бүгінгі кешіміздің қонақтары, яғни өз қаражаттарымен көмек қолын созған ата - аналарға сөз береміз.

Жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары ендігі музыкалық бөліміздің беташарын биші қыздарымыздың биімен ашалық.

Майысып бұраңдаған денелері
Алаулап жайнаған көздері
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің гүлдері
Би. Орындайтын Мұратова Мадина
.
Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...
Ән. «Көнеміз ғой» Орындайтындар: Жолбергенов Данияр
Амантай Саят
Ән. «Дүние керуен»

Жүргізуші: Мектеп психологы К. Қожановаға сөз.

Өтеді ғой... Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.
Ән «Айналдым сенен Атамекен». Орындайтындар: Жәкеновтер
Нұркен мен Нұрхан
Ән. «Әгугай»

Жүргізуші: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл сәл кем бұра,
Қазақ – нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана.
Күй. «Айжан қыз»Орындайтын: Аманқұлова Марал
Түрік биі «Сұлтан». Орындайтындар бишілер тобы

Жүргізуші: Атаң болса, анаңмен -
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса ақылды -
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса жанашыр -
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл -
Өкпе – бауыр, жүрегің.
Халық әні «Қоғалай» Орындайтын: Дүйсеғали Айдана
Көркемсөз. «Қандай жанмын?» Оқитын Алтынбек Бақдәулет

Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау»
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.
Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!»
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты,
Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямалық ағайын!

Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Қайырымдылық - адамгершілік белгісі» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.
Хор «Атамекен»
Соңы
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебі, тарих пәні мұғалімі Саламатова Алтынгүл...
Халық тәрбиесі асыл қазына

Халық тәрбиесі асыл қазына

Дайындаған: Құттығұлов Ғабит Серікұлы Тақырыбы: «Халық тәрбиесі асыл қазына» Мақсаты: жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды...
«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

«Ұстаздық ұлы қызмет» мерекелік ардагер – ұстаздармен кездесу.

Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Ж. Қалдығараев орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Наренбаева Акнұр Жауғаштықызы...
Мектепішілік шара «Жақсылық жасауға асығайық»

Мектепішілік шара «Жақсылық жасауға асығайық»

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы Б. Жұмалиев орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тажмаганбетова Агилен Бишеқызы...
Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік

Кызылорда облысы, Казалы ауданы Басыкара ауылы, № 182 мектептің әлеуметтік педагогы Кемалова Роза Өмірбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету