Сайтқа кіру Тіркелу

Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

Өткенін білмеу – болашаққа қиянат (Ашық тәрбие сағаты )
Наурызбаева Г. Ч. Алтаева Ш. А.
Сабақтың тақырыбы: «Өткенін білмеу – болашаққа қиянат.»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Ұлы жеңіс жайлы, сұрапыл соғыс жылдарындағы ата - апаларымыздың ерен ерліктері туралы, бүгінгі бейбітшіліктің оңайлықпен келмегендігі жайлы білім беру.
2. Оқушылардың үлкенге құрмет, кішіге ізет дағдыларын ояту. Олардың тарихтан алған білімдерін шыңдау, дамыту.
3. Оқушыларды теориялық білімдерін өмірде пайдалана білуге, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, демонстрациялау, көрініс көрсету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, шақыру билеттері, көрініске қатысатын оқушылардың киімдері, қабырға газеттері.
Сабақтың барысы:
1 - ші жүргізуші: Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Баршаңызды ерлік туын желбіретіп, бүкіл әлемге тыныштық сыйлаған Жеңіс күнімен және соғыстың аяқталғанына 69 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
2 - ші жүргізуші: Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектептің 6 «ә», 7 «ә» сыныптары дайындаған «Өткенін білмеу - болашаққа қиянат» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 - ші жүргізуші: Қаншама жыл өткенмен сонау сұрапыл жылдардың оқиғалары, әкелеріміз бен аталарымыздың қасиетті Отанымызды шетелдік басқыншылардан қорғауда көрсеткен ерен ерліктері мен қайтпас қайсарлықтары халқымыздың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
2 - ші жүргізуші: Жыл өткен сайын, күн өткен сайын сол бұрын - соңды болмаған алапат соғысты көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер де азайып барады, қалай болғанда да Жеңіс күнін жақындатқандардың солар екендерінде дау жоқ.

Баяндама: «Сол бір жылдарда»
1 - ші жүргізуші: Тарих жылнамасында екінші дүниежүзілік соғыс деген атпен қалған Ұлы Отан соғысы бейбітшілік сүйгіш күштердің Жеңісімен аяқталғанына биыл 65 жыл толады. Миллиондаған жазықсыз жандардың жанын қиып кеткен сол сұрапылды барша Қазақстандықтар жауға қарсы “Ел үшін, жер үшін!”деген ұранмен қасық қандары қалғанша арпалысты. Небір боздақтар хабар - ошарсыз кетті.

2 - ші жүргізуші: Жыл өткен сайын, күн өткен сайын сол бұрын - соңды болмаған алапат соғысты көзімен көріп, белуардан қан кешкен ержүрек жауынгерлер де азайып барады, қалай болғанда да Жеңіс күнін жақындатқандардың солар екендерінде дау жоқ. Шейіт болған ата - ағаларымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялаймыз.
1 - ші жүргізуші: 1941 - 1945жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты, азаматтықты қорғап ерекше ерлік көрсетті. Солардың бірі біздің қонағымыз Шафигуллин Темірхан ата. Сол кездегі есіңізде қалған оқиғалардан біраз әңгіме айтып берсеңіз. (ардагерге сөз беріледі)
2 - ші жүргізуші: Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбегі де шексіз. Солардың бірі қадірлі қонағымыз Қайнұр апа мен Камила апамызға сөз береміз. Сонау соғыс жылдарындағы, тыл еңбеккерлерінің өмірінен біраз әңгіме айтып берсеңіз. (ардагерлерге сөз беріледі)
1 - ші жүргізуші: Ауылымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, өзінің бастамасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап, ескерткіш орнатып жатқан, соғыс ардагерінің тұяғы, Көксу шаруа қожалығының төреағасы Оразбеков Әшімхан Ізтайұлына сөз кезегін береміз.
1 - ші жүргізуші: Әңгімелеріңізге көп - көп рахмет.
Елім деп соққан жүрегі,
Іске ассын көптің тілегі,
Достық пен бейбітшіліктің,
Қазақтың елі тірегі,- дей келе назарларыңызға оқушылардың концерттік бағдарламасын ұсынамыз.

Хор: «Майданға»
Қара түнек серпілді, серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.
Атқа мін, қазақ атқа мін,
Майданға, майданға.
Шық күреске жолдастар, жолдастар,
Жарқырасын алмастар, алмастар.
Желбіреп қызыл туы тұр,
Майданда, майданда.
Әдеби монтаж:
1. Сонау жылы Жер көкті, Соғыс бұлты торлаған. Сонда Мәншүк апамыз, Жаудан елді қорғаған.
2. Қош айтып, оқу - ойынға, Әжесін тастап қария. Қол бұлғап туған ауылға, Майданға кетті Әлия.
3. Соғыс жалмап аға, іні, бауырды, Зар жылатты, тыныш жатқан ауылды. Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда, Көрген жоқпыз сол қырғын дауылды.
4. Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы,
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.

