Сайтқа кіру Тіркелу

Рухани келісім – татулық тірегі, тұрақтылықтың іргетасы

Тақырыбы: «Рухани келісім – татулық тірегі, тұрақтылықтың іргетасы»

Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;

Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ән: Дос болайық бәріміз
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Би: Көк пар

Қорытынды
Мұғалім сөзі: Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз.

Егемендікті егелеген кезеңде талай елдер қақтығыстар мен қантөгістерге жол беріп алса, біз бірлігіміздің арқасында тірлігімізді түзедік, көркейдік. Бұл Елбасының сындарлы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының, соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл толеранттылығының жемісі екені даусыз.

Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта – ниеті асыл, тілек – армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі. Сол себепті бабаларымыздың: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда – ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан ғой. Ұлан байтақ Қазақстан елі көп ұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан мемлекет екені баршаға мәлім. Алла тағаланың жақсылығы және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті ұлттар мен ұлыстар өзара ауыз бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүріп келеді.

Адамдардың түрлі ұлт – ұлысқа бөлінуі, бір – бірімен жер немесе мал – дүниеге таласып, ұрыс – жанжалмен өмір сүруі емес, қайта олар бір – бірімен танысып, қамқорлық жасап, өзі халифа болған уақытта елін өркендетуге шақыруы ләзім. Алла тағала құзырында абыройға мал – дүниемен емес, қайта Алла тағаладан қорқумен және жіберген әміріне мойынсұнумен жететінін айтқан жөн.

Бейбітшілік келісім сарайдың сәулет жобасына халықаралық байқау жарияланды. Байқауға мейлінше қатаң талап қойылды, соған сәйкес ұсынылған жобалардың талайы талғамнан шықпай қалды. Төрт турдан соң ғана жеңімпаз анықталды. Есімдері әлемге танылған көптеген сәулет шеберлерінің арасынан ағылшын Норман Фостер үздік шықты.

Британия сәулетшісі ұсынған идея әрі тосын, әрі таныс еді, ол пирамида үлгісін таңдаған. Бұл идеяны қостағандар «мәңгілік» ұғымына мән берді. Египет пирамидаларының мәңгілік нышанына айналғанын әлем мойындайды. Ендеше осы құдіретті тоғыстыру ұтқырлық та, көрегендік те.

Форестердің пирамидасы осындай терең астарлы бола отырып, қазіргі заманғы кескін табуға тиісті. Сәулетші мұны жете ескерген.
Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларынан керілген. Олар биіктей келе тот баспайтын бұрандалармен бекітілген де, алдын ала ойластырылған жоба бойынша кескінді өрнектер құраған.
Зәулімнің ұшар шыңы шынымен көмкерілген, сол жерден төгілетін күн сәулесі пирамиданың барлық кеңістігін нұрландырады. Жарық төменгі техникалық қабатқа да түседі.

Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бірінші қабатқа көп қырлы, 1500 орынды зал орныққан. Мұнда алуан түрлі басқосулар: халықаралық деңгейдегі съездер мен конференциялар шақыруға, ойын - сауық, сахналық думандар, опера - балет қойылымдарын ұйымдастыруға болады. Залдың акустикасы айрықша, осында отырып көне грек амфитеатрларында тұрғандай сезінесің.

Бесінші қабатта, пирамиданың биігінде әлемнің төрт құбыласын білдіретін төрт көтерген ақшаңқан дөңгелек күмбезшенің астында 200 орынды көркем зал көз тартады. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кейінгі форумдары осы жерде Республика Президентінің қатысуымен өтеді.

Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
— Сенің ұлтың кім?
— Қырғыз.
— Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
— Менің өз елім – Қазақстан.
— Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
— О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
— Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
— Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
— Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
— Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
— (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
— О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату - тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
— Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
— (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

Ән: Дос болайық бәріміз
Би: Көк пар

Қорытынды: Бұл күн елімізде 1992 жылғы 18 қазаннан бері жыл сайын атап өтіліп келеді және Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі болып есептеледі.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі

Рухани келісім бірлік пен тұрақтылық кепілі

Тәрбие сағаттың білімдік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы конфессионалдық жағдай, діни сенім бостандығы туралы түсінік, дінаралық қатынастардағы...
Татулық достық киелі бесігі

Татулық достық киелі бесігі

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер! Қазақстан мемлекеті көп...
Татулық достықтың киелі бесігі

Татулық достықтың киелі бесігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мейрманова Жансая Төленбекқызы...
Татулық - достықтың киелі бесігі

Татулық - достықтың киелі бесігі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі -...
Ынтымақ - достық кепілі

Ынтымақ - достық кепілі

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты информатика-математика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович Ынтымақ - достық кепілі Ынтымақ-...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×