Сайтқа кіру Тіркелу

Арайлы таңдай - сұлу Астана!

Тақырыбы: Арайлы таңдай – сұлу Астана!
Мақсаты: Елордамыз Нұрсұлтан туралы оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін қалыптастыру.
ә. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Б. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі:
«Астана – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны»; Шиырма, «Кешегі Ақмола – бүгінгі Нұрсұлтан», Суреттер, «Егемен Қазақстан» газеті.
Әдісі: Әңгіме, Сұрақ - жауап, Мәнерлеп оқу.
Түрі: Танымдық сабақ.

Өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
А. Оқушылардың жазғы демалысы туралы сұрақтар.
Ә. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Біз – Қазақстан атты байтақ елдің ұландарымыз.
Осы Қазақстан Республикасының елордасы қай қала еді?
- Әрине, Нұрсұлтан. Мұны бәрімізде жақсы білеміз.
Нұрсұлтанға биыл қанша жыл толды?
- Дұрыс. 24 жыл. Қай айда екенін кім айтады?
- Әрине. Мұны ұмытуға болмайды. Бұл біздің елбасымыздың туған күнімен тұспа - тұс келген 6 шілдеде.
«Астана - асқақ абыройымыздың айғағы», - деді елбасымыздың Н. Ә. Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойындағы ашылу салтанатында.

Ардақты ағайын!
Құрметті (достар) қонақтар!
Қадірлі отандастарым!
Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойына жиналып отырмыз.
Нұрсұлтанның 24 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Нұрсұлтанды салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Нұрсұлтан атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Нұрсұлтанды асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.
Той құтты болсын, ағайын!

Осыдан 28 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды. Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі еді.

Осы он жылдың ішінде әлемге танылған Нұрсұлтан Қазақстанды да әлемге әйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Нұрсұлтан бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
Қазіргі кезде Нұрсұлтан біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр.
Жасампаздың істерде жасқанбай, ата - баба аманатына адалдығын танытты.

... Өркениет көшіне еркін қосылған ұлт ретінде білімділікте, біліктілік те, жүректілік те көрсетті. Сын сағатта сыр бермеді халқымыз.
Сол үшін де мен ел - жұртыма ризамын, алдарыңызда иіліп тағзым етемін.

Ертегідей Елорда
Нұрғожа Ораз, ақын

Бала қиял баяғы ғажап екен
Кимелейтін киелі маза бөтен -
Көз алдымда шынылы шаһар салып
Жер жаһанда кезікпес бағалы етем...

Сол қиялды өңімде көргендеймін,
Өзім жырдан жайнағып өргендеймін.
Таңғажайып бір қала келеді өсіп.
Қалайша мен лапылдап өртенбеймін.

Бұқар жырау жырындай әр ғимарат,
Құйылып кеп түскендей ән ғибадат.
Енді келіп Еуропа елеңдейді,
Жүрген бұрын біздерге қалғи қарап.

Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай - жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп атыр.

Бір күнінен бір күні салтанатты.
Керек қылмас көпір ме жалған атты,
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.

Сән - салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым - жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп
«Астанам!»- деп ардақтап жүгінеді.

Елімнің алтын шаңырағы
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана – ел көгінде Темірқазық.

Қабыл боп ата - баба, ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана – соғып тұрған нұр жүрегі!

Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана – елдің алтын Шаңырағы!

Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына «Бәйтеректің» құт дарыған
Шапағат шам шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан
Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.

Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін! Келген әрбір қонақтарды шаттыққа бөлейтін жерлері көп болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Қараой мектеп - бала бақшасы
Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×