5. Болдырмай соғыс сұмдықты,
Қорғайық достар шындықты
Болмасын мәңгі қан төгіс,
Ұраның болсын, ел мықты.

6. Отан үшін отқа төсеп,
Өр кеудесін жап - жас ғұмыр.
Қан майданды қылған төсек,
Майдангерлер бір - бір тұғыр.

2 - жүргізуші: Ұлы отан соғысы төрт жылға дерлік созылды. Өткен соғыс әрбір адамның жүрегінде өшпес із қалдырды, миллиондаған адам өмірін сұмдық қанды қырғынға ұшыратып, жер бетін жайлап өткен екінші Дүние жүзілік соғыс дауылының сол бір алапат кезеңін бүкіл адамзат, міне, 65 жыл бойына үнемі еске алумен келеді.

1. Көрініс: «Соғысқа аттандыру»
(Жамбыл Жабаевтың ұлын соғысқа шығарып салуынан көрініс)

Атандыру
Жамбыл Жабаев

Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам!
Ақ сақалым желбіреп,
Арыдан қарап мен қалам.
Құлағына, құйылып,
Даусым жүрсін жырланған.
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.

Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман - есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа, бір қадам!
Ел қадірін біл, балам,
Сынға түскен бұл заман,
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз, деп ұқсын -
Аңғарлы жан “бұл заман.”
Хош, хош балам, хош балам!

Ән: «Әке» Орындайтын: Тоқын Ердинар.

Көрініс: «Мәншүк.»
Автор: Сонау жылы жер көкті Соғыс бұлты торлаған Сонда Мәншүк апамыз Жаудан елді қорғаған
Аласапыран соғыс, қым - қиғаш атыс. Мәншүкпен қатар атып жатқан командирдің пулеметі кенет аунап түсті. Мәншүк жаралы командирдің басын байлап, 3 пулеметті қатарлап қойды да, бар оқты қасына жинап алды. Жау таянғанда оның «максимкасы» тіл қатып, фашистер құлап жатты. Мәншүк жан - жағына қарап өзінің жалғыз қалғанын сезді. Жау гранаты оны аяғынан жаралады. Мәншүк жанталас үстінде жарасына топырақ сеуіп, байлап тастады да, пулеметіне қайта жабысты. Жасанған жауды жалғыз өзі 3сағат бөгеді... Зұлым фашист оғы оны мерт қылды.
1. Есіңде ме туған қалам,
Сен деп неше жан қиылды.
Тас қорған боп мың сан адам,
Қорғағаны әр үйіңді.
Жау еңсесін жаншып төмен,
Қуған оны жатыр ізі.
Есіңде ме Мәншүк деген
Қазақтың жас батыр қызы.
2. Қазақтың қос жұлдызы аспандағы,
Есімдерің бүгінде аспандады.
Жүректегі лүпілмен қазақ деген,
Қос жұлдыз қан майданнан жасқанбады.
Оққа ұшты, жараланды, азап шекті,
Сонда да бұзып - жарды, талай шепті.
Қос жұлдыздың тағдырын жаулар шешіп,
Соғыс өрті екеуін жалмап кетті..
Бақ боп бітті қос жұлдыз қазағыма,
Қаймықпай төзді соғыс азабына.
Олардың ерліктері өшпей мәңгі,
Сенемін әлі жырлар жазарыма.
Ескерткішке гүл шоқтарын қою.
Ән: «Әлия»
Сөзі: Ә. Тәжібаев Әні: С. Байтереков

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен даламның.
Ерке құсы сен халқымның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен даламның.
Ерке құсы сен халқымның!

Шолпан жұлдыз – өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы: Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен даламның.
Ерке құсы сен халқымның!

Би: «Катюша» бишілер тобы

Хор: «Соғыстан қайтқан солдаттар» (көрінісімен)

Сөзі: С. Мауленов Әні: Т. Әбілхатин Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың,
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын,
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетерсің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы хабар жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар.

Әдеби монтаж:
1. Елім деп соққан жүрегі,
Іске ассын көптің тілегі.
Достық пен бейбітшіліктің,
Қазақтың елі, тірегі.

2. Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?!
Ол ақшаға сатқам жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кешегі елге қатер төнгенде ол жауға қарсы шапты,
Бізді жазаламақ болған ажалды, өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты, елім соққысын өз үстіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де, ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?!
Сенің келешегің үшін, берді ол азаттық жолда аяғын!

