Сайтқа кіру Тіркелу

1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың тақырыбы: 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ұрандар, жер шарының макеті, қима көгершіндер, гүлдер.
Барысы:
Мұғалім:
Бірлік пен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқыраған жарық күн.
Ырыс, дәулет бақыты үшін халқымның,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! – дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Өз елім» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, қолдарына гүл ұстайды.
1 - оқушы:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
2 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылғандай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағынғандай.
3 - оқушы:
Мамыр қандай, шіркін - ай, құлпырады,
Күй толқып көңіліңе жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
4 - оқушы:
Мамыр келсе халқымыз,
Мерекені тойлайды.
Хормен. Бейбітшілік, Еңбек, Мамыр жасасын!
Би: «Туған ел».
5 - оқушы:
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
6 - оқушы: Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
7 - оқушы:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір Отанда тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
8 - оқушы:
Алтай, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
9 - оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер.
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ән: «Дос болайық бәріміз».
10 - оқушы: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір - бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
11 - оқушы: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
12 - оқушы: Бірлік – халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.
Көрініс: «Бірлік».
13 - оқушы: Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?
14 - оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік.
15 - оқушы: Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?
16 - оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол.
17 - оқушы: Бейбіт күн тыныштық,
Біз үшін тым ыстық.
Ырыс құт тұтқасы,
Ынтымақ, туыстық
18 - оқушы: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Ән: «Ақ көгершін».
19 - оқушы: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.
20 - оқушы: Барлық елдердің балаларын ынтымақтасуға шақырамыз.
21 - оқушы: Әй, әлемнің әділ жанды балалары, Әкелер мен атайларға айтайық!
Хормен: Ажал оғын атпасын,
Тыныштықты сақтасын!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы
Чириковка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Жағыпарова Венера Ерғалиқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Достығымыз жарасқан

Достығымыз жарасқан

Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты...
Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат...
Татулық достық киелі бесігі

Татулық достық киелі бесігі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер! Қазақстан мемлекеті көп...
Татулық достықтың киелі бесігі

Татулық достықтың киелі бесігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мейрманова Жансая Төленбекқызы...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×