3. Соғыс салған жарақаттан
Жазыла алмай кеткендер көп
Ардақтаймыз ардагерді.
Бүгінге аман жеткендер - деп.

4. Отан үшін отқа төсеп
Өр кеудесін жап - жас ғұмыр
Қан майданды қылған төсек
Майдангерлер бір - бір тұғыр.

Би: «Ақ көгершін»

Ән: «Ана туралы жыр» Орындайтын: Ердинар

Әдеби монтаж:
1. Екі қолмен шоқ көсіп ойнағандар,
Кеудесін оққа төсеп лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын тойлағандар!
2. Айқасқан Отан үшін ардагерін,
Соғыста нардың жүгі көтергенің.
Жеңістің 65 жылдық мерекесін,
Тойлайтындар 100 жасқа жете бергін!
3. Сұрапылдан жарымжан келген екен,
Қырық жасқа жетпестен кете бердің,
Соғыстан аман келгендер бар, келмеген көп,
Ардагерлер аман бол, көкелерім.
4. Осылай өтті күндер, отты жылдар,
Отан үшін құрбан боп миллион
Қаншама жыл өтсе де содан бері,
Ананың көкірегінде үлкен мұң бар.

5. Зұлымдық әділдіктен аса алмады,
Шын таза арды аяққа баса алмады.
Орасан зор, опық жеп озбырлыққа,
Тынбады, тұншықпады жас арманы.

6. Отан үшін от кешкен талай боздақ,
Ойландырып ананың дертін қозғап.
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмас»
Мәңгілік от жүректер емес тозбақ!

7. Құлшынып елге келіп еңбек етті,
Өндіріс пен шаруаны оңдағандар.
«Арымның садағасы - жаным» дейтін,
Рухы биік, ары таза сол ағалар!

8. Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріне сыйлап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! (хормен)

Би: «Шашу»
Хор: «Кептерлер»
(сыйлықтарды табыс ету)
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар және соғыс ардагерлері!
Баршаңызды бүгінгі мерейтоймен, жеңіс күнімен шын жүректен
құттықтаймыз. Бүгінгідей шуақты да мерекелі күн сіздерге мықты денсаулық
ұзақ та бақытты ғұмыр, отбастарыңызға құт - береке тілейміз.

2 - жүргізуші: Ұлы жеңістің қандай қиындықпен келгенін біз жақсы білеміз. Сол үшін де сіздерге мың алғыс! Құрметті қонақтар осымен ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тақпақ: « Енді соғыс болмасын!»
Финал Ән: «День победы»
Майдангердің ұлымын
Көрмесем де соғыстың алапат сол құйынын,
Жақсы білем мен оның сұрапылын, қиынын.
Өйткені мен сол жылғы аналардың жырымын,
Аман қайтқан сойқаннан майдангердің ұлымын.

Майдангердің ұлымын куә болған талайға,
Қатысым бар желбіреп тұрған анау жалауда.
Бауырластар зираты - қаруласы әкемнің,
Басымды ием тік тұрып мәңгі өшпейтін алауға.

Әлі тасқа соғылып көрмесе де маңдайым,
Мен білемін соғыстың сұрапылы қандайын.
Әжем марқұм айтатын жарты ауылдың адамы
Жарты шелек талқанмен жібітті деп таңдайын.

Рас, рас, жау шетте қалқан болып ер тұрды,
Бірақ соғыс талайға кесепатын келтірді.
Алғы шепте атылған снаряд пен бомбалар
Алдымен ауылда шал - кемпірді өлтірді.

- Керек,- десе келіні - бұдан гөрі аппақ ұн,
- Құрт не керек,- дейді ұлы – неге тыныш жатпадың?
Тәубә айтып анашым күбірлейтін оңаша:
О, Жасаған, кесепат, кесіріңнен сақтағын!

Ана туралы баллада
Сөзі: А. Шамкенов Әні: Ж. Сейілов

1. Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарсы айрылған аналардың жүрегі.

Қайырмасы: О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың - дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.

2. Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.

Қайырмасы
3. Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық ана шөлі қанған ба.
Ана – үміт, ана – жігер, ана – азамат,
Одан берік, одан нәзік жан бар ма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Соғыстан қайтқан солдаттар

Соғыстан қайтқан солдаттар

Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға Жолыңды тосып ана жүр....
9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий

9 мамыр жеңіс күніне арналған сценарий

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды...
Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...
Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)

Бейбіт күн жасасын әлемде (9 мамыр жеңіс күніне)

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз...
Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын!

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты) Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!» Